400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Заңдылықтар" 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.4.3.1. 20-ға дейінгі сандар тізбегін ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні :7.12.16ж

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Заңдылықтар (1)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.3.1. 20-ға дейінгі сандар тізбегін ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

Басым бөлігі: 100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символ-дан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;

Кейбірі: іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды; сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбектерін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Бағалау критерийлері

-20 көлеміндегі сандарды тізбектей орналастырады.

-Тізбектердің заңдылығын анықтайды және жалғастырады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар

заңдылықтар

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

видеоролик

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

-Қайырлы таң ,көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды)

-Қайырлы таң ,құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды)

-Қайырлы таң ,қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарын 3 рет шапалақтайды)

-Қайырлы таң ,аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқтарымен 3 рет қозғалту)

-Қайырлы таң ұстазым!

-Мен ояндым! (күлімсіреп күнге қолын созады)

Топқа бөлінеді:3 тілділік тұрғысынан (қазақ-1,орыс-2,ағылшын-3)3 топқа бөлінеді.





Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

10 минут



Тізілген моншақтар арқылы заңдылықтар сақталған ба анықтайық.

Топтық жұмыс

1-топ 1-тапсырма

Стикерлер арқылы заңдылықты сақтай отырып фигураларды орналастыру.

2-топ 1-тапсырма

Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен орналасқан,орындайық.

3-топ 1-тапсырма

Заңдылықты сақтап сандар қатарын жалғастыр

1-топ 2-тапсырма

Заңдылықты сақтай отырып бір көшенің бойындағы үйлердің нөмерін жаз11........

2-топ 2-тапсырма

Заңдылықты сақтай отырып бір көшенің бойындағы үйлердің нөмерін жаз10........

3-топ 2-тапсырма

Заңдылықты сақтай отырып бір көшенің бойындағы үйлердің нөмерін жаз2........



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Түрлі-түсті қағаз,желім,

Қайшы,асық

Сергіту сәті

1 минут

Апельсинді аршимыз,

Біл бөлігін атама беремін,

Бір бөлігін әжеме беремін,

Бір бөлігін әкеме беремін,

Бір бөлігін анама беремін.

Бір бөлігін өзім жеймін.

Қабығын қасқырға тастаймыз.

Қасқыр ашуланды,

Біз қашып, тығылдық.

Балалар жұдырығын түйеді, саусақтарын салалайды, сілкілейді, екі алқандарымен біріктіріп, үй жасап отыра қалады.


Сергіту сәтіне арналған жинақ



Қызықты тапсырма

8 минут


8минут


ЖЖ.Слайдпен жұмыс

1.Анықта

Мысалдар неге осы ретпен орналасқан.

2.Орындап көр

Алашаның жиегінде шетінде қандай түсті жолақ болады?

3.Ойлан

Сандар тізбегін оңға және солға қарай жалғастыр

Дәптермен жұмыс

Қосымша тапсырма

Дискриптор:


Дескриптор:


Білім алушы

- заңдылығын анықтай отырып,

моншақтарды жалғастырып бояйды.




Оқулық,

Жұмыс дәптерлер,

тапсырмалар


Сабақтың соңы

2 минут



-неше жастасың?

-Өткен жылы нешеде болдың?

-келесі жылы нешеге келесің?

Рефлексия

Өз кішкентай адамын салып сабақтың ұнағаны не ұнамағанын білдіру


Қағаз

Бағалау 1мин

Жинаған құнды қағаздарын қайырымдылық қорына салу



Доллар




Мырзагулова Гульнара Турегелдиевна №70 мектеп



Бөлімше 4.3 «Тізбектер»

Оқу мақсаты:


1.4.3.1** 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Анализ

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

  • 20 көлеміндегі сандарды тізбектей орналастырады.

  • Тізбектердің заңдылығын анықтайды және жалғастырады.

1-тапсырма


Берілген сандарды вагондарға өсу ретімен орналастырыңыз.


3, 9, 15,7, 11, 5, 13, 17




Дескриптор:




Білім алушы

- 20 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жазады.

2-тапсырма


Заңдылығын анықтай отырып, моншақтарды жалғастырып бояңыз.




Дескриптор:




Білім алушы

- заңдылығын анықтай отырып, моншақтарды жалғастырып бояйды.





















Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:


Мектеп: № 70



Мұғалімнің есімі: Г.Мырзагулова

СЫНЫП: 1 «г»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:





Ресурстар:

  1. моншақтар;

  2. жіпке тізілген түрлі түсті моншақ;

  3. үлкен түймелер, кішкене түймелер;

  4. кілемшелер;

түрлі түсті қарындаштар;

Тірек сөздер

заңдылықтар.


Сабақтың мақсаты:


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Заңдылық дегеніміз — кез келген заттардың немесе сандардың белгілі бір ретпен орналасу ере-жесі. Берілген тапсырма бойынша заңдылықты жал-ғастыру үшін оның қандай ережемен құрылғанын анықтап алу қажет. Сабақта заңдылық ұғымының мән-мағынасын ашу, заңдылықтың сақталғандығын анықтау, қатарлардың заңдылығын сақтап санау жұмыстарын жүргізу көзделеді.

Оқушылармен бірлесе отырып, сынып бөлмесін-дегі заттарды зерттеңіз, cанауға болатын заттарды анықтатыңыз. Заңдылыққа байланысты санау түрле-рін (жұп, тақ сандар) қолданыңыз. Заңдылықты сақ-тай отырып, сыныптағы заттарды санатыңыз. Мыса-лы, оқушылардың дәптерлерін ретімен, екіден санауды көрсетіңіз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз.

Әрбір жұпқа екі дәптерден бөліп беріңіз.Кіріспе тапсырма. Ортаға бірнеше оқушыны шақырыңыз. Оқушылардан бойы бойынша заңды-лықты сақтап, сап құрып тұруды өтініңіз. Заңдылық-тың сақталуына ерекше мән беріңіз (бойларының өсуіне, кемуіне байланысты тұруды қарастырыңыз).

Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Олардың алдына санау ресурстарын үлестіріңіз. Олар жіпке тізілген түрлі түсті моншақтар, түймелер болуы мүмкін. Жұп болып отырған оқушыларға жіпке тізілген моншақ пен түйменің түстеріне қарай немесе пішініне қарай қандай заңдылық бойынша тізілгендігін анықтаты-ңыз. Мысалы, моншақ тізбегінің ақ, қызыл, көк түспен берілгендігі немесе түйме тізбегінің екі үлкен, бір кішкене түймелер арқылы берілгендігін атап айту керек. Берілген тізбектегі моншақтарды жұппен санай отырып, жұп және тақ сандардың арасындағы заңдылықтарды қайталатыңыз.

Мысалы, моншақтар тізбегін жұп сандар арқылы санатыңыз: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14 т.с.с.


Тақ сандар арқылы санатыңыз: 1, 3, 5, 7, 9 т.с.с. Сіз оқушыларға заңдылықтардың әртүрлі түрле-рін интерактивті тақтада көрсетіп, заңдылықтар-ды моншақтар немесе түймелер арқылы қайталап көрсетуді сұраңыз.


Оқушылардан заңдылықты табу үшін тағы басқа қандай әдістерді қолдануға болатынын сұраңыз. Оқушыларға үштен санауды ұсыныңыз. Түйме тізбегін үштен санап көрейік деп, үштен санатыңыз: 3, 6, 9, 12, 15, 18 т.с.с. (oқушылар өздерінің басқа нұсқаларын айтуы мүмкін.) Заңдылық туралы түсінік беру үшін оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Заңдылыққа қатысты ережені түсіндіру үшін тапсырмаларды орындамай тұрып, сурет түрінде берілген және оған сәйкестендіріп жазылған сан-дар түрінде берілген заңдылықты барлық оқушыға түсіндіріңіз. Интерактивті тақтада мысал келтіріп көрсетіңіз:

а) қыс, көктем, ... (заңдылықты жалғастыруды сұраңыз);

ә) таң, күн, ...

б) қызыл, қызыл сары, сары ... (кемпірқосақтың түстерін жалғастырып айтқызыңыз);

в) қуыршақ, мәшине, доп, қуыршақ,

Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен ор-наласқан? “Заңдылықты жалғастыр” тапсырмасы бойынша оқушылардың назарын суретке аудары-ңыз. “Суреттегі асықтар қалай орналасқан?” деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың ой-пікірін тыңдаңыз. Оқушыларды суреттердің белгілі бір ереже бойынша орналасқаны туралы қорытындыны өз бетінше жасаулары үшін жетелеңіз. Келесі сан-ның қандай болатынын тауып, жауабын тыңдаңыз. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз. Қабілеті жоғары оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас қосымша тапсырмалар құрастырып айтуды ұсыныңыз.

Жауабы:

2, 4, 6, 8, 10, 12, ...

Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жал-ғастыр. Тапсырмасын сан қатарындағы заңдылықты тауып, жалғастырып айтуын ұйымдастырыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Интерактивті тақтада жауабын көрсетіп, өзін-өзі тексеруге жаттықтырыңыз.


Жауабы:


14, 12.


