жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Зәр шығару жүйесінің мүшелері
Авторы: Оразаева Шынар Болатқызы
"ӨСКЕМЕН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" ШЖҚ КМК мұғалімі\
Ашық сабақ жоспары:
-
Топ: МІ 101-2020ж.
-
Күні: 22.12.2021ж.
-
Жұмыс бағдарламасынан көшірме:
- сағат саны: 6
- білу керек:
-Адамның зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметтері
-Бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу.
-Зиянды заттардың бүйрекке тигізетін әсерін және зәр шығару мүшелерінің ауруларын біледі.
-істей білу керек:
-Зәр шығару жүйесінің құрылысы құрам бөліктерінің қызметтерін сипаттау
-Плакаттан зәр шығару жүйесінің құрылысын көрсету
5. Тәжірибелік сабақ мақсаты:
1. Білімділік - зәр шығару жүйесі ағзаларының құрылыс ерекшеліктерін, орналасу орындарын, қызметтерін, патологиясын түсіндіру.
2. Дамытушы – тақырып бойынша оқушылардың білімін тереңдету. Жалпы білім сапасын жоғарылату. Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілетін арттыру Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға бағытберу, оқуға қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік - пәнді білім алушыға толық қамтуына көмектесе отырып, жұмысқа жауапкершілікті, өз білімін және ойын толық жеткізуге , басқалардың ойын сыйлауға үйрету.
6. Тәжірибелік сабақтың жабдықталуы: муляждар, тест, слайдтар, бейнефильмдер, плакаттар.
7. Практикалық сабақ хронокартасы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: - 5 мин:
1.Сабаққа қатысушыларды түгендеу;сабақ өту барысын түсіндіру.
II. Оқушылардың білімдерін бағалау: – тест 10 мин.
III.Білімдердің өзектіленуі немесе жаңа материалды оқыту: ауызша талдау студенттерге ситуациялық жағдай жасай отырып:
-
Презентация , слайд , видео арқылы жаңа материалмен таныстыру
Зәр шығару жүйесіне
кіретін мүшелер
2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі
Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды
реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі
қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын
сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі
тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға
тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа
түседі.
Несеп ағар – трубка тәрізді
орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30
см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі
қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет
талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері
қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек
пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші
жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады.
Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан
тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр
шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа
шығарылады.[1] Ер адамдардың
несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару
және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің
бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет
сындырады (шамамен 1,5 л-дей).
Зәр - ашық сары
болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе
қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни,
ақау пайда болғандығын білдіреді.
Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.
○ Бүйрек – су, тұздар, зат
алмасудың қалдық өнімдері, бөгде заттар, улы заттар шығарылады.
○ Тері
бездері – су, тұздар
бөлінеді.
○ Өкпе –
СО2, Н2О ұшқыш заттар(эфир, хлороформ) булары шығарылады
○ Тоқ
ішек – өт пигменттері,
ауыр металдардың тұздары (кальций) шығарылады.
Зәр
шығару жүйесіне 2 бүйрек, 2
несепағар, қуық, зәр шығару өзегі жатады.
Бүйрек зәр шығару жүйесіндегі негізгі мүше.
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі –
нефрон.
1. Бүйректің ең
негізгі қызметі – сүзгіштік
2. Қан мен басқа да
сұйықтықтың құрамын реттейді
3. Бүйректе зәр
(несеп) түзіледі
4. Ағзаның ішкі
ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды
5. Су мен тұздың
мөлшерін зерттейді
6. Қандағы тұз
концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық
қысымын зерттейді.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер
бүйрек , несепағар, қуық, зәршығару өзегі
Видео – 7 мин
-
Топтық жұмыс
«Кім жылдам» әдісі
1.Қандай мүшелер арқылы зат алмасудың соңғы өнімдерін шығарады? (Бүйрек)
2.Зәр шығару қандай мүшелерден тұрады? (Бүйрек, несепағар,қуық)
3.Зәр қайда жинақталады? Оның қабынуы , патологиясы? (Қуықта, цистит жедел жане созылмалы)
4.Бүйректе түзілетін сұйықтық?Қандай зерттеу әдістерін білесіздер? (Зәр, Зәрдің жалпы анализі, Нечипоренко, Зимницкий әдісі бойынша)
5.Бүйректің негізгі құрылымдылық қызмет атқаратын мүшесі? (Нефрон)
6.Үрмебұршақ тәрізді жұп мүше. Шумақтарының қабынуы? (Бүйрек, гломерулонефрит)
7.Зәр не арқылы шығарылады?Қабынуы? патологиясы? (Зәр өзегі, уретрит)
8.Бүйрек сырты қандай затпен қапталған? Қыртысты қабатының қабынуы? (Қоңырқай қыртысты қабатынан, пиелонефрит)
-
Жұптық жұмыс
Кесте толтыру
|
Зәр шығару мүшелері |
бүйрек, несепағар, қуық, және зәр шығару өзегі. |
|
Бүйрек венасы |
қанды бүйректен алып шығады |
|
Бүйрек үсті бездері |
ішкі секреция бездеріне жатады |
|
Бүйрек артериясынан тарайтын |
ұсақ қан тамырлары - артериолалар бір бірден капсулаларға енеді |
|
Зәр түзілудің екінші кезеңі |
капилляр торымен қоршалған бүйрек өзекшелерінде жүреді. |
|
Бүйрек |
-үрмебұршақ пішінді жұп мүше |
|
Бүйрек арқылы |
Тәулігне 1500-1700лқан ағып шығады |
-
«Сәйкестігін тап » әдісі
Зәр шығару мүшелері мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіріңіз.
1.Бөліп шығару мүшелері А. Сыртқы
2. Бүйректің функционалдық бірлігі В.Ішкі
3. Бүйректің атқаратын қызметі С. Бүйрек, тері, ішек, өкпе
4. Бүйректен кейінгі орналасқан мүше Д. Жіңішке жіпшелер
5. Қоңыр қызыл қыртысты қабат Е. Несепағар
6.Ашық қоңыр ми қабаты Ж.Нефрон
7.Бүйрек пирамидалары З. Зәрді түзу
IV. Материалды бекіту (45-50 мин):
«Суреттер сыры» әдісі. Суреттен санмен көрсетілген бүйректің құрылымдық бөліктерін тауып жазыңыз. Патологияларын атап көрсетіңіз.

«Кім жылдам» әдісі:
1. Өзі сондай сүйкімді
Денедегі барлық қанды қабылдауға икемді (бүйрек)
2. Кішкене ғана тостаған
Зәр бөлуді бастаған (бүйрек)
3. Жалғастырар қуық пенен бүйректі
Қызметі ағызады несепті (несепағар)
4. Құрылысы шым - шытырман иректі
Атқарады қызметін бүйректің (шумақша)
5. Байланысты жатыр менен қынапқа
Зәр толғанда ұқсайды ол алмұртқа (қуық)
6. Ұқсайды ол шүмекке
Өтеді одан тек зәр емес шәуетте. (шәует шығарушы өзек)
V.Қорытындылау: 10 мин қорытынды тест студент білімін бағалау.
VI. Үй жұмысы: Репродукция жүйесің анатомиясы.
Репродукция жүйесің физиологиясы.
Еркек әйел жыныс ағзаларының аурулары.
Әдебиеттер тізімі:
1. Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы.
2. Синельников Р.Д., Синельников Я.Р. Атлас анатомии человека.
3. А. Рақышев «Адам анатомиясы» Атлас

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген