400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зат есімнің тәуелденуі 3 сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Жас мамандарға көмектеседі деп ойаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты: қазақ тілі

Уақыты:22.02.2018 ж.

Кабинет:116

Мұғалім: Калиева Айсулу

Жаксылыккызы

Сабақтың атауы

Зат есімнің тәуелденуі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;

ә) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

б)  Адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу. (1, 2 слайдтар).

Типі :   жаңа білім беру.

Әдісі : түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі : тақта, карточка,оқулық, интербелсенді тақта, бейнеролик

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін өзі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


-Көңіл күйлеріңіз қалай?

-Керемет! ( қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

-Тамаша!( бас бармақтарын көрсетеді)

-Сабаққа деген ынтаңыз ше?

-Ғажап( алақандарын шапалақтайды)


-Ендеше, осындай тамаша көңіл – күймен сабағымызды бастаймыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Суретпен жұмыс

-Қазір қандай мезгіл?

-Суретте не көріп отырсыңдар?

-Қысқы ойындарды атаңдар?

-Қысқы ойындарға қажетті құралдар туралы жұмбақ шешейік


Жұмбақ шешу

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды.   (Шаңғы)


Табанға қанжар байладым,

Бетiнде айна ойнадым.    (Коньки)


Мiнсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзiм сүйретем.   (Шана)


Топқа бөлу

І топ: Шаңғышылар

ІІ топ: Конькишілер

ІІІ топ: Шанашылар

Қысқы олимпиада ойындары туралы әңгімелеп кету

Білу

Өткен сабақты бекіту:

-қазақ тілі сабағында біз не үйрендік?

-Қандай сөз табымен танысып жатырмыз?

-Зат есім туралы не айта аласыңдар?

-Зат есімнің көптік жалғауы дегеніміз не?

Бейнеролик көрсету

-Тәуелдік жалғау туралы бейнероликтен не ұқтыңдар?

-Тәуелдік жалғау дегеніміз не екен?


Кестемен жұмыс

Шаңғы, коньки , шана сөздерін үш жақта тәуелдеп айту

Түсіну

Оқулықпен жұмыс

38- жаттығу.

Мәтінді оқу, көшіріп жазу, тәуелдеулі сөздерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін айту.

-Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

- Сөздерге жалғанған қосымшалар қандай мағына беріп тұр?

Қолдану

Топпен жұмыс

39- жаттығу. Берілген сөздерді үлгі бойынша өзгертіп жазу

І топ: қол ІІ топ: қозы ІІІ топ: етік

Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, астын сызу.

-Бұл қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр?

Ережені қайталау


Талдау

Топпен жұмыс

І топ: 40- жаттығу. Берілген жұмбақты шешу, тәуелдеулі сөздерді тауып, сұрақ қою.

ІІ топ: 41- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, тәуелденген сөздерді табу, тәуелдік жалғаулардың астын сызу.

-Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату

-Жамбыл Жабаев туралы не білесіңдер?

ІІІ топ:42- жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтастыру

-Тәуелденген сөздерге сұрақ қою.

Сергіту сәті

«Қарлы кесек» ойыны

Берілген сөздерді үш тілде тәуелдеп айтады

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Жинақтау

Шығармашылық тапсырма

І топ: Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғап жазу.

Бала..., бала..., жаны... бала... !

Құлағ......ды сал, сөйлейді ана... .

Сені өсіріп, бөбег...... деп,

Аппақ сүт...н емізді ана... .

ІІ топ: «Менің анам» тақырыбына эссе жазу

ІІІ топ: Бес жолды өлең құрастыру

Бағалау

-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- Тәуелдік жалғау дегеніміз не? 

Үйге тапсырма

Оқулықтағы 43- жаттығу. Ережені жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі