400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есімнің жекеше көпше түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
іс тәжірбиеммен бөлісу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

49-53 жаттығулар

Мұғалімнің аты-жөні:Ележанова Айжан

Күні: 1.03.2018

СЫНЫП: 2

Қазақ тілі

Қатысқан оқушылар саны: 21


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.6.1 - мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Оқушы іс-әрекеті:

Бағалау

Ресурс

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

-Амандасу.

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Кезекшінің жұмысын қадағалау.

-Оқу мақсатын хабарлау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Қазақ тілім,өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым,дара тілім.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы? (қазақ тілі)

- Қазақ тілінің қыр-сыры туралы қай сабақтан оқып білеміз? (Қазақ тілі )

-Олай болса, балалар қазір біз қазақ тілі сабағын бастаймыз.


Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Топқа бөлу.

1-топ-

2-топ-

3-топ-

4-топ-

Үй тапсырмасын тексеру. « Көбелектерге көмек»

Сұрақтарға жауап беру арқылы өрмекші торына түскен көбелек босатып гүлдерге қондыру.

1.Түбір деген не?

2.Қосымша дегеніміз не?

3.Жұрнақ дегеніміз не ?

4.Жалғау дегеніміз не?

Сызбамен жұмыс. Зат есім туралы білетінімізді еске түсіру.













(қазақ тілі)

(Қазақ тілі )










Оқушылар топ ережесін еске түсіреді.










Өрмекші торына түскен көбелектердегі сұрақтарға жауап беріп,көбелектерді гүлдерге қондырады.




Сызба бойынша ереже айтады.

Сабақ барысында

жауап берген оқушылар әртүрлі суреттермен бағаланып отырады.


Жаңа білім

10 минут






Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Топпен жұмыс.«Детектив» стратегиясы.

№49-жаттығу. Орны ауысқан өлең жолдарын қалпына келтіріп оқы.Өлеңнен зат есімнің жекеше және көпше түрлерін тап.

Көк көгершін, көгершін,

Көгершін келер жем үшін.

Балалар, жем себелік.

Жем жесін де семірсін.

Дискриптор:

Өлең жолдарын қалпына келтіріп оқиды.

Өлеңнен зат есімнің жекеше,көпше түрін түрін таба алады.

Зат есімдерге сұрақ қоя алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мин.) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1.Көгершін қандай құс?

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адамдарға үйір құстар.




Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.





















«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


Оқулық,

Мәтіндер,А3 қағаздары








Бағдаршам түстеріне сәйкес таяқшалар.

Ортасы

10 минут






Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс.

52-жаттығу.Көптік жалғаулардың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1-топ: Түйе (-тер,-дер,-лер) боздайды.

2-топ: Сиыр (-лер,-лар,-дар) мөңірейді.

3-топ: Қой (-дар,-лар,-тар) маңырайды.

4-топ: Ит (-тар,-тер,-дар ) үреді.

Дискриптор:

Көптік жалғаулардың тиістісін қойып жазады.

Зат есімдерге сұрақ қоя алады.












Смайликтер-мен бағалау



Оқулық, дәптер

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қуыр,қуыр.қуырмаш»


Оқушылар әуенмен билейді.


Видеожазба



Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут














5 минут






















Кері байланыс

3 минут









Топпен жұмыс.

Рисунок 5 Рисунок 9

1-топ: Зат есімді тауып жаз.

2- топ: Ребусты шеш.

3-топ:Суреттен зат есімдерді тауып жаз,көпше түрге айналдыр.

4-топ: Шеңбер бойына жасырынған малдардың атауын тап. Сөздерді көпше түрде айт.

№51-жаттығу.Шеңбер бойынша жасырынған малдардың атауын тап.Сөздерді көпше түрде айт.

Сиыр,құлын,ешкі,жылқы,түйе лақ.

Өзіңе ұнаған малдардың біреуіне өлең құрастыр.

Дискриптор:

Жасырынған малдардың атауын табады.

Сөздерді көпше түрде айтады.

Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс.

Бекіту.Ұжымдық жұмыс.

-Балалар бүгінгі сабағымызды «Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.

Көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді тауып айту.



Кері байланыс. «Білім қоржыны»

Picture 5

Рефлексия

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


































Көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді тауып айтады..






Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады










Смайликтер-мен бағалау















































Қоржын суреті,

стикерлер












Үйге тапсырма: Өзіне ұнаған малдардың біреуіне өлең шығарып келу.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

ҚұндылықтардағыБайланыс

Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар нбілді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішіндеүлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі