400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Зат есімнің жекеше және көпше түрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өте жақсы өтті. Барлық оқушы белсене қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Мектеп: №6 Шұбақұдық негізгі орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сеилханова Ж.С

Сынып: 2

Сабақ 94

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.6.1 - интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар,видеоролик, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер


Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс


Дүниетану, математика.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут


1-топ: «Ұлттық тағамдар»

2-топ: «Ұлттық аспаптар»

3-топ: «Ұлттық әшекейлер»



Ортасы 20 минут

Диктор: Саламатсыздар ма теледидар көрермендері! Бүгінгі бағдарламамен таныс болыңыздар.
15-35 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті теле ақпарат бағдарламасы.
15-40 Кешегі күн
15-50 І мектер
15-53 Кітап-сенің досың
16-05 Мен қазақпын
16- 07 Алтын балыққа арналған аквариум

16-15 Ойлан тап
Хабар соңында келесі күнгі бағдарламамен таныс боласыздар және ауа - райы туралы мәліметтер.
Қазір Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті теле ақпарат бағдарламасы болады.

Психологилық ахуал.

-Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-Осы күннің шуағы бізге де түсіп тілек жолдапты.


Балалар - гүлім менің,
Балалар – күйім менің.
Балалар – нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің – дей отырып, балалар, сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін! Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.
Оқушылар:
Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын!
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
- Олай болса осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.












ІІ. Кешегі күн бағдарламасы.

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?

-Мысал келтірейікші?

-Жетісу-көркем өлке. Менің Ақтабан деген итім бар.

-Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».

Суретке назар аударайық. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.








-Сөздерді салыстырып оқиықшы. Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

(Оқушылар жауабы)

Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: қарбыз, қайық, ата.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
қарбыздар, қайықтар, аталар.


ІІІ. « I Mektep» бағдарламасы

(видеоролик көрсету)



































2 минут

ІV. Кітап-сенің досың. (Оқулықпен жұмыс)

Кітап – кез - келген адамның рухани байлығы. Кез - келген адамның бітпейтін сұрағына жауапты кітап беттерінен табуға болады. Кітап бізге білім береді. Эстетикалық адамгершілік қасиет дамытады. Біз кітапты қадірлеп, күтіп ұстауымыз керек.


1-топ:45-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.

2-топ: Жекеше түрін тап.

3-топ: Көпше түрін тап.


46- жаттығу. Дөңгелекке жасырынған құс атауларын тап.Оларды жекеше, көпше түрде жаз.

1-топ: Көпше түрін жаз.

2-топ: Жекеше түрін жаз.

3-топ: Құс атауларын тап.


Сөзжұмбақ шешу

V. Табиғатты қорғайық.
Біз өткен хабарымызда көктем мезгілінің керемет сұлулығын, ауа - райын айтып суреттеп, мынадай сурет салған болатынбыз. Көктем мезгілінде тойланатын мерекелерді де,салт-дәстүрімізді, тілімізді ұмытпайық деп жырладық
Сергіту сәті. «Мен қазақпын»

VI. Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.



VII. «Ойлан тап»









Бағалау










Кері байланыс

Picture 5

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржынға жабыстырады

Үйге тапсырма:47-жаттығу






























Қазақ тілі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

.

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Сабақ 94-95

Қатысқандар:Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)


Сабақ

мақсаттары

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.

Жетістік критерийлері

зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырады

сөйлем ішінен таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету мәтіннен көп мағыналы сөздерді таба алады және оны сөйлеу барысында

орынды қолданады;

мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.



Сөздік қор


Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.

Құндылықтарды

дарыту



Сыйластық

Еңбек және шығармашылық

Жауапкершілік

Пәнаралық

байланыстар

дүниетану,математика.

Алдыңғы меңгерілген білім


4-бөлім оқушылардың 1-сыныпта және 1-бөлімде алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар бағытталған және бірлесіп жазу әдістерімен таныс болып, әңгімені ретімен айта білуі тиіс.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сезіммүшелерініңсуреттері

Сабақтың

басы


Ұйымдастыру кезеңі. Психологилық ахуал.Оқушыларды шеңберге шақыру.

-Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.
Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар жұпта тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту.Мына сурет бойынша не айтуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Өткен сабаққа шолу жасау

Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?


Зат есім

Жалпы Жалқы

Кім? Не?

-Мысал келтірейікші?

-Жетісу-көркем өлке.

-Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазып алайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».

1 жаттығу назар аударайық. Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.

қарбыз қарбыздар


қайық қайықтар


Қоян Қояндар \ балапан балапандар

-Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

(Оқушылар жауабы)

Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі