Н.Мейірманов
атындағы жалпы білім беретін орта
мектебі
Ашық
сабақ
Зат есімнің
жекеше және
көпше
түрі
Қазақ
тілі 2-сынып
Өткізген:
Саматқызы Құралай
Сабақтың
тақырыбы:
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың
мақсаты: Зат
есімнің жекеше және көпше түрлері туралы
түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге
үйрету.
А)
білімділік: оқушыларды зат есімнің
жекеше және көпше түрлері туралы
түсініктерін кеңейте отырып сөйлем
ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді
сөз таптарына талдай білуге үйрету,
сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә)
дамытушылық: ойын түрлері арқылы
ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін
дамыту түрлі тапсырмалар орындау
барысында танымдық іскерлік есте сақтау
қабілеттерін арттыру.
Б)
тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,
бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: ребустар,кестелер, слайдпен
жұмыс.
Пәнаралық
байланыс: Ана тілі, математика.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық
дайындық
Үй
тапсырмасын тексеру
340
–жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі
сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Жалқы
есім және жалпы есім дегеніміз не?
Жаңа
сабақ.
Сабақтың
тақырыбын ашу.
Суретке
қарап салыстыру,
айырмашылығын анықтау.
Әр
суреттегі заттардың санын анықтау.
балапан
балапандар
қаз
қаздар
-Сөздерді
салыстырып оқиықшы? Олардың бір-бірінен
қандай айырмасы бар? (Оқушылар жауабы)
Балапан
, балапандар Қаз, қаздар
Яғни
зат есім жекеше, көпше түрі туралы толық
түсінік беріп кету.
Ой
шақыру
Зат
есімнің жекеше және көпше түрі
болады.
Кім?
Не?
сұрақтарына
жауап беретін сөздерді зат есімнің
жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе
Кімдер?
Нелер?
сұрақтарына
жауап беретін сөздерді зат есімнің
көпше түрі дейміз: аталар,құстар,
түйелер
Зат
есімнің көпше түрі -лар,лер,-дар,дер-тар,-тер
қосымшалар жалғану арқылы жасалады.
Бұл
қосымшалар көптік жалғауы деп аталады
-Ендеше
балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі
күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің
жекеше және көпше түрлері».Оқулықпен
жұмыс
343-жаттығу
Біздің
ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты
жолды аспанға Әлі ұшамыз алысқа
Алыс
Айға, Марсқа
Тапсырма:
Қарамен жазылған сөздердің астын
сыз
344-жаттығу
Ауданда
суретші ... жарысы өтті. Бала ...
сурет салуды жақсы
үйренген.
Жеңімпаз ... ға сыйлық... тапсырылды.
(-
лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
Көп
нүктенің орнына тиісті жалғауларды
қойыңдар
345-жаттығу
Ребусты
шеш Шешуіндегі сөзді қатыстырып
сөйлем құра
Ребус
шешуі: Инелік
Дүниедегі
ең мешкей - инелік екені ешкімнің де
ойына кіріп шықпас. Инелік екі сағаттың
ішінде 40 шақты шыбын, маса немесе шіркейді
жейді. Егер де ол арыстандай үлкен болса,
тұтас бір сиырды жеп жүре беруші еді.
Инеліктей мешкейдің қарны тою үшін оған
бірнеше сағат бойы тоқтаусыз шыбын-шіркей
жеу керек болады.
Жаңа
сабақты бекіту.
-Балалар
бүгінгі сабағымызды
Сәйкестендіру тесті арқылы
қорытындылау
Үйге
тапсырма беру.
- Балалар үйде 348 -
жаттығуды орындап, ережені мысалмен
бірге жаттап келеміз.
ІХ. Бағалау.