400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ "Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз - жыл басы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз - жыл басы.
Сабақтың мақсаты: 1) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беріледі, сұрақтарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Наурыз – жыл басы және оның шығу тарихы, тойлану себебі туралы мағлұмат беріледі, Жыл санау күнтізбесін жатқа меңгереді. 3) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық тәрбие, патриоттық сезім қалыптастырады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: жыл аттарының суреті; Ұлттық дәстүрлер туралы суреттер
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де,сіз

Кішіге де, сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз

Ал, балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Біздерге көптеген қонақтар келіп отыр.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде ең алғаш қандай гүл өседі ?

-Бәйшешек , жауқазын, қызғалдақ

-Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды сары гүл-5, көк гүл-4, қызыл гүл- 3пен бағалаймыз. Ол үшін сабаққа белсене қатысамыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау: 3-4 оқушы айтады.

Абайдың ауылына келген кімдер еді?

Абай ақындардан не үйренді?

Абайға Барлас қандай тілек айтты?

Абай өскенде кім болды?

Ақын тілегі әңгімесінің авторы кім?
III. Қызығшылықты ояту.

Мағынаны тану: Суреттер сөйлейді:
1 - сурет: Қыздар мен жігіттер алтыбақан тепті.
2 - сурет: Ауыл үлкендері көрісті.
3 - сурет: Бишілер биледі.
Осы сөйлемдердегі соңғы сөздерге сұрақ қойыңдар:
Тепті - не істеді? Көрісті - не қылды? Биледі - не істеді?

Жаңа сабақ : Тақырып: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсатымыз:Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. «Наурыз - жыл басы» өлеңімен таныстыру.

Ереже: Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді. Оқыды, жазды, жүгірді, жүзді.

Топтық жұмыс:
VI.Кітаппен жұмыс:

Оқулықтағы жаттығу орындауды тапсыру 109-жаттығу
1 топ Әңгімені оқу
2топ Әңгіменің мазмұнын айту
3 топ Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар

Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды. Сонан соң тамақ пісірді. Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды.

шашты Не істеді?
құйды Не қылды?

пісірді Не істеді?
оралды Қайтті?

қуанды Қайтті?
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.

Көне парсы тілінде нау-жаңа ,рыз-күн, «жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған.

Наурыз - табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі.

Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырылады. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп аттап, жаңа жылдың басы деп санаған. 14-наурыз адамдар бір- бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Адамдар бір бірімен кездескенде:

 Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!- деп құттықтайды.

Сергіту сәті ( музыкамен қимыл жасау)

Жыл басына таласқан хайуанаттар туралы ертегі тыңдаймыз. (бейнеролик)
Наурыз - жыл басы өлеңін мәнерлеп оқыту жаттату,
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тұрма именіп ділмардан.

Наурыз- жыл басы өлеңнің авторы Сабит Мұқанов жазған.

- Автор туралы мәлімет
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900 - 1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1936 - 1937 және 1943 - 1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Жыл аттарын айтып, қандай әріптен басталып тұрғанын айтады.

Биыл қай жыл?

Сен қай жылы туғансың?
Дәптермен жұмыс

Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз

Математикалық логикалық есептершығару.

Далада тұр 5сиыр,

Қорада тұр 2 қой

Болады сонда қанша? 7

Ағашта 5- маймыл,

1-маймыл жүгірді,

1-маймыл тығылды,

Қалды сода неше маймыл? 3

Тауықта 2- аяқ,

Қоянда 4- аяқ

Барлығын қосқанда неше аяқ ? 6

Қорыту: Наурыз –жыл басы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Наурыз мейрамы қашан, қалай тойланады?
- Жыл басы не?
- Жыл атауларын кім шапшаң атап береді?
- Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата?
- Заттың қимылын білдіретін сөздер ережесін толық айт.

Наурызда кім бата береді?

Наурыз тілек         (Қыдыр атаның суреті слайд көрсетіледі)


Оқушылар бір - біріне мерекелік жылы сөздер айтады.
Үйге тапсырма: 110-ж аттығу Наурыз – жыл басы өлеңін жаттау

Бағалау.






































Сабақ соңы:

үні 6 .03.14 Ана тілі 1в сынып 
Сабақтың тақырыбы Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз-жыл басы
Сілтеме Ана тілі оқулық «Атамұра» 2012 ж АКТ слайд .сызбалар
Жалпы мақсаттары 1. Өлеңді мәнерлеп оқи білу.
2. Заттың қимылын білдіретін сөздермен таныстыру.
3. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
4. Диалогтік оқыту арқылы сөздік қорын кеңейту.
5. Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
6. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
7. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;


Оқыту нәтижесі Өлеңді мәнерлеп оқиды, идеясын түсінеді;
• Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы мағлұмат алады.
• Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады;
• Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады;
• Топпен жұмыс жасауға белсенді қатысады.;
• Шығармашылықпен ойлай алады;

Тапсырмалар 1Ұйымдастыру 7.Сергіту сәті «Қаражорға»
2 Үй тапсырмасын тексеру 8.Бағалау
3 Ой қозғау 9. Уақыт шеңбері 
4»Бірге ойлаймыз»
5. «Мюнстенберг»әдісі
6.Жұптас,ойлан, талқыла

Уақыты Мұғалімнің әрекеті: Оқушылардың әрекеті:
Сабақтың барысы:
Кіріспе
Сыныпты сабаққа ұйымдастыру
(ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Күнге қолдарыңдысозыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылумен махаббатқа толтырады
-Міне ,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
2. Гүлдердің аттары бойынша балалар төрт топқа бөлінеді: «Бәйшешек», «Қоңыраугүл», «Жауқазын»
«Қызғалдақ»
Білу 
Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен материалды қайталау.
Мұғалімнің әрекеті
Сұрақтар қойылады.
-Абайдың ауылына келген кімдер еді?
-Абай ақындардан не үйренді?
-Абайға Барлас қандай тілек айтты?
-Абай өскенде кім болды?
Сұрақтар қояды:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемнің ерекшеліктері қандай?
- Көктем мезгілі сендерге ұнайма?
- , Неліктен?
Түсіну Ой қозғау
1. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу..
Жаңа тақырыппен таныстыру:
- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (Не істеді? Не қылды?Қайтті?)
Осылайша заттың қимылын білдіретін сөздермен танысады. 

Бірге ойлаймыз
Мұғалімнің әрекеті:
Оқулықтағы жаттығу орындауды тапсыру 109-жаттығу
1 топ Әңгімені оқу
2топ Әңгіменің мазмұнын айту
3 топ Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар
4 топ не істеді?не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер айту 

2. Оқулықпен жұмыс«Наурыз –жыл басы» өлеңін,тізбектей.хормен оқи отырып,өлеңді өз сөзіңмен калай түсіндірер едіңдер? таныстыру

Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан
Жатпа қарап,мойыма,
Тұрма именіп ділмардан
Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді 
Жұппен жұмысты қадағалайды.
- Сонымен жылбасы қай жануар болды?
Сын тұрғысынан ойлауға«Мюнстенберг» әдісі
Жыл аттарын тауып айту
Қолдану «Жұптас,ойлан,талқыла»
Стикерге жазылған тапсырмалар ұсыну
1 топ-Не істеді?сұрақтарына жауап беретін сөздер жазу 
2 топ-Не қылды?сұрақтарына жауап беретін сөздер жазу 
3 топ-Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздер жазу 
4 топ-Заттың қимылын білдіретін сөздерге сөйлем жазу 
Сергіту сәті «Қаражорға»биі
Талдау
1. Оқулықпен жұмыс
Өлеңнің ішінен жыл аттарын көшіріп жазыңдар
Мұғалімнің әрекеті:
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгендерін байқайды.
Балалардың дұрыс отыруын, жазу ережесін сақтауды қадағалайды.

Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың..................

қимылын
Іс-әрекетін
білдіреді 

Жинақтау
1.«Көктем»тақырыбында эссе жазу
Мұғалім эссе жазуды ұсынады
Бағалау
Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма?
Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды.
Рефлексия : Уақыт шеңбері 
Мұғалім сұрақтар қояды: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?
Топ ішінде бір - біріңе көмектестіңдер ме?

Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасын қалай орындау керек екенін түсіндіру

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,Ізгі әрі нәзік,жарық.мейірімді
.Болып кетер сонда менің жан –жағым

Оқушылар суреттің қиындылары бойынша топтасып отырады

Әр топтан 1 оқушы қысқаша мазмұнын айтадыСұрақтарға жауап беруге тырысады, Өз ойларын айтады.
Оқушылар суретке қарап сұрақтар қоядыЗаттың қимылын білдіретін сөздер екенін біледі
1.Әңгіменіоқып,мазмүнын айтып береді
2.Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін біледі
Оқу түрлері хормен,тізбектей оқиды
Топта қара сөзбен айтып жариялайды.
Оқушылар жыл атарын табады.
Тапсырмаларды алып,топпен орындайды, қорғайды
Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады

Жеке жұмыс арқылы өз беттерімен жаттығуды
орындайды
Оқушылар орындаған тапсырмаларын ауызша талдайды
Оқушының әрекеті:
Балалар ержені жалгастырып айту керек
Өз ойын мәнді жеткізуге тырысады сыныпқа жариялайды
Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша
(жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды.Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды.
Оқушылар шеңбер құрып 
сабақты талНаурыз - жыл басы

 

  • 18 ақпан 2014

 

  • 5452

 

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы, наурыз көже берудің маңызы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, итерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушылар бір - біріне мерекелік жылы сөздер айтады.
Мұғалім сөзі:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған. Халқымыздың ежелгі наным - сенімі бойынша наурыздың алғашқы күні жер - көкті жарып шыққан ерекше дыбыс естіледі. Дыбысты жұмақтан шыққан қой мен оны бағып шыққан қойшы ғана естиді. Наурыз мейрамы жаңа жылдың бастауы ғана емес, достық пен бірліктің, халықты тазалыққа шақырып, еңбекке бастайды.
Наурыз - табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Халқымыз мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру - сырқаудан, пәле - жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Бұл күні таза киімдерін киіп, жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді. Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырған. Бүгінгі күні біз де " Шапағат" және " Бәйшешек" топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
2) Сайыстың барысы
І. Таныстыу.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйер.(сұрақ - жауап)
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
ІҮ. Кім тапқыр
Ү. Сандар сыры.
ҮІ. Ас - адамның арқауы
Сайысымыздың бірінші кезеңінің шарты: Екі топ өздерінің топтарының аты, төсбелгісі, ұраны және мүшелерімен таныстырады.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйeр.
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе сол топ бірінші жауап береді.
1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2. Наурыз көже неше түрлі тағамның қосындысынан жасалынады?
3. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
4. Наурызшешек қандай өсімдік?
5. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?
6. Наурыз тілек деген не?
7. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.
8. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата
9. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата
10. Наурыз бата деген не?
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
Шарты: Берілген мақал - мәтелдің жалғасын табу қажет.
1. Орамал тонға жарамаса да, (Жолға жарайды)
2. Тойға барсаң бұрын бар,
(Бұрын барсаң орын бар)
3. Құтты қонақ келсе,
(Қой егіз табады)
4. Батыл жігіт жол бастар,
(Ақын жігіт той бастар)
5 (Алы жасар бала алыстан келсе)
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
6. Той дегенде қу (бас домалайды)
7. Саналы ел (салтын сақтар)
8. Ата жолы - адамдық, (ана жолы - адалдық)
9. Ағадан - ақыл, (данадан - нақыл)
10. Әке көрген оқ жонар ( шеше көрген тон пішер).
ІҮ. Кім тапқыр!
Шарты: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қуаныш иесіне қуанышына ортақтасып сый беру (көрімдік)
2. Қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, күтіп алу ( қонақасы)
3. Қуанышты хабар жеткізілген адамға берілетін сый (сүйінші)
4. Көптен көрмеген адамдардың бір - біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)
5. Алыс сапарға шыққан адамдардың туыстарына алып келетін сыйы (базарлық)
6. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы беру дәстүрі (ерулік)
7. Жасы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттен дәм тарттыру рәсімі (асату)
8. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, қалған жастар жолдастарын шақырып ойын - сауық өткізуі (бастаңғы)
9. Ата - анасының баласына арнап жас төлге ен салу дәстүрі (бәсіре)
10. Көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі (асар)
Ү. Сандар сыры:
Шарты: Екі топ ұяшықта көрсетілген сандарды таңдап, сол санға қатысты берілген сұраққа жауап береді.
7 саны.
1. Жеті жоқты ата.
2. Жеті атаңды атап бер.
3 саны.
1. Үш арсызды ата.
2. Үш жетімді ата
5 саны.
1. Бес парызды ата
2. Бес дұшпанды ата.
ҮІ. Ас адамның арқауы.
Шарты: Екі топ үйден дайындап келген наурыз көжелерінің жасалу технологиясымен таныстырып өтеді.
ҮІ. Қорытынды
Жеңген топты марапаттау.

Кері қайтуНаурыз - жыл басы

 

  • 18 ақпан 2014

 

  • 5452

 

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы, наурыз көже берудің маңызы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, итерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушылар бір - біріне мерекелік жылы сөздер айтады.
Мұғалім сөзі:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған. Халқымыздың ежелгі наным - сенімі бойынша наурыздың алғашқы күні жер - көкті жарып шыққан ерекше дыбыс естіледі. Дыбысты жұмақтан шыққан қой мен оны бағып шыққан қойшы ғана естиді. Наурыз мейрамы жаңа жылдың бастауы ғана емес, достық пен бірліктің, халықты тазалыққа шақырып, еңбекке бастайды.
Наурыз - табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Халқымыз мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру - сырқаудан, пәле - жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Бұл күні таза киімдерін киіп, жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді. Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырған. Бүгінгі күні біз де " Шапағат" және " Бәйшешек" топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
2) Сайыстың барысы
І. Таныстыу.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйер.(сұрақ - жауап)
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
ІҮ. Кім тапқыр
Ү. Сандар сыры.
ҮІ. Ас - адамның арқауы
Сайысымыздың бірінші кезеңінің шарты: Екі топ өздерінің топтарының аты, төсбелгісі, ұраны және мүшелерімен таныстырады.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйeр.
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе сол топ бірінші жауап береді.
1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2. Наурыз көже неше түрлі тағамның қосындысынан жасалынады?
3. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
4. Наурызшешек қандай өсімдік?
5. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?
6. Наурыз тілек деген не?
7. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.
8. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата
9. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата
10. Наурыз бата деген не?
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
Шарты: Берілген мақал - мәтелдің жалғасын табу қажет.
1. Орамал тонға жарамаса да, (Жолға жарайды)
2. Тойға барсаң бұрын бар,
(Бұрын барсаң орын бар)
3. Құтты қонақ келсе,
(Қой егіз табады)
4. Батыл жігіт жол бастар,
(Ақын жігіт той бастар)
5 (Алы жасар бала алыстан келсе)
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
6. Той дегенде қу (бас домалайды)
7. Саналы ел (салтын сақтар)
8. Ата жолы - адамдық, (ана жолы - адалдық)
9. Ағадан - ақыл, (данадан - нақыл)
10. Әке көрген оқ жонар ( шеше көрген тон пішер).
ІҮ. Кім тапқыр!
Шарты: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қуаныш иесіне қуанышына ортақтасып сый беру (көрімдік)
2. Қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, күтіп алу ( қонақасы)
3. Қуанышты хабар жеткізілген адамға берілетін сый (сүйінші)
4. Көптен көрмеген адамдардың бір - біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)
5. Алыс сапарға шыққан адамдардың туыстарына алып келетін сыйы (базарлық)
6. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы беру дәстүрі (ерулік)
7. Жасы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттен дәм тарттыру рәсімі (асату)
8. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, қалған жастар жолдастарын шақырып ойын - сауық өткізуі (бастаңғы)
9. Ата - анасының баласына арнап жас төлге ен салу дәстүрі (бәсіре)
10. Көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі (асар)
Ү. Сандар сыры:
Шарты: Екі топ ұяшықта көрсетілген сандарды таңдап, сол санға қатысты берілген сұраққа жауап береді.
7 саны.
1. Жеті жоқты ата.
2. Жеті атаңды атап бер.
3 саны.
1. Үш арсызды ата.
2. Үш жетімді ата
5 саны.
1. Бес парызды ата
2. Бес дұшпанды ата.
ҮІ. Ас адамның арқауы.
Шарты: Екі топ үйден дайындап келген наурыз көжелерінің жасалу технологиясымен таныстырып өтеді.
ҮІ. Қорытынды
Жеңген топты марапаттау.

Кері қайтуСабақтың тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»

 Сабақтың мақсаты:

  1.Білімділігі: оқушыларға наурыз туралы түсінік беру, ән үйрету.

  2.Тәрбиелігі: оқушыларға рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

  3.Дамытушылығы: наурыз мейрамына деген қызығушылықтарын арттыру.

 абақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: баян ,домбыра, үн таспа, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Жаңа сабақ

  2. Ән үйрену.

  3. Музыка тыңдау.

     5 . Қорытындылау.

Жаңа сабақ:

 Оқушыларға ортақ сұрақ: «Наруыз » сөзін қалай түсінеміз?  Оқушылар сұраққа жауап береді.

Наурыз- шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы.Бұл-күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп,адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп аттап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 нен 22 сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті,киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса ,  «нұр жауды,туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Бұл күні адамдар бір бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір бірімен кездескенде:

 Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!- деп құттықтайды.

( 14 наурыз күннін өзім түсіндіріп өтемін) Аспаптар және ұлттық ойындар  туралы айтып өтемін.

Музыка тыңдау:  К.Ыбырайұлының «Наурыз» әннін тыңдау.

Маңғыстаулық Көмек Ыбырайұлы балалар ақыны, сазгер ,бірнеше ән –күйлердің авторы.

Әрі көптеген балаларға арналған кітаптардың авторы. Атап өтетін болсақ «Апа ,туған күніңмен», «Көжек» , «Аспаптар сөйлейді» , «Ақ кеме» т.б

Ән үйрену:  К.Ыбырайұлының  «Наурыз» әннін жаттау. Хормен айту.

                                    «Наурыз»  авторы: К.Ыбырайұлы.

1.Наурыз келді тағы да құшақтап гүлін.

   Құтты болсын мереке, той сәні бүгін.

   Құтты болсын жаңа жылым ,

   Думандасын дала қырым.

   Жетсін,жетсін алысқа үнім.

Қ-сы: Уа,халайық,ән салайық , биге басалық.

          Нұр жайнасын жанарлар да,  қарттар жасарып .

          Құтты болсын жаңа жылым,думандасын дала қырым,

          Жетсін, жетсін алысқа үнім!

  1. Әр ошақта жағалық бақыттың шамын,

     Қарсы алалық бдәріміз жақұт түн таңын.

     Қыдыр ата әр үйге енсін,

     Жаңа  өмірге сәби келсін,

     Ұлассын той, той бола берсін.

Қ-сы: Уа,халайық,ән салайық , биге басалық.

          Нұр жайнасын жанарлар да,  қарттар жасарып .

          Қыдыр ата әр үйге енсін жаңа өмірге сәби келсін,

          Ұлассын той, той бола берсін!

Қорытындылау

Үйге тапсырма: әнді жаттау. Әр топ бүгінгі өткен сабақ бойынша ой толғау жазып келу.





АУРЫЗ ТОЙЫ. ЗАТТЫҢ ҚИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР

ADMIN · МАР 17TH, 2014 · 0 COMMENT

Талдықорған қаласы
№ 14  орта  мектеп – гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Аппасова Еркежан Жиенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы. Заттың  қимылын  білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1 Білімділік: Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушының таным әрекеттерін дамыту(ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жаттығу тапсырмаларын орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жазба жұмыстары арқылы сауатты жазуға үйрету).  Оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы сөздік қорын, байланыс- тырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу.
22 наурыз тойының мәнін түсіндіру. Табиғатқа  деген сүйіспеншілігін  арттыру.
4. Психологиялық. Оқушының танымдық  үдерісін (процесі) дамыту. Қиял.
Мақсаты: Оқушының  қиялын дамыту, ойша көз алдына елестете білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау  жұлдызшалары, ребус, үлестірмелі   көрнекілік (жұмыртқаның, жүрекшенің суреті ) т.б
Сабақтың типі: сабақ элементтерінің көрінісін іске  асыру мақсатында
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақта қолданатын технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдістері: сұрақ–жауап, әңгіме, ойын, түсіндіру, ізденушілік, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, өзін-өзі тану, бейнелеу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен  сәлемдесу,түгендеу, оқушыларды  келген  ұстаз қонақтармен сәлемдестіру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Біздің  ұранымыз
Мұғалім                                             Оқушылар
– Әрбір адам ?                                – туыс, дос, жұрағат.
– Әрбір сабақ ?                               – үйрену, ұғыну, ұлағат.
– Әрбір ісің ?                                  – тіршілік, тірлік, адамдық.
– Әрбір сөзің ?                                 – шындық, бірлік, адалдық.
Жақсы, олай  болса  сабағымызға  мұқият  болайық.
ІІ. Психологиялық  тапсырма.
Балалар бүгін күн сенбі – Қиялдау үдерісі (процесі).
Тапсырма: қиял үдерісін  дамытуға  арналған жаттығу « Сиқырлы жұмыртқа »

  • Шарты: әр баланың  қолына  жұмыртқа  тәрізді  сопақша  қиылған  қағаз таратылып беріледі. Жұмыртқаны  қағаз бетіне  өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша  ойдан  бір затты (одан да көп затты ұқсайтыны) бейнелеп салуына болады.

                      «Сиқырлы жұмыртқа»

Оқушының танымдық  үдерісін дамыту.

Зейін. Оқушы зейінін дамытып, зер салып, көңіл аударуға үйрету.

Сандарды  кері  сана

з      ы      у      н      а       р

1      2      4      6       5      3

–  Балалар наурыз айы жылдың қай мезгіліне жатады?

–  Көктем мезгіліне.

–  Көктем мезгіліндегі ай аттарын атап беріңіздерші.

–  Наурыз, сәуір, мамыр

– Балалар, зер салып тыңдап, көз алдыңызға  елестетіңізші.  Көктем мезгіліндегі  табиғаттан  қандай өзгерістерді  байқауға болады?

– Балалардың жауаптары …

– Наурыз айында қандай мерекелерді тойлаймыз?

– 8 наурыз.., 22 наурыз…

–  Ал, үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ. Үй тапсырмасы.

1. «Наурыз  көже» өлеңін  мәнерлеп оқу.

2. Наурыз  көже қалай жасалатынын біліп келу.

Өлеңді бір оқушыға  мәнерлеп  оқыту.

-Енді өткен сабақты еске түсірейік

ІV.Өткен сабақты пысықтау.   Ереже.

  1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді.

Қызығушылықты ояту

Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруы,үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру

 

Слайд

 

 

Кім? Кімдер? Не? Нелер?  сұрақтарына жауап беретін сөздер адамдардың, жануарлардың, заттардың атын білдіреді.

Ой қозғау

Өзектілігі: Үйренушінің белсенділігін, танымдық қабілетін арттыру

-Балалар, заттардың қимыл іс- әрекетін білдіретін сөздерді атайық.

 

Слайд

Заттың қимылын білдіретін сөздер мынадай топтарға бөлуге  болады.


V. Жаңа сабақ.

Мағынаны  тану

Өзектілігі: заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздертақырыбынан алған білімдерін жаттығу орындау арқылы пысықтау, толықтыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Наурыз тойы.Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Бүгінгі күн жадын жазу:

Наурыздың он бесі

Сынып жұмысы

Көркем жазу минуты  Өткен сабақта (Мм-үнді, ерін дауыссыз дыбысы)

Нн- үнді, тіл ұшы дауыссыз дыбысы. Нн дыбысының айтылу артикуляциясына көңіл бөлу, оқушыларға бірнеше рет қайталату.

Ауада жазу     Нн    Нн      Нн

Дәптерге жазу  Нн    Нн      Нн…      Наурыз-жыл басы

Оқулықпен жұмыс. 129-130 беттер

114-жаттығу.

1. Сұрақтың орнына керекті сөздерді  қойып, сөйлемдерді  көшіріп  жазыңдар.

2.  Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Сергіту сәті.

Наурыз тілек         (оқушылар айтып тұрғанда слайд көрсетіледі)

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Әдеби мәтін бөлімі бойынша  Әдібай   Табылды атамыздың  «Наурыз тойы» өлеңімен танысамыз. Авторлар туралы түсініктеме беру:

 

                                        

 

     Әдібай Табылды –1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының докторы. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).

«Наурыз тойы»  өлеңді мәнерлеп оқып, идеясымен таныстыру.

  1. Наурыз тойы дегеніміз қандай той?

  2. Наурызда қандай игі істер атқарылады ?   …

  3. Өлеңді тізбектей оқыту.

ҮІ.  Жаңа сабақты қорыту:

Шығармашылық жұмыс

Өзектілігі:  өз бетімен тақырыпты дәлелдеудің жаңаша нұсқауын орындау.

Тапсырма: 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне тілек айту(жүрекшеге жазу, барлық жүрекшелерді үлкен бір жүрекшеге тоғыстыру)

Аспанға қарап ай көрдім.

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

-Балалар ұлыстың ұлы күні елімізге жақсы тілектер тілейік. Көптің тілеуі қабыл болсын!

 

VІІ. Сабақты қорыту.

–  Балалар бүгінгі сабақ  ұнады ма?

–  Не оқып, не үйрендік?

VІІІ.Үйге тапсырма. «Наурыз тойы» өлеңін жаттау. 115-жаттығу  129-бетте

ІХ.   Бағалау.  Жұлдызшамен бағалау.

 

Семей қаласы 
№47 жалпы білім беретін орта мектеп 
Жартаева Динара Хусмановна 


Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық 
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, 
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезені 

— Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

ІІ. Әңгімелесу 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 

ІІІ. Тақпақтар 

1-ші бала: Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 
2-ші бала: Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар, 
Ән салуға құштар. 
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат, 
Гүлдер шықты жайнап. 
Қызығып ылғи барамын, 
Қырға шықты ойнап. 
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен, 
Наурыз тойы жырымен, 
Көңіл гүлдей жайнасың. 
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 

6-шы бала: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
7 бала: Наурыз тойы — салтымыз, 
«Көгерсін» — деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 

<p

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

</p


Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) 
8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап, 
Көктем келді еркелеп. 
9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап, 
Бұйра бұлақ еркелеп, 
Көкте бұлттар күркіреп, 
Жерге төкті өрмегін. 
10 бала: Қар су болып жөңелді, 
Қалды дала жалаңаш, 
Күн нұрына кеңелді. 
11 бала: Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды. 
12 бала: Сүті көп те, көмірі аз, 
Болады ғой Наурыз! 
13 бала: Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 
14 бала: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 
15 бала: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 

16 бала: Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

ІV. Жұмбақ 

— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 

VII. Қорытындылау 

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

— Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық! 
Қоян: Қыс келеді ақ тонды ... 
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың! 
Қоян деген момақан мақұлық қой, 
Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?! 
Рахмет! 
— Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар! 

VIII. Ән, би, өлең. 

Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз. 
Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 
1. Бай өлкеммен мақтанам, 
Жырға қосып шаттанам. 
Жерімнің бар байлығын, 
Тәуелсіз ел сақтаған. 
2. Абай атамыздың өлеңдері: 
1. Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сенде бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та, бар қалаң. 
2. Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да қуғанға. 
Әділет шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға, 
3. Бастапқы екеу соңғысыз, 
Біте қалса қазаққа. 
Алдын-жалын, артын-мұз, 
Барар едің қай жаққа? 
0 «Ж» даярлық тобының оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар! 
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі