400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Зат есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Қазақ тілі пәні бойынша "Зат есім" тақырыбына жасалған жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні: 17.01.2019

Сынып: 3-сынып

Мектеп: №174 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ

Мұғалімнің аты-жөні: Мұратжанқызы Гүлмина

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіреді. Өз ойын жазбаша жеткізеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

-Мәтін бойынша пікірін білдіреді.

-Ойын жазбаша жеткізеді.

-Негізгі ойды анықтайды.

-Сұрақтар құрастырады.

-Постер құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар, постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.


Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы







Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Айна әдісі»

Аквариум әдісі

Ал енді балалар кешегі сабаққа аквариум әдіс арқылы шолу жасайық. Біз жасап тұрған шеңбер аквариум сыртындағы әліем, ал шеңбер ортасы аквариумның ішкі әліемі. Осы аквариумға қазір мен балмұздақ таяқшалары арқылы таңдаған оқушылар кіреді. Аквариум сыртындағы балалар , аквариум ішіндегі балалаларға сұрақтар қою арқылы көмектесеміз.

Топ құру

Таяқшалар арқылы топқа бөлу

Жұмбақтар жасыру арқылы топ атауын беру

  1. Бал татыған мәзір

Ол бар жерде әзір «Аспаз»

  1. Оқу білім бағдары

Заманының бағбаны «Ұстаз»

  1. Күміс қанат сұңқары

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттан да тым ары

Кеткен жанды кім дейді. «Ұшқыш»

  1. Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам «Полиция қызметкері»









.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған таяқшалар

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Зат есім

  1. Тұлпарлар жарысы

  2. 1-топ. «Кім болам?» мамандық иелерін атап жаз


  1. Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандық иелеріне қандай сұрақтар қойылды? (Кім?)

2-топ. Зат есімнің түрлеріне мысал келтіру арқылы орындау.


Зат есімнің жекеше түрі

Зат есімнің көпше түрі

Жалқы есім

Жалпы есім




















3-топ. Жалпылау (әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болады?)

Түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі – ......

Кесе, қасық, ожау, қазан, тостаған – .......

4-топ Семантикалық картаны толтыру

Зат есім

түрлері

Бас әріппен жазылады

Кіші әріппен жазылады

-лар,лер-дар,-дер,-тар,–тер жалғаулары

Бір ғана затқа айтылады

Зат есімнің жекеше түрі





Зат есімнің көпше түрі





Жалқы есім





Жалпы есім







ҚБ.: Бар бармақ әдісі


Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс

«Араласып кеткен оқиғалар әдісі»

15- жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.


Орындалған арман

Сауытбайдың тойына көп адам жиналыпты. Біз үйге кірсек,бәрі бір ғана адамның аузына қарап отырған сияқты. Ол орысша киінген,орта бойлы Ыбырай Алтынсарин екен.

Біз кіргенде әңгіме балаларды орысша оқыту,мектеп салу туралы болып жатты. Ыбырайдың сөзінен кейін есік жақта отырған бір жұпыны киімді адам Сауытбайға қарап сөйледі.

- «Бітер істің басына , жақсы келер қасына» дегендей ауылына еліміздің бірегей ардагері Ыбырай келіпті. Бұл кісінің сөзін естідік. Көпшілікке өзі үшін емес,ел үшін қолқа салып отыр, *- деді.

Тойға келген ел тегіс бас қосқан жиылыс болды. Ыбырай Алтынсарин өз сөзінде : «Біз ғана өнер,білімнен құралақан қалып келеміз. Бұған өзіміз кінәлі. «Өнер жастан шығады» дейді үлкендер,ендігі жерде сол жас өренді оқыту керек. Бұл үшін , ең алдымен мектеп ашуға бүкіл ел болып атсалысуымыз керек», - деді .

Спандияр Көбеевтен


Топтық жұмыс

1-топ Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрау

2-топ « Ыбырай кім?» Постер қорғау

3-топ Мәтіннен жалқы есімдерді тап.

4-топ Мәтіннен жалпы есімдерді тап


Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі нақыл сөздерді тауып жаз. Осы нақыл сөздерден қандай ой түйдің?

ҚБ: Топтық өзара бас бармақ арқылы бағалау


Сергіту сәті

Видеоролик арқылы


Жұмбақты оқып, шешуін табу.

16-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен түсініп оқиды. Шешуін табады: 12 бала.

Өнерлі балалар

Қанат,Марат екеуі

Қамшы өре алады.

Таңат,Талап екеуі

Тамаша ән салады.

Самат,Сағат екеуі

Төгілтіп күй шертеді.

Бабақ,Барақ екеуі

Біледі көп ертегі.

Ахат,Марат екеуі

Ат үйретіп жүреді.

Жанат,Манат екеуі

Киім-кешек тігеді.

Балаларды өнерлі

Есептеп көр, сен енді!

Өздерінің қандай өнерлері бар екенін айтуына басшылық жасалады.

Хабарлама жазу.

Хабарлама жазу үлгілері көрсетіледі. Өз өнері туралы досына хабарлама жазады. Жазған хабарламаларын топта жариялап оқиды.

ҚБ: От шашу

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.



























Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Қорытындылау


Оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қою

Қарқын тәсілі: Тест

СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАУЫП, БЕЛГІЛЕҢІЗ.

http://imektep.kz/iw_461

Сұрақтарға жауап береді



Дұрыс жауабын табады.

Үйге тапсырма

Енді, күнделікті ашайық.
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

Дәптермен жұмыс.

17- жаттығу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланыс

Оқушыларға қызыл,жасыл,сары алма таратып беру

Егер «тақырыпты түсіндім,сабақ қызықты болды» десе – қызыл алма

«Кейбір нәрселерді әлі де толық түсінбедім» десе – жасыл алма

«Сабақ мүлдем қызықсыз болды,мен ештеңе үйренбедім» десе – сары алма



Өзі қалаған алманың түсін көтереді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
981
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі