400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Заттың атын білдіретін сөздер" 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ашық сабақ өткізуге қосымша көмек болса деймін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың-жаны сау

Сынып:1

Мектеп:Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы

Мұғалім: Бекжигитова Айзада Жумабаевна

Сабақ тақырыбы:

Заттың атын білдіретін сөздер

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегі

мен мәтінде кім (не?) туралы айтылғанын анықтау,

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Спорт түрлерін, заттың атауларын біледі, заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: Заттың атын білдіретін сөздерді орынды пайдаланады. Өлең мазмұнына сүйеніп,оқиғаның ретін ажыратады.

Оқушылардың кейбірі: Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыра алады .

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.

  • Мәтін мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыс жасау барысында қарым-қатынас жасау қабілеті дамиды.Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері артады.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану « Дені саудың-жаны сау» бөлімі

Бастапқы білім:

Заттың атын білдіретін сөздерді біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут





Сабақтың ортасы

4 минут
























3 минут














5 минут












5 минут














































5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Ақ пейілді тілекпен

Мейірімді жүрекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық- деп амандасып орындарына отырады


Ширату жаттығуы

Балалар бізге Білмесхан деген бала хат жіберіпті.Соны оқып берейін. «Сәлем достар! Мен биыл мектепке баратын едім. Сендерден көмек сұрайын деп едім. Анам маған оқу құралдарын сатып әкеліп еді. Мен оның аттарын білмеймін. Сендер мектепте оқисыңдар ғой. Сендерге суреттерін жіберем сендер сол заттардың атын жазып берсеңдер.

Сәлемнен Білмесхан»

Ал енді балалар мен сендерге жіберген суреттерді көрсетем. Сендер аттарын атап, тақтаға жазасыңдар.Суреттер ілінген сайын Не? деген сұрақтар қойып отырамын. Соңында Білмесханның суретін ілемін. Оған Кім? деген сұрақ қоямын.

Суреттердің бәрі аталып, талқыланып қорытылады.

Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сұрақтар қойылады.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты балалар денсаулық туралы білу, заттың атын атау, адам өміріндегі маңызы туралы білу


Топқа біріктіру: Суреттер арқылы топқа біріктіру


1 топ «Адамзат» суреттен мамандық иелерін таңдағандар


2 топ «Жануар» жануарлардың суретін таңдағандар



3 топ «Заттар» заттардың суретін таңдағандар



Ұжымдық жұмыс(Оқулықпен жұмыс)

«Сұрақ-жауап» әдісі

-Балалар суретте не көріп тұрмыз?

-Күн тәртібінің денсаулыққа қатысы бар ма?

-Дені сау адам дегенді қалай түсінесің?

-Дені сау болу үшін не істеу керек?

Ұжым пікірін тыңдап, жарайсыңдар, керемет деген мадақтау сөздерін айтып ынталандырамын.


Топтық жұмыс «Конверт» әдісі

  1. Топ Тапсырма: Мәтінді аяқтау, қарияның жауабы. Толықтырып түсініктерін айту

Мектеп стадионында бір қария мен 7-8 жастағы бала күнде таңертең кездеседі. Қария түрлі жаттығулар жасайды. Арасында жүгіріп те қояды.

Ал бала болса, тек итін қыдыртып жүреді.Бірде бала қариядан осынша жасқа келсе де, спортпен айналысуының себебін сұрайды.

2 топ

Тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп сақналау.

Мектеп стадионында бір қария мен 7-8 жастағы бала күнде таңертең кездеседі. Қария түрлі жаттығулар жасайды. Арасында жүгіріп те қояды.

Ал бала болса, тек итін қыдыртып жүреді.Бірде бала қариядан осынша жасқа келсе де, спортпен айналысуының себебін сұрайды.

3 топ

Тапсырма: Мәтінді түсініп оқы.Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып қорша.

Мектеп стадионында бір қария мен 7-8 жастағы бала күнде таңертең кездеседі. Қария түрлі жаттығулар жасайды. Арасында жүгіріп те қояды.

Ал бала болса, тек итін қыдыртып жүреді.Бірде бала қариядан осынша жасқа келсе де, спортпен айналысуының себебін сұрайды.


Кері байланыс:

- Тапсырманы орындағанда неге сүйеніп орындадың?

- Орындау барысында неге көзің жетті?

-Тапсырманы орындау барысында не үйрендің?


Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс


Жұптық жұмыс

"Ойлада, жеткіз" әдісі. Бір оқушы кез келген сөзді жасырып, оның өзіне тән ерекшелігін айтады. Екіншісі сөзді тауып айтуы қажет. Керісінше жауап берген бала жасырып, екінші бала жауап береді.

Оқушылар бір-бірін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Шаттық шеңбері













































































Объект 1 Объект 2 Объект 3









Сергіту сәті

1минут






5 минут




















5 минут

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып бір тұрып

Бой сергітіп алайық. (балалар қимыл қозғалыспен жасайды)

Жеке жұмыс (Сараланған тапсырмалар)

1.Мұғалімнен көп қолдау қажет ететін оқушыларға:

«Артық сөзді тап»

( қой, ешкі, түлкі, сиыр)

(кітап, қалам, дәптер, жарыс)

(барабан, аю, арыстан,түлкі)

2. Мұғалімнен орташа қолдау қажет ететін оқушыларға:

(Мамандық иесі кім?)

(Не? Кім?)

Ұшақ.....

Білім......

Машина...

Тамақ....

Сурет.....

3. Мұғалімнен аз қолдау қажет ететін оқушыларға: Тақырыптарға сәйкес заттың атын білдіретін сөздер жаз


Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Бағалау критерийі: Білім алушы:

Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тапсырма:

Өлеңді мұқият тыңдаңыз.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан, - Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.

Арғы тегім – ақ бидай, Тәттімін жеп көр, бақшимай! Жесең өзің байқарсың, Рақметіңді айтарсың.

(Ө. Тұрманжанов)

Өлең не туралы?

Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз.


Дескриптор: Білім алушы:

  • өлеңнің не туралы екенін анықтайды;

  • өлеңнің мазмұнына сүйеніп, оқиғаның ретін анықтайды;

  • - нанның дастарқанға жету жолын әңгімелейді.

Сараланған тапсырма (Қарқын тәсілі) «Денім сау болсын десең» тақырыбына әңгіме құра.

Сергіту сәтіне арналған жинақ



























































Аяқталуы

2 минут


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Даналық ағашы» әдісі. Балалар

сабақ соңында көңіл- күйін, сабақ жөніндегі көзқарасын стикерге жазып,”Даналық ағашына” іледі.



Сабақтың соңы

2 минут

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушыларға сараланған тапсырмалар қолданамын

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Дүниетану сабағы

оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
3012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі