жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлем бірлігі. 7-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық бөлімі |
Мектеп: «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Арғын.Г Күні: 22.11.21ж Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Заттардың тығыздығы. Тығыздықтың өлшем бірлігі. |
|||||
|
сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.2.14 –сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау; |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Тығыздық анықтамасын және өлшем бірліктерін білу. Көптеген оқушылар: Тығыздықтың формуласын пайдаланып есептерді шығару. Кейбір оқушылар: Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибеде қолдану. |
|||||
|
Бағалау критерийі |
Тығыздық анықтамасын және өлшем бірліктерін біледі. Тығыздықтың формуласын пайдаланып есептерді шығарады. Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибеде қолданады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тығыздық, масса, көлем. |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика . |
|||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагоктың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Басталуы 3 минут
Білу және түсіну 10 минут
Қолдану 10 минут
Сергіту сәті 2 минут
Аяқталуы 20 минут |
Оқушылармен амандасу, сынып реттілігін қадағалау. I.Ұйымдастыру кезеңі 1.1Сәлемдесу. Жағымды ахуал қалыптастыру. «Тілек айту» әдісі Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге байланысты жағымды тілектер айтады. «Таңба»әдісімен қатарға отырады. I қатар- ρ. II қатар –V. Үй тапсырмасын қайталау «Кубизм» әдісімен үй тапсырмасын сұрау. Әрбір оқушы келесі оқушыға сұрақ қою арқылы кубикты лақтырады. Қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.Осылайша үй тапсырмасын қайталайды. 1) Өзар әрекеттесу дегеніміз не? 2) Масса деген не?Қандай әріппен белгіленеді,өлшем бірлігі қандай? 3) Дененің массасын қалай өлшейміз. 4) Масса қандай шама? 5) Массасы ауыр зат пен жеңіл заттың әрекеттесуінде айырмашылықтар болама? II. Жаңа сабақ . Тығыздық
тақырыбы түсіндіріледі. Негізгі анықтамалар жаздырылады. Заттың
тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер
жүргізбей-ақ оның массасын анықтауға
болады: Егер дененің массасы мен
тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға
болады: Ал егер дененің немесе
сұйықтықтың массасы,көлемі белгілі болса, ол дененің не сұйықтықтың
тығыздығын анықтау қиынға түспейді:
III.«Ойлан» әдісі арқылы қызығушылықты оятатын жеке тәжірибе жасау жұмысы. 1. «Пластилиннің тығыздығын анықтау». Алдын ала сыртында массасы жазылған бір пластилин алынады. Сызғыш көмегімен оның ұзындығын, биіктігін өлшеп, көлемін анықтауға болады. Алынған өлшемдер бойынша тығыздығын табады. 2. «Судың тығыздығын анықтау» . Таразының көмегімен бос пластикалық ыдыстың массасын өлшеп, m1=25г екенін анықтағаннан соң, оған су құйып кері өлшегенде m2=47г болады. Енді бізге қажетті ыдыстың ішіндегі судың массасы mсу= m2- m1. 47-25=22г. Ыдыстың ішіндегі судың мензуркамен өлшеп көлемі v =27см3 болады. Осы алынған өлшемдердің көмегімен судың тығыздығы анықталады. Дескриптор: Тығыздықтың физикалық мағынасын айта алады. Тығыздықтың формуласына мысалдар келтіріп есептер шығара алады. Тығыздықты табу жолдарына тәжірибе жасай алады. Өлшем бірліктерді СИ-жүйесіне келтіре алады. Сергіту сәті орындалады. Бір сәт қолдарына жаттығу жасайды. IV«Кім тапқыр?» әдісі бойынша саралау тапсырмалары деңгей бойынша беріледі: А) деңгейі. Тығыздықтың физикалық мағынасын анықтау 1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз? 2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады? 3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер? 4. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді? Дескриптор: Тығыздықтың анықтамасын біледі, өлшем бірліктерін жазады, Формуласын құртындылайды. В) деңгейі Есептер шығару . 1. Металлдың массасы 46,2кг, көлемі 8м3. Қандай металдан жасалған? 2. Бытыраның көлемі свинец 0,8см3. Массасы қандай? Дескриптор: Тығыздықтың формуласын қолданып, есептер шығара алады. Мысалдар келтіреді. С) деңгейі Тәжірибе жасау, күрделі есептер 1. Тығыздықтың мәнін кг/м3 пен өрнекте. 0,12кг/л. 2. Шамның құтысының
сыйымдылығы оған толтыра құйылған керосиннің массасын есепте. Дескриптор: Есептің мағынасын түсінеді , өлшем бірліктерін айналдырады. Есепті шығара алады.
Кері байланыс: Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы өз түсінгендерін және ұсыныстарын білдіреді. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, формула жаттау. |
Мұғаліммен амандасадыСыныпта оқушылардың түгелдігін айтады. Үй тапсырмасына жауап береді. Оқушылар тығыздық туралы мәлімет қалыптастырады.
Әр түрлі заттардың тығыздықтарын өлшеуді үйренеді.
Оқушылар сергіп алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. |
Қ.Б
Қ.Б
Ф.Б
Кері байланыс береді. |
Тақырыпқа арналған физикалық шамалар және таңбалар жазылған қима қағаздар
Оқулық, дәптер, сызғыш
Су, пластикалық ыдыс, таразы, мензурка
Оқулық, дәптер, оқу жабдықтары, Тапсырма жазылған қағаздар |
||
|
Қосымша ақпарат |
||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген