400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ зат есім

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

ә) дамытушылығы: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелілігі: Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, суреттер, слайдтар, шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың жүру барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты төрт топқа бөлу «Бірлік», «Достық», «Татулық», «Ынтымақ»

Амандасу: Күн нұрындай әсем,

Бас иетін барша әлем.

Нұр ойнаған жүзінде,

Ұстаздарға бір сәлем.

Психологиялық дайындық:

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

II Үй тапсырмасын тексеру

315-жаттығу

III Үй тапсырмасын бекіту

  1. Түбір сөз дегеніміз не?

  2. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?

  3. Қосымша нешеге бөлінеді?

  4. Жұрнақ деген не?

  5. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата

  6. Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?

  7. Сөз таптарын ата

IV Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын,

Сөйлемдегі ой иесі боламын.

Не істеді? сұрағымен

Көркейемін, толамын.

-Бұл қай сөз табы деп ойлайсыңдар?

-Зат есім

-Ендеше зат есім туралы білетінімізді есімізге түсірейік.

V Оқулықпен жұмыс

317-жаттығу. Суреттегі заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шештіру. Сол сөздерге сұрақ қойғызу.

(қыз, шаңырақ, түйе, шеге, сандық,бүркіт, домбыра)

-Бұл сөздер тобын не деп атайды?

318-ж. Мақалдарды көшіріп жаз. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

  1. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

  1. Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

Shape1 Ереже шығарайық!

Shape3 Shape2

Shape4

Зат есім


Shape7 Shape6 Shape5

Shape8

Shape9

VI Сергіту сәті

319-ж Ойын: Бұл не?

Сызбаның орнына не? сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

------------------- үреді. -------------------ұлиды. ------------------қарқылдайды.

------------------ шақырады.

320-ж Ойын: Кім көп біледі?

Сөздерді оқы,кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.

VII Шығармашылық тапсырмалар

1-топ «Дәл жауап»

Кім?-------------------------------------

Не?--------------------------------------

Кімдер?--------------------------------------------

Нелер?----------------------------------------------

2-топ «Ойлы сөйлемді аяқта»

------------------------------ кітапханаға барды. Орманда түрлі -------------- жүр ---------------------------- компютерді үйренді. -------------------- пісіп тұр еді.

3-топ «Ұйқасын тап»

Аппақ доп тауып,

Шақырды ақ .............(тауық)

Алмастан тыным,

Шабады..................(құлын)

Өзінше ноян

Қорқақ..................(қоян)

4-топ «Сөз ойла, көп ойла»

Құстар:-------------------------

Аңдар:---------------------------

Туыстық атаулары:-------------------------------------------------------

VIII Бейнежазба көрсету

IX Сабақты қорытындылау

  • Бүгін қандай сөз табымен таныстық?

  • Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

X Үйге тапсырма

321-жаттығу. Ереже жаттау

XI Бағалау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі