400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есім 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру. Сөйлем ішінде зат есімді ажырата білуге, сұрақ қоюға, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру. Сөйлем ішінде зат есімді ажырата білуге, сұрақ қоюға, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.

2. Дамытушылығы: ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік мәні: Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар жинағы

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Балалар тақтадағы ребусқа көңіл бөліп, шешейік.

- Қандай сөз шықты?

- Ана тілі

- Біздің ана тіліміз қай тіл?

- Қазақ тілі.

- Дұрыс айтасыңдар, біздің ана тіліміз - қазақ тілі туралы жазбаған ақын - жазушыларымыз жоқ. Олай болса мына өлең шумағын тыңдап көріңдер.

Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз осылай өз ана тілін өз жырларына арқау еткен.



ІІ. Ой қозғау.

Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық:

- Суретті плакатпен жұмыс. Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру.

- Сөз таптары атау, тиянақтау.

- Зат есім, сан есім, етістік.

- Сөз табу, сөзді қатыстырып сөйлем құрап айтады. (әр сөз табына)

- Мынау алма. Алма тәтті, қызыл. Ағашта бес алма өсіп тұр.



ІІІ. Жаңа сабақ

- Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.

- Зат есім.

Зат есім туралы ережені интерактивті. тақтадан шығарып өздерімен бірге айтып түсіндіріп өтемін.

Ой ашар.

Ол кім? Бұл не? ойыны.

- Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ереже шығару.

- Мысалы:

- Тақтадағы домбыра, кітап, бор, дәптер, әже мұғалім дәрігер т. б. суреттерге сұрақтар қойып өздері тұжырымдап, көздерін жеткізіп ереже шығарады.

«Кел, жұмбақ шешейік.»

Бірнеше жұмбақтар шешкізіп, олардың жауаптарын беретін сөздерге тиісті сұрақтар қойғызу.

Мысалы: Қабат – қабат қаттама.

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Жіп – жіңішке денесі,

Ортасында инесі (қалам)

Кітап, қалам сөздеріне сұрақ қойғызып, оларды қатыстырып сөйлемдер құрату.

Сергіту сәті. «Поэзия минуты»

Тіл туралы тақпақтар айту.

Тіл туралы мақал мәтелдер айтылады.



Оқулықпен жұмыс.

284 – жаттығу. Ауызша орындалады. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қой.

- Құстардың атын қатыстырып, сөйлем құрау.

Дәптермен жұмыс.

285 – жаттығу. Берілген зат есімді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

- Әже ертегі айтып отыр. Т. б.

- Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

- Зат есімге қандай сұрақ қойылады?

- Кім? Кімдер? Не? Нелер?

286 – жаттығу. Көп нүктенің орынына керекті зат есімдері қойып, көшірме жаз. (оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Соңынан оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Соңынан оқушылар бірін – бірін тексереді. )

288 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жалқы есімді тап.

Өлке – түсіндіру. (Туып өскен жер. Қазақстан жері. )

Ой толғау.



V. Плакатпен жұмыс. Сабақты пысықта.

- Зат есім туралы алған білімдерін тиянақтау. (Гүл шоғы)



Сабақты бекіту.

- Балалар, біз өз тілімізді неге ана тілі дейміз?

Өйткені бұл тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған. Осы тіл арқылы бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Сондықтан ана тілімізді шұбарламай, қазақ тілінде таза сөйлеп, тілімізді сүюіміз керек.

Төменде берілген тапсырмаларды орындап көрелік.

1. Тест

2. Сурет бойынша әңгімелету.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 287 – жаттығу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі