400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Зат есімнің тәуелденуі" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге зат есімнің тәуелденуі туралы сабақ өтілген кезде тәжірибе алмаса алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау,яғни заттың, қандайда бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі  екенін білдіретін, үш  жағы  болатынын  ұғындыру, жаттығулар орындау

2) Жаңа технологияларды басшылыққа  ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту, қызығушылықтарын арттыру.                                                                                                             

3) Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға, таза , әдемі жазуға баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, өзіндік, пысықтау,ой қозғау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.       

Түрі: дәстүрлі

Типі: бекіту сабағы

Көрнекілігі: слайд, суреттер, топтамалар   

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту Эльконин, Давыдов

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше. Өйткені бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

«Мемлекеттік тілді – дамытамыз.
Орыс тілін – қолдаймыз.
Ағылшын тілін – үйренеміз»-атты ұранмен сабағымызды бастайық.

Бүгінгі қонақтар сендердің білімдеріңді көргісі келеді.

Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде үш топқа бөліну арқылы өтеді.

2.Үй тапсырмасын тексеру

6-жаттығу Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жаз.

Олардың ауласы.

Біздің мектебіміз.

Менің қолғабым.

Сендердің мұғалімдерің.

3.Өткен материалды жан-жақты бекіту кезеңі

1.«Кім жылдам»ойыны. Берілген текешелерді таңдау арқылы өткен материалды еске түсіру

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есімнің қандай түрлері бар?

-Зат есім тұлғасына байланысты нешеге бөлінеді?

-Түбір дегенімз не?

-Қосымша нешеге бөлінеді?

-Жұрнақ дегенім не?

-Жалғау дегеніміз не?

-Тәуелдік жалғау дегеніміз не?


2.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу .Өлеңді оқы. Тәуелдеулі сөздерді тап. Олар қай жақта айтылып тұр?Өлеңнің алғашқы үш жолын бірінші, үшінші жақта айтып шығу.

Ана тілің-ертегің,

Ана тілің –өркенің,

Ана тілің –ертеңің.

Қадірле ана тіліңді-

Сонда ашасың гүліңді.

3. Дәптермен және тақтамен жұмыс

2-жаттығу «Аукцион» ойыны арқылы орындалады.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Біздің ауылымыз екі таудың ортасында орналасқан. Болаттың ағасы жақында каникулға шығады. Түлкінің іні терең екен. Бұғының мүйізі бағалы болады. Менің қуанышым қойныма сыймады.

4. «Кім тапқыр?»ойыны

3-жаттығу. Суреттегі заттардың атын айт. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.

Қасық – ложка -spoon , кітап-книга-book, шелек-ведро-bucket.

5. «Сен білесің бе? »ойыны

4-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. «Сезікті секірер» деген мақалдың мағынасын түсіндір.

Мақалды мәтіннің мазмұнынмен байланыстыр.

Сергіту сәті

6. 5-жаттығу . Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, жұмбақты көшіріп жаз.

Ине.... жоқ, жіб.... жоқ,

Өрмег... жоқ, тіл.... жоқ,

Бірақ шілтер тоқиды. /өрмекші/

8. «Сиқырлы қоржын» ойыны. Қоржыннан алынған заттарды тәуелдеп жазғызу, дыбыстық және буындық талдаулар жасау.

9. «Жұбыңды тап» ойыны

Берілген тәуелдеулі зат есімдерді жұптау

10.Ой қозғау.     Шығармашылық жұмыс

І-топ      Семантикалық карта
Зат есім ------------ І жақ ------------ ІІ жақ -------------- ІІ жақ
Ағасы
Дәптерім
Мұғалімің
Мектебім
Қаламыңыз

ІІ-топ     Сөздерді сөз құрамына талдау

               Жұмысшыларымыз, балапандары, етікшіңіз.

 ІІІ-топ    Мақалдан тәуелдеулі сөзді тап.

*Еңбегің қатты болса,

Тапқаның тәтті болар.

*Кітап – досым, жолдасым.
Өмірдегі қолбасшым.

11.Топтамамен жұмыс

4.Қорытындылау

13.Тест арқылы қорыту
1. Тәуелдеулі зат есімді тап.
а) кілем ә) ағасы б) кірпі
2. Туынды зат есімді белгіле.
а) топырақ ә) кесе б) күйші
3. Түбір сөздер қатарын белгіле.
а) су, теңіз, өнер
ә) өнерпаз, сулы, теңіздей
б) өнерлі, судай, теңізде
4. Жалғау жалғанған сөзді тап.
а) сауыншы ә) бастық б) дәптерді
5. Жұрнақ жалғанған сөздерді тап.
а) домбыра ә) іскер б) сауысқанның
- Бүгін біз қандай тақырыпты қайталадық?
Зат есімнің тәуелденуі

-Сабақ саған несімен ұнады?
5.Үйге тапсырма беру: 6 – жаттығу. Ережені жаттау

Бағалау: - Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап бағалаймын. Топ бойынша жеңімпаз топты анықтаймын.



 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі