400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Заттардың жіктелуі"5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттардың т жіктелуі туралы мағұлмат береді. Қоспалар туралы кеңес береді. 5 сыныпқа өте пайдалы көмегі жақсы тиеді деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: «Сауран» жалпы орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Коргалова Майра

Сынып – 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

5.2В Заттардың жіктелуі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1 қоспалар мен таза заттарды ажырату

5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну

Сабақтың мақсаттары

заттардың жалпы сипатттамалары, жіктелуі және олардың арасындағы генетикалық байланысты қарастыру, оны түсіндіру;


Жетістік критерийлері

Қоспаларды бөлу әдістермен танысу, негізгі әдістерді (тұндыру, елеу, сүзу, булану әдістеріне тәжірибе жасау) үйрену; қауіпсіздік ережелерін сақтап, нұсқаулық бойынша жұмыс істеу және химиялық тәжірибе туралы қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудио тест, жаңа тақырып бойынша таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Табиғат-зат

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару. «Айна» ойыны арқылы оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру. 2-минут

  • «Жәрмеңке» әдісі арқылы» оқушыларды «Таза зат», «Қоспа», «Табиғи қоспа», «Жасанды қоспа» топтарына біріктіру. 3-минут

  • «Поп корн» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру үшін тест тапсырмасын орындайды. 5-минут

  1. Белгілі бір температураға дейін қыздырған кезде, өз формасын сақтай алмағандықтан еріксіз сұйықтыққа айналады. Бұл процесс қалай аталады?

А) қатаю

Б) балқыту

В) булану

Г) конденсация

2. Арнайы пештерде, болат құятын зауыттарда қыздырылған болат қалай аталады?

А) сұйық болат

Б) шойын

В) қайнап жатқан болат

Г) балқытылған темір

3. Заттың сұйық түрден газ түрге айналуы қалай аталады?

А) қайнау

Б) балқыту

В) қату

Г) конденсация

4. Төменде келтірілгендердің ішінен дұрыс процесті көрсетіңіз. Бұл баяу процесс және ол сұйықтықтың беткі қабатында ғана жүргізіледі.

А) қатаю

Б) қайнау

В) булану

Г) конденсация

5. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын жер бетіндегі жалғыз металл.

А) лава

Б) никель

В) сынап

Г) парафин

Айна ойынының ережесі

Қорапшалар





Тест парақшалары

Сабақтың ортасы

23 минут



  1. «Көзге көрінетін айғақтар» әдісі арқылы «Таза заттар мен қоспаның айырмашылығы» туралы видеоролик көрсету және талдау. 6 минут

  2. Жаңа тақырып бойынша таныстырылым жасау. 5 минут

  3. «Қызық екен» әдісі арқылы топтық жұмыс барысында тәжірибелер жасау және қорытынды жасау. 12 минут

  • «Таза зат» тобына: «Тұндыру» әдісі арқылы су мен құмның қоспаларын ажырату. (қажетті заттар стакан, су, құм, қасық)

  • «Қоспа» тобына: «Елеу» әдісі арқылы ұн мен кебекті ажырату. (Қажетті заттар стакан, сүт,)

  • «Табиғи қоспа» тобына: «Сүзу» әдісі арқылы сүтті майынан ажырату.

  • «Жасанды қоспа» тобына: «Буландыру» әдісі арқылы тұз ерітіндісін судан ажырату.

Видео ролик



Оқулық

Стакан, су, құм, ұн, елгезер, сүт, тұз

Сергіту сәті

1 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы

Кері байланыс

6 минут


«Балалар философиясы» әдісін қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықта меңгергенін анықтау мақсатында оқушыларға суреттер таратылып қайта топтарға біріктіріледі.




Рефлексия

О қушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.


Сурет қиындылары






Микрафон







Саралау



Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаланамын. Дарыны мен талантына қарай зерделеу, тәжірибе жасауға тапсырмалар беремін

Критерийлері

Дескриптор

*Теориялық материалды игеру;






*Тәжірибе жасауға қатысу;










*Алған білімдерін қолдана алады;

* Таза заттар мен қоспалар туралы біледі;

*Қоспа заттарды қалай ажырауға болатынын түсінеді;


*Тәжірибені жасаудың ережесі туралы түсінеді;

*Қоспаларды ажырату үшін тәжірибе жасайды;

*Жасалған тәжірбеге қорытынды жасайды;


*Қоспа түрлерін ажырата алады;

*Өз тұжырымдарын жасай алады;



Шыны ыдысты, электр тогын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлекция:


  • Сабақты мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

  • Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (Тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Уақытты қалай пайдаландың?

  • Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі