400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есім 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім. Тұсаукесер жыры.

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамеджанова М.К.

Күні: 20.02.2020.

СЫНЫП: 2 «А»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Зат есімдерді таба алады. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады, басқа балаларға түсіндіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, математика, дүниетану.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

-Сәлемдесу. Балалар, қазір бізде қай сабақ?

-Қазақ тілі.

-Біз сендермен гүлдердің түсі бойынша 4 топқа бөліндік.

Топтарға бөлу.

Себетпен гүл әкелу. Оқушыларға себеттен гүл алуларын сұраймын. Гүлдің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

4-топ «Тоқ сары гүлдер»

-Балалар, топқа бөлінгенде әр топтың өз Топ басшысы болады, ақылдасып топ басшысын сайлаңдар.

-Қане, сайладық па, сендердің топтарында кім топ басшысы болады? Сұрау.

-Ендеше, бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларға байланысты топ басшымыз бағалап сабақ соңында алған ұпайымызды айтып береді. Бағалау парағын тарату. Әр топ басшыға бір-бір бағалау парағы берілді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.


Топқа бөлініп отырады












Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

-Ендеше, балалар, біздің топқа бөлінуіміздің себебі неде? Біз қазір бір-бірімізді қалай бағалаймыз. Мына тұрған ақ параққа өзіміздің ұнататын гүліміздің суретін саламыз да оны әдемілеп бояймыз. Оны бір-біріміздің тобымызға беріп бағалаймыз.

-Қай топ болды? Қол шапалақтау. І топ. ІІ топ аяқтаймыз.

-Суреттерді ауыстырып бағалау. Балалардың жауабы тыңдалады.

-Гүл сөзіне сұрақ қояйықшы. Не?

-Ендеше біз сендермен қай сөз табын өтеміз. Зат есім.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

-Балалар, сендердің алдарында кесте тұр, сол кестені сұрақтарға жауап бере отырып, топпен бірігіп толтырасыңдар.

Кестемен жұмыс


Сөз табы

Зат есім

Мысалы

Сұрақтары:




Нені білдіреді?




Адамға қатысты сұрақтары:



Заттар мен жануарларға қатысты сұрақтары:



Жалқы есім сұрақтары




Жалпы есім сұрақтары




Жекеше түрінің сұрақтары




Көпше түрінің сұрақтары





-Қай топ болды?

-Топтар бір-бірін бағалайды.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

-Балалар, заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, заттар мен жануарларға қатысты сөздерге не? нелер? деген сұрақ қойылады.











Кестемен жұмыс













Топтар парақты ауыстырып бір-бірін бағалайды.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

-Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен жұмыс.

-Балалар, өлеңді мәнерлеп оқиды.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен
қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда
үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас
балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген
малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран
жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды
қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

-Өлеңнен кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап, зат есімдерді тауып астын сызады. Дәптерге жазып алады.


Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: бұлбұл, орындық, Асқар, мұғалім.

Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен т. б. Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер - су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.


Бағалау


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

-«Ортадан қалам алу» стратегиясын қолданамын. Бұл стратегияда оқушылар өз топтарының ортасына қаламдарын қояды. Мен кез келген қаламды алып таңдаймын. қаламның иесі мен айтқан тапсырманы орындайды. Тапсырма: Мен зат есімді атаймын. Оқушы сол зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстырады, тіркестіреді. Мысалы: зат есім+сын есім, зат есім+сан есім, зат есім+етістік. Көйлек - қызыл көйлек, төрт көйлек, көйлек тікті.

Бұл стратегияны топ мүшелері «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.












Кері байланыс

3 минут


Бағалау парағы арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.


Кері байланыс кемесі

Үйге тапсырма: 23 жаттығу, 48 - бетте.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі