Сабақтың
тақырыбы: Зергерлік
бұйымдар
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Зергерлік
бұйымдар, олардың түрлерімен танысуға, мәтінмен, топпен бірігіп
жұмыс жасауға, сұрақтарға жауап бере алуға, жылдам ойлануға
мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: Сөздік қорын,
сөйлеу әрекетін, ой – өрісін, зергерлік өнер туралы мағлұматты
кеңінен алып, ой түюге жағдай туғызу;
Тәрбиелік: мемлекеттік тілге
деген құрметін күшейту, еңбекқорлыққа
баулу;
Сабақтың типі: жаңа материалды
оқып үйрену сабағы;
Сабақтың түрі: аралас
сабақ,
Сабақтың
әдісі:айтылым, тыңдалым, жазылым,
оқылым, сұрақ - жауап, тілдесім;
Сабақтың көрнекіліктері:
зергерлік бұйымдар,бұйымдардың суреттері, кеспе
қағаздар;
Пәнаралық байланыс: орыс
тілі;
САБАҚТЫҢ
БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ
КЕЗЕҢІ
- Сәлеметсіңдер ме,
оқушылар?!
- Сәлеметсіз бе,
мұғалім?!
- Көңіл-күйіміз қалай, сабаққа
дайынбыз ба?
- Жақсы,
дайынбыз!
ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ,
СҰРАУ, БАҒАЛАУ
Өткен сабақты қорытындылап,
түсінбегендерін түсіндіріп, жаңа сабаққа көшу, сабақтың тақырыбын,
барысын жариялау;
ЖАҢА
ТАҚЫРЫП:
Тақтада зергерлік бұйымдардың
суреттері ілулі тұрады. Мұғалім:
-
Балалар, біз тақтадан не көріп
тұрмыз?
-
Зергерлік
бұйымдар
-
Дұрыс, қане оларды
атайықшы.
-
Білезік, жүзік, сырға, сақина,
шолпы
-
Жарайсыңдар, ендеше біздің
бүгінгі тақырыбымыз «Зергерлік бұйымдар» деп аталады. Ал енді біз
қолдарымыздағы түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлініп, әр топ
белгіленген өз орнына отыра қалсын.
Оқушылар өздеріне берілген
түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлініп
алады.
-
топ «Сырға» 2 – топ «Жүзік»
3 – топ «Білезік»
Мәтінмен
жұмыс
Әр топқа бөлінген оқушылардың
алдында топ атауларына байланысты зергерлік бұйымдар жатады және
сол зергерлік бұйымдарға қатысты үш топқа да мәтіндер
таратылады.
«Сырға»
тобына «Сырға» мәтіні
Сырға – қыз балалар мен әйел адамдар
құлағына тағатын зергерлік бұйым. Сырға әдемі және жеңіл етіп
жасалады. Сырғаны зергерлер күмістен