400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып ұстаздарына ҚМЖ - ны дұрыс жасай алуға үйрену үшін керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: «№185 ЖББМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Капанова Н

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Ортақ тақырып

Өнер

Бөлім

2.Оқылым 3. Жазылым 4. Тілдік нормаларды сақтау

Бөлімше

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

3.4 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау


Сабақ тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Зат есімнің ережесін жатқа айтады және сұрақтарды қолданады, мысалдар ұсынады.

Мәтінді оқиды, түсіндіреді, мәтін желісімен сұрақтар құрады, жауап береді, зат есімді табады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогқа қатысады, мұғалімнің көмегімен мақалдағы негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорытып, нұсқаулық арқылы хабарлама жасайды.

Ойлау дағдылары

Білу, Түсіну, Қолдану

Бағалау критерийлері

• Ережені жатқа айтады және тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Мәтінді оқиды, түсіндіреді, мәтін желісімен сұрақтар құрады, жауап береді, зат есімді табады.

• Мұғалімнің көмегімен мақалдағы негізгі ойды анықтай алады және диалогқа қатысады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіреді, өз ойын дәлелдейді және досына жазбаша хабарламаны нұсқаулық арқылы құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бірегей – маңдайалды, таңдаулы. Қолқа салу – өтіну, сұрау

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зат есім деген не?

Құндылықтарды дарыту

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ой туындату мақсатында сұрақтар қою арқылы диалогке түскенде әдебиеттік оқу пәнімен, ынтымақтастықты дамыту мақсатында ән айтумен музыка пәнімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин.

























































3 мин.










(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Ынтымақтасық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеп, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтып шығады.

Мақсаты: Оқушылар бойында ән немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

-Өздеріңді қалай сезінудесіңдер?

-Тамаша

-Ендеше бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топтасып

алайық.

Берілген әртүрлі суреттерді топтастыра отырып, 3-топқа бірігеді.

I топ Зат есім

II топ Сын есім

III топ Сан есім



(Ұ) Топ ережесін еске түсіреді

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!



(Ж) Алдыңғы білімді еске түсіру.

«Желпуіш» әдісі бойынша өткен сабақты қайталау.

Оқушылар жұптаса отырып қағазды желпуіш пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Балалар өткен сабақта өткен сөз таптары туралы білімдерін еске түсіреді.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Құпия» ойыны арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың алақандарына құпия заттар саламын. Құпия заты бар оқушыларды ортаға шақырамын. Олар өз қолындағы заттарды жұмбақтап, сипаттап айтады. Басқа балалар заттардың атын табады.

Сол заттардың бас әріптерінен бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

Зымыран, асық, тас, егеу, сақина, ілгек, моншақ (Зат есім)






















Суреттер



























Тапсырма парақшалары




Сабақтың ортасы



25 мин.




























































































































Ширату тапсырмасы

Білу және түсіну

Критерий:

Ережені жатқа айтады және тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Мәтінді оқиды, түсіндіреді, мәтін желісімен сұрақтарға жауап беріп, зат есімді табады.

1-тапсырма (15 ж,11 бет) «Дауыстап ойлау» әдісі

Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды,екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір-біріне түсіндіреді.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

Бірегей – маңдайалды, таңдаулы

Қолқа салу – өтіну, сұрау

Топтық жұмыс

I топ: Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Дескриптор:

-Мәтінді жұптаса отырып оқиды, тыңдайды, бір-біріне түсіндіреді.

-Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.

II топ: Ы. Алтынсарин кім? Ол өнер-білім туралы не айтты? Ойыңмен бөліс

Дескриптор:

-Мәтінді жұптаса отырып оқиды, тыңдайды, бір-біріне түсіндіреді.

-Ы. Алтынсарин туралы білгенімен бөліседі.

-Өнер- білім туралы өз ойларымен бөліседі.

III топ: Мәтіннен зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Дескриптор:

-Мәтінді жұптаса отырып оқиды, тыңдайды, бір-біріне түсіндіреді.

-Мәтіннен зат есімдерді табады.

- Зат есімдерге сұрақтар қояды

Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі

Саралау: Оқушылардың қажеттілігіне ескеріп «Диалог/Сұрақтарды пайдалану» тәсілін қолданып, сұрақ қою арқылы оқушылардың жауаптарын саралаймын.

(Д) Өзіндік жұмыс

Критерий:

Мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және диалогқа қатысады.

Жұмыс дәптеріне нақыл сөздерді тауып жазады.

2-тапсырма

«Түйінді сәттер» әдісі

-Нақыл сөзден қандай ой түйдің?

Мәтіннен нақыл сөздерді тауып, олардың мағынасын ашып, негізгі ойды анықтайды. Нақыл сөздерді дәптерге жазады.

Дескриптор:

- Мәтіннен нақыл сөздерді табады

- Нақыл сөздердің мағынасын ашады

- Өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасайды

-Дәптерге нақыл сөздерді көркем жазады

Қалыптастырушы бағалау « Мадақ сөз» әдісі

-Жақсы

-Жарайсың

-Өте жақсы

Саралау: «Қолдау» тәсілі көрінеді.

Балаларға ортақ тапсырма бере отырып, олардың қабілетіне байланысты кейбір балаларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Сергіту сәті







3-тапсырма (16-ж, 13 б)

Критерий:

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорытып, хабарлама жасайды.

Жұмбақ өлеңді оқып, шешуін тап

Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен түсініп оқиды.

Шешуін табады: 12 бала.

Өздерінің қандай өнерлері бар екенін айтуына басшылық жасалады.

Хабарлама жазу.

Өз өнері туралы досына хабарлама жазады. Жазған хабарламаларын топта жариялап оқиды. Өз достарының өнерлері туралы топта айтып береді. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс қолдануына басшылық жасалады.



Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды

  • Өз өнері туралы хабарлама жазады.

  • Тілдік нормаларды дұрыс қолданады.

«Қошеметтеу» әдісі



Мақсаты: Оқушылар жеке отырып, тапсырманы талдау, кейін өз идеяларымен бөлісу.

Тиімділігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеті дамиды. Мәселелерді шешуге, мақсаттарын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді.

Саралау: Оқушылардың материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы оңайдан қиынға қарай күрделендіремін; бұл тапсырма С деңгейіне жатады.









































































































Оқулық











Жұмыс дәптерлері

























Сабақтың соңы

4 мин.

















































3 мин

Сабақты бекіту.

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.



1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды ,іс-әрекетті білдіретін сөздер
Ә) заттың атын білдіретін сқздер
Б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер

2. Туынды зат есімді белгіле ?
А)Ауыл ә) күйш б)көп

3. Көптік жалғаулы зат есімді тап.
А) кітап ә) гүл б) доптар

4. Жалқы есімді тап
А) сурет ә)Қарағанды б) анам

5. Жалпы есімді тап .
А)Жаннұр ә)қызғалдақ б)сағат

Рефлексия

(Д, Ұ) Балалар таратылған стикерларға презентацияда көрсетілген және төмендегі критерийлер бойынша :

- нені білді, нені үйренді;

- не әлі де түсініксіз;

- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажеттігі туралы

Өз ойларын жазып плакатка жабыстыру керек.



Мақсаты: кері байланыс жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты қандай ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.



Үй тапсырмасы

Зат есімге мысал келтіріп, сөйлем құрастырып жазып кел.



Мақсаты: өтілген тақырыпты пысықтау.













































5-өте жақсы

4-жақсы

3-жартылай түсіндім

2-қиындықтар кездесті

1-көмегіңіз қажет.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?





























Назым апай мен жалпы КМЖ ның құрылымын қарап шықтым және енгізетін, өзгертетін жерлерді жасадым. Бірақ мақсат, критерий, тапсырмалардың құрылымын қарамадым. Өйткені бастауыштың ондайлары информатикамен сәйкес келе бермейді. Оныда өзгертсем құртып аламба дедім. Негізі жұптық, дербес, топтық тапсырма болу керек.

Саралау міндетті болуы керек оны қостым.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі