400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Зат есім" 2 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бейнеу орта мектебі»КММ







Ашық сабақ



Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы:«Зат есім»

Сыныбы: 2 «В»

Дайындаған: Атчыбаева Айзада













Бейнеу – 2017ж

Сабақтың тақырыбы: Зат есім Күні: 01.02.2017 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Тәрбиелік: Мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды жан - жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Топтық сайыс (Аралас сабақ) Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау топтастыру, ойын, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, оқулық, стикер, смайлик, А3
Пәнаралық байланыс: сурет,математика, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу 2. Топқа бөлу ( қағазға конфеттерді орап, оқушыларға таңдату арқылы үш топқа бөлу)
3. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
315 - жаттығу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Сөздерді өз үйшігіне кіргіз» ойыны
Сөз таптары:
Зат есім, сын есім ,сан есім ,етістікке жауап беретін сұрақтарды өз үйшігіне апару
ІҮ. Жаңа сабақ
1.Сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру. Зат есім

















З














А











Т



























Е














С










І














М


































2. Суретке қарап, суреттегі заттардың атына сұрақ қойғызу. Дәрігер – кім ?, аспазшы – кім? , ұшқыш – кім? Машина – не?, аю – не?, ағаш – не? Осы суреттерге жауап берулеріңе қарай ереже шығарып көрелік. Адамның аты – жөніне, мамандығына, туыстық атауларға яғни адамға қатысты сөздерге кім?, Кімдер?, жануарлар мен заттарға не?, нелер? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Кім ? – бала , дәрігер, Индира. Кімдер? – Балалар, қыздар, оқушылар. Не? – парта, дәптер,гүл. Нелер? – кітаптар, аңдар, киімдер.

Ү. Жаңа сабақты бекіту
Танымдық жаттығулар
318 - жаттығу 
Мақалдарды көшіріп жаз
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.


319 - жаттығу
Сызбаның орнына не? Сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ит (Не?) үреді. Қасқыр (Не?) ұлиды. Қарға (Не?) қарқылдайды. Әтеш (Не?) шақырады.

Сергіту сәті: Видео Би (Жұмыр қылыш)
Топтық тапсырма 320 – жаттығу
І топ: Зат есім Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу (сатушы,дәрігер,ұста, ата) ІІ топ: Зат есім Не? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу (кітап, парта, түлкі, ағаш,қарға) ІІІ топ: Зат есімге жатпайтын сөздерді теріп жазу (келді, жоғары, дөңгелек,тәтті, жатыр, әдемі, ұзын)
VI.Қорытынды: «Өз иесін тап» ойыны.Музыка ойнап тұрады. Әр топтан бір оқушы шығып, жемістерде жасырылып тұрған сөздерді оқып, сұрақтарға сәйкес себетіне салады (Кім?, Кімдер?, Не?, Нелер?) VII. Үйге тапсырма: 321 – жаттығу VIIІ. Бағалау: Смайликтермен бағалау ІX.Рефлексия



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі