400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ашық сабақ "Зат есімнің түрлері: жалқы есім мен жалпы есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз таптары жөніндегі білімдерін жетілдіру. Зат есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету. Ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

3- «Ж» сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрлері: жалқы есім мен жалпы есім

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары жөніндегі білімдерін жетілдіру, зат есімнің түрлері: жалпы есім мен жалқы есім туралы түсініктерін кеңейту. Жалқы есім мен жалпы есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын айыра білуге машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, суреттер, плакаттар, топтық тапсырмалар

Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, интербелсенді оқыту әдісі, топтық тапсырмалар

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану, денешынықтыру

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.


Шаттық шеңберін құру

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, сабақ күндегідей емес, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, келген қонақтарға өз білімімізді, тәртібімізді көрсете білейік.

- Ол үшін біз төрт топқа бөлініп алайық. Геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек) арқылы оқушыларды топқа бөліп, орналастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. 4-жаттығу. Жаттығуды пысықтау үшін «Кім көп біледі?» ойыны ойналады. Әр топқа кеспе парақшалар таратылады. Ойын шарты бойынша парақшаға тиісті зат есімдерді қойып жазу.

ІІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау;
2. Миға шабуыл( жедел сұрақ)

Олай болса, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.

- Сөз таптары деген не?( оқушы жауабы)

- Қандай сөз таптарын білесіңдер? Сызба көрсету.

- Зат есім деген не?( оқушы жауабы)

- Бізді қоршаған нәрселердің барлығын не деп атаймыз?( оқушы жауабы)

- Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі?(оқушы жауабы)

- Деректі заттар деген не? (көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.)

- Дұрыс айтасыңдар балалар, айналамыздағы барлық көзбен көрінетін заттар деректі заттар екен. Мысалы: мұғалім, оқушы, кітап, гүл, парта, мектеп.

- Дерексіз заттар деген не?(Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын затттар.Мысалы: жел, ауа, ақыл, ой, арман, қиял, сезім, тілек, ән, жыр.

-Зат есімнің басқа қандай түрлерін білесіңдер? (оқушы жауабы) Сызба көрсету

- Жалқы есім дегеніміз не? (оқушы жауабы)

- Жалпы есім дегеніміз не ? (оқушы жауабы) Сызба көрсету

- Сонымен, балалар зат есім дегеніміз заттың атын, құбылысты білдіретін сөздер екен.

- Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық, бұл кестеден зат есім сөздерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтары қойылады.


ІV. Жаңа сабақ кіріспе
Сұрақ – жауап арқылы зат есім жөніндегі балалардың білімдерін пысықтаған соң, жаңа сабаққа назар аударту.

- Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар, соның бүгін жалқы есім және жалпы есім деген түрлерімен жұмыс жасаймыз.

- Есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздерді білесіңдер? (оқушы жауабы)

-Сөйлем басында, кісі аты -жөні, жер-су аттары бас әріппен жазылатыны рас.

- Олай болса балалар, кісі аты-жөні, жер-су аттары жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Яғни жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

- Сонымен, жалқы есімдерден басқа  зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады .

V. Жаңа сабақты бекіту, дамыту жұмыстары

Сабақ барысында оқушылар бөлінген топтары бір-бірімен өзара сайысып отырады.

1.Оқулықпен жұмыс:

7- жаттығу

*Сөйлемдегі дыбысталуы бірдей сөздерді табу

Алма(қыз), алма (жеміс) Раушан (қыз,) раушан (гүл)
*Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар?
*Жалқы есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.


Шығармашылық жұмыс (Тақтаға сурет ілінеді)

8-жаттығу. Суреттегі қыздарға ат қойып, сурет бойынша үш сөйлем құрап жазу

Әр топ өздері құраған сөйлемдерін оқиды.


ҮІ.Сергіту сәті

Топтық жұмыс
9-жаттығу топтық жұмыс ретінде «Кім жүйрік?» ойыны арқылы орындалады. Төрт топқа бір-бір кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар оған көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жазулары тиіс. Бұл ойында топ мүшелері бірлесе жұмыс істейді. Әр топта бір оқушы жазып отырса, топтың қалған мүшелері өздері білетін Қазақстан қалалары, көлдері мен ауыл аттарын білгендерінше айтып отырады. Қай топ көп және сауатты, көркем жазса, сол топ жоғары бағаланады. 

Қазақстан қалалары: 
Қазақстан көлдері: 
Ауыл аттары:

Туыстық атаулар:

10-жаттығуда суретпен жұмыс жасалады. Төрт топқа төрт сурет таратылады. Оқушылар суреттегі үй жануарлары мен үй хайуанаттарына ат қойып, сурет бойынша 2-3 сөйлем құрап жазады. Яғни дәптермен жұмыс жүргізіледі. Сол арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытып, сөздік қорын молайту көзделеді. 

ҮІІ. Сабақты қорыту
Оқушылардың бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін «Білгірлер сайысы» ойынын ойнату. Ойын шарты бойынша оқушылар кеспе қағазда көрсетілген сөзді тақтада ілулі тұрған «жалқы есім» және «жалпы есім» атауларының тиістісіне апарып жапсыруы тиіс (11-жаттығу) .

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігіне, сабаққа қатысуына, шығармашылық деңгейіне қарай бағаланады. Бағалау екі әдіспен жүргізіледі: топтық және жекелей. Тиісінше «Үлгілі топ», «Зерек топ», «Тапқыр топ», «Ынталы топ» атауларымен бағаланса, сабаққа белсене араласқан оқушылар жекелей бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма беру 
1. 12-жаттығу (Туған күніне сыйға тартылған құлынға ат қою, оның түр-түсін, құлағын, жалын, құйрығын сипаттап жазу). 
2. Жалқы есім мен жалпы есімнің ережелерін жаттау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі