400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есімнен өткенді қайталау 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 6 сынып қазақ тілінен беретін мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар сан есімнен алған білімдерін жетілдіреді, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой- ұшқырлығын кеңейтеді, шығармашылық қабілетін дамытады, ұйымщылдыққа, ауыз біршілікке тәрбиеленеді.

Дамытушылық: Сан есім, сан есімнің емлесі туралы білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Сан есімдерді жаттығу жұмысы кезінде, басқада уақыттарда мағынасына, құрылысына қарай ажырата білуге тәрбиелеу;
Түрі: Қайталау, білімді бекіту;
Сабақтың жабдығы:

Интерактивті тақта, тақта, бор, оқулық, стикерлер, бағалау парақтары.

Пәнаралық байланыс: математика


Оқыту  нәтижесі

  • Ойын ашық айта біледі.

  • Құрдастарымен қарым-қатынасқа еркін түсе алады.

  • Әр түрлі жағдаяттардан шығатын жол таба біледі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал туғызу.

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағың не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Екі аяғың не үшін керек?

Туған жерде жүру үшін!- ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.









Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім- міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын жазушыларымыз айтқандай туған тіліміз-қазақ тілі болса, бүгінгі сабағымыз қазақ тілі сабағы екен.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Елордамыз Астанаға саяхат жасаймыз. Саяхатқа автобуспен баратындықтан, ең әуелі билет сатып алайық.

Билетті сатып алу үшін үй тапсырмасын тексеремін.



ІІ.Үй тапсырасын тексеру:

«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдіс – тәсілін қолданып, үй тапсырмасын тест тапсырмасы арықылы тексеру .

Тест

1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.

2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

А) -дан. В) -тен. С) -нші. Д) -еу. Е) -ні.

3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Нешінші В) Нешеу С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?

4. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.

5. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес. В) Он бірінші. С) Он бір. Д) Екі бүтін оннан үш. Е) Отыз тоғыздан.

6. Ондық бөлшектік сан есімді тап.

А) Екі бүтін оннан бес В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) екіден төрт

7. Топтау сан есімді көрсетіңіз.

А) Үш-үштен. В) Туып-өскен. С) үштен екі Д) онға жуық. Е) екеу

8. Дара сан есімді көрсетіңіз.

А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.

9. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.

А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.

10. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) Бес-бестен. В) Беске таман. С) Бесінші орын. Д) Бес адам. Е) Сағат бесте

Кілті:

  1. Д 2. Д 3. Е 4. Д 5. В 6. Е 7. А 8.В 9. А 10.В

-Жақсы, балалар! Біз барлығымыз білімімізбен автобусқа билет алдық. Енді автобустағы орындарымызға жайғасайық. (Оқушылар ІІ топқа бөлініп, орындарына отырады)


І топ: «Бәйтерек» тобы

ІІ топ: «Хан Шатыр» тобы

(Автобуста жүріп келе жатқан қимыл жасау)


ІІІ.Жаңа сабақ. -Мінеки, балалар, біз Елордамыз Астанаға да келіп жеттік. Дәптерімізді ашып, ай күнін жазып, сабақтың тақырыбын жазайық. «Сан есімнен өткенді қайталау»

-Балалар, ең әуелі қайда барайық, нені тамашалайық?

-Жарайды, ендеше Астананың символы - Бәйтеректен бастайық. Бәйтерекке кірмес бұрын біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.


1 тапсырма «Біліміңді тексер» ойынын пайдаланамын..

130-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

-Балалар, біз Бәйтерек монументін тамашаладық. Енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

Автобуспен келе жатырмыз... (Автобуста жүріп келе жатқан қимыл жасау)

Міне, біз «Думан» ойын-сауық орталығына да келіп жеттік. Кірмес бұрын біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.

2 тапсырма. «Қызықты жаттығу ойынын пайдаланып» № 131 – жаттығу оқушылар топпен жұмыс жасайды. Дара сан есімдерді бір бағанға Бәйтерек тобы жазады, күрделі сан есімдерді екінші бағанға Хан Шатыр тобы жазады.

Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» өткіземін.



-Балалар, біз «Думан» ойын-сауық орталығын тамашаладық. Енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

Автобуспен келе жатырмыз... (Автобуста жүріп келе жатқан қимыл жасау)

Міне, біз «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына да келіп жеттік. Кірмес бұрын біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.

3 тапсырма. 134- жаттығу Сөйлемдерден сан есімдері тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңдар. (Тақтамен жұмыс)

«Қызықты сөздер» Тез тауып, ұйқасын жаз.
К + 2 + Л =кекіл
К + 3=күш
Қ + 10 + АҚ =қонақ
КҮ + 1=күбір
5 + ІК =бесік
ТҮ+1
= түбір ДЕР+5=дербес Б+6+Р=балтыр 8+КӨЗ=сегізкөз 9+ҚҰМАЛАҚ=тоғызқұмалақ

VI. Қорытынды. Қане балалар бүгінгі саяхатымыздан алған әсерлерімізді кафеға барып бір-бірімізбен барып бөлісейік. (Тілек білдіреді)

VII. Бағалау. (Бір-бірін бағалау)

VII. Үй тапсырмасы. 135-138 жаттығулар, ережелерді қайталау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі