№3
Облыстық балалар оңалту орталығының
логопеді,
Асқарқызы Гүлнұр
Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы,
Жүргенов
көшесі 1 «В»
Байланыс
телефондары: 8(724
32)4-37-58
87018647236
Сабақтың
тақырыбы:
«З»
дыбысын айтуға машықтандыру.
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік.
«З»
дыбысын сөзде арасында, басында, аяғында
дұрыс айтуға машықтандыру.
2.
Түзете-дамытушылық.
Балалардың
сөздік-логикалық ойлауын, ұсақ қол
моторикасын, фонематикалық есту қабілетін
дамыту, белсенді және енжар сөздік қорын
молайту.
3.
Тәрбиелік.
Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ
түрі:
Жеке
Қажетті
құралдар:
Айна,
гигиеналық орамал, т.б
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Дыбысты
анықтау және сипаттама беру кезеңі
Бүгін
біз «З» дыбысын дұрыс, анық айтуды
үйренеміз. «З» дыбысын айтқан кезде
еріндір
күлкіге тән, сәл керіледі. Тістер
жақындасқан қалыпта болады, Тілдің ұшы
төменгі тістердің артында тұрады; дауыс
перделері бірігеді және тербеліске
түседі. Ауа ағыны жылы болады екен.
Бүгін
бізге қонаққа Зази деген қыз келіпті.
Бұл қыз достарынан адасып қалыпты.Зазиға
достарына дейін баруға көмектесемізбе?
Қазір
сағат бір екен, үшке дейін Зазиді
достарына апарайық жарайма?Олай болса
мына тапсырмаларды бірге орындайық.
Артикуляциялық
жаттығулар жасау.
«Ат
шауып келеді»
- Күлеміз, аузымызды ашамыз, тілдің ұшын
таңдайға апарып тақылдатамыз.
«Тарақ»
- Ауыз ашық, тісімізбен тілімізді
тараймыз.
«Әткеншек»
- Ауыз ашық, тілімізді жоғары таңдайға
тигізіп, содан соң астыңғы тістің артына
тигізу қажет.
«Тіс
тазалаймыз»
-
Күлеміз,
аузымызды сәл ашып, тілдің ұшымен оңға,
солға қозғалтып тістердің ішкі жағынан
үстіңгі тістерді тазалаймыз
«Моншақ»
- Күлеміз, аузымызды кең ашып, тілдің
ұшымен моншақты оңға солға жылжытамыз.
Дұрыс
тыныстауды қалыптастыруға арналған
жаттығу
-
Нұрислам мына жерде жасырылған бір
сурет бар екен.Ол ненің суреті екен.
-
Зы-мы-ран екен.Қане енді мына зымыранды
ұшырып көрейік. Мұрынмен терең дем алып,
ауызбен шығарамыз.
«Поле
чудес » ойыны
«З»
дыбысы бар сөздерді дұрыс айтып үйренеміз
Зебра,
зырылдауық, қазан, сәбіз, қаз, зымыран,
Фонетикалық
жаттығу
Ал,енді
тоқылдақ досымыз бізге тапсырмалар
әкеліпті бірге орындайық.
Тышқынды
ініне дейін та- та та
Тауықты
кепесіне дейін те-те-те
Тотықұсты
ұясына дейін то- то-то
Тиінді
ұясына дейін ти-ти-ти , деп буындарды
анық, қатты дауыстап айтайық.
«Ұйқасын
тап» дидактикалық ойыны
Ойын
мақсаты: Бейнелік-логикалық ойлауын,
белсенді және енжар сөздік қорын дамыту.
Ойын
барысы: карточкадағы суреттерді ұйқасымен
айту.
Сергіту
сәті
Слайдтағы
іс қимылды музыка әуенімен қайталаймыз..
III.
Бекіту.
«Көңілді
зырылдауық» ойыны
Ойын
мақсаты: Баланың сөздік-логикалық
ойлауын, белсенді және енжар сөдік қорын
дамыту.
Көрнекілігі:
зырылдауық, суреттер
Ойын
барысы: Зырылдауықпен зырылдап барған
суретке әңгіме құраймыз.