Шығарып көр. Бұл айдармен берілген тапсыр-маны орындауда үйге берілетін нөмірлерді жазу үшін де заңдылық қолданылатынын көрсетуіңіз керек. Үйлерді нөмірлеуге қандай сандар қолданылғанын нақтылатыңыз. Осы үйлерге қарама-қарсы жағын-дағы үйлердің нөмірлері қандай болатынын топпен талдатып, жауабын топтағы бір оқушыға айтқызып, нәтижесі үшін барлығы жауапты болатынын ескертіп, топпен жұмыс жасай білуге үйретіңіз.


Жауабы:


15, 17, 19, 21.


Мысалдар неге осы ретпен берілген? Анықта.


Оқушыларға тапсырманы топта орындауды ұсыны-ңыз. Олардан барлық мысалдарды жеке параққа шығаруды сұраңыз. Содан кейін топпен мысалдар неге осылай тұрғанын талдауды ұсыныңыз. Топтағы өз болжамын айтып беруді сұраңыз. Оқушыларға, егер мысалдардың біреуінің жауабы екіншісінің басы болып келсе, онда мұндай мысалдардың дөңгелек мысалдар деп аталатынын хабарлаңыз. Оларға ұқсас дөңгелек мысалдар құрастыруды ұсыныңыз.


Орындап көр. Заңдылықты сақтай отырып ала-шаны бояу үшін оқушыларды жұпқа бөліп, осын-дай қағаздан жасалған алашаны таратып беріңіз. Жұптағы оқушылар алашадағы заңдылықты анықтап алады. Сурет бойынша оқушы алашаның ортасы-нан бастап боялғанын байқап, екі жаққа қарай бояу керектігін анықтайды. Тапсырманы бірден орындау қиындық туғызса, оны талдатыңыз. Боялған ала-шадағы заңдылықты сандармен жазғызыңыз. Топ-пен тексертіңіз. Алашаларды тақтаға ілгізіп, оларды үзілісте көруді ұсыныңыз.

Ойлан. “Сандар тізбегін” оңға және солға жалғастыру үшін көрсетілген сандар арасындағы заңдылықты тапқызып, сол заңдылық бойынша жал-ғастыртып айтқызыңыз. Тапсырманы орындау қиынға соққан оқушыларға 9-дан кейін келетін санды бірге талдау жүргізе отырып, табуға көмектесіңіз.

Жауабы:

1, 3, ..., 11, 13, 15.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың тірек сөздерді есінде жақсы сақтауы және тақырыпты бекітуі үшін ойын түрінде мынадай жұмыс ұйымдастыруға болады.

Оқушыларды төрт топқа бөліңіз. Әр топқа заң-дылық құрастырып, сергіту сәтін ұйымдастыруды тапсырыңыз. Сергіту сәтін заңдылық сақтап, ретімен орындауды талап етіңіз. Сонымен қатар сергіту сәтін жүргізу барысында “заңдылықтар” сөзін айтқызып отырыңыз.

Суретке қара. Берілген сан қатарын жалғасты-рып жаз. Берілген заңдылықтың сақталуына көңіл бөле отырып, осы заңдылықты жалғастырып жазуын бақылаңыз. Бірінші және екінші сандар қатарындағы заңдылық барлық оқушыда бірдей болу керек. Ал үшінші заңдылықты екі түрде жазуы мүмкін.

Жауабы:

10, 20, 30, 10, 20, 30 немесе 10, 20, 30, 40, 50 және т.с.с. Кез келген нұсқа дұрыс.

Суретте берілген заңдылықты тауып, қатар-ды жалғастырып жаз. Тапсырма оқушылардың

заңдылық деген ұғымды қаншалықты ұққанын байқау үшін берілген. Фигуралар мен сандар арасындағы заңдылықты көріп, дұрыс таба білу, заңдылық тек сандар немесе заттардың орналасуында ғана бол-майтынын, оны басқаша құрастыруға да болатынын көреді.

Суретті жалғастыр. Оқушылар тапсырманы заңдылықты қалай түсінгеніне байланысты өз заң-дылығын құрастырып, заңдылыққа сәйкес моншақты қалаған түспен бояйды.

Өрнек. Оқушылар өз беттерінше геометриялық фигуралардан өрнектердің суретін ойластырып, оны салуы тиіс. Олармен алдын ала “солға”, “оңға”, “ішінде”, “сыртында”, “арасында” және т.б. ұғымды қайтала-ңыз. Содан кейін тапсырманы кезеңмен орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң оқушыларға бір-бірінің жұмысын көруге мүмкіндік беріңіз. Ол үшін олардың жұмысымен көрме ұйымдастырыңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

• берілген заңдылықтарды анықтап, оларды жал-ғастыруды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақ беріп, жауаптарын тыңдаңыз:

— Заңдылық деген не?

— Заңдылықты көрсетуге мысалдар келтір.

— 1, 2, 3, 1, 2, 3 ... түріндегі мысал заңдылық па? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі