жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Заттарды жиынға біріктіру. Мектепалды даярлық сыныбы
Сабақ тақырыбы: Заттарды жиынға біріктіру. |
Мектеп: әл-Фараби мектеп-лицейі |
|||
Күні : |
Мұғалімнің аты: Егизбай Айгерим Маратқызы |
|||
МАД: 0 «А» сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың мақсаты: |
Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру. Жиын элементтерін атау. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. |
|||
Күтілетін нәтижелер: |
Барлық оқушылар: заттарды көрсетілген қасиеті бойынша жиынға біріктіреді ; |
|||
Көптеген оқушылар: жиын элементтерін атайды және заттар қандай белгі бойынша топтастырылғанын көрсетеді; |
||||
Кейбір оқушылар: берілген немесе өз бетінше таңдалған белгілері бойынша өздері жиындар құрайды. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қоршаған орта негіздері, жаратылыстану. |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Шеңбер, үшбұрышү шаршы. Негізгі түстер. Заттардың қасиеттері. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
1.Сәлемдесу.
2.Психологиялық сәт Шырылдады қоңырау Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам жасаймыз. 3.Өткенді қайталау. -Балалар, сендер бір-біріңмен доссыңдар ма? - Ия. - Ал, енді, балалар, бәріміз достарымызбен ойын ойнаймыз. Ойында қайталауға арналған тапсырмаларды орындаймыз. *1-ден 10-ға дейін ретпен және кері санау.
* «Көршісін тап» (карточкалар арқылы)
* «Пошта» ойыны. 4,5,6. (берілген есептерді мәніне байланысты тиісті поштаға салады.)
* «Салыстыру»(жеке жұмыс)
4. Жаңа сабақ Жиындарға байланысты кестені көрсету. - Балалар, мына суретте не бейнеленген? Қандай ортақ белгілері бар? (Дәмі, иісі, пішіні, түсі) Әр топқа не қосуға болады? - Ортақ белгісі бойынша топтастырылған заттар тобын жиын деп атаймыз. Жиынға кіретін заттардың әрбірін сол топтың элементі деп атаймыз. Мысалы: жемістер- ол жиын болса, ал алма жемістер жиынының элементі. 5. Сергіту сәті Ал, балалар, тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп Бір отырып, бір тұрып Бойымызды созайық. Жоғары, төмен қарайық, Қолымызды созайық. Бойымызға күш жинап, Біз шынығып алайық.
6. Топпен жұмыс
№1 топ. Киімдерді, жиһаздарды, ыдыстарды 3 жиынға бөліп жапсырады.
№2 топ. «Дәмі қандай?» ащы және тәтті заттардың суреттерін 2 жиынға бөліп жапсырады.
№3 топ. «Қандай материалдан жасалған?» ағаштан, шыныдан, темірден жасалған заттардың суреттерін 3 жиынға бөліп жапсырады.
7. Постер қорғау. Әр топ өз постерлерін қорғайды. Басқа топтар оларды қошемет көрсету арқылы бағалайды.
8. Сұрақ арқылы сабақты қорытындылау.
9. Рефлексия. «Бағдаршам әдісі» арқылы оқушылар өзін- өзі бағалайды. 10. Бағалау.
Сау болыңдар! До свидания! Good bye! |
1-10 дейінгі карточкалар
4,5,6 сандары жазылған пошталар, есептер жазылған карточкалар.
Үлестірмелі карточкалар.
Жиындар бейнеленген сурет.
Балалар қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін орындайды.
№1 топ. А3 форматы, киімдердің, жиһаздардың, ыдыстардың суреттері,желім.
№2 топ. А3 форматы, ащы және тәтті заттардың суреттері,желім.
№3 топ. А3 форматы, ағаштан, шыныдан, темірден жасалған заттардың суреттері,желім.
Қызыл, жасыл, сары карточкалар.
|
||
«әл - Фараби» мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Заттарды жиынға біріктіру.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
0 «А» мектепалды даярлық
сыныбының мұғалімі: Егизбай
Айгерим Маратқызы
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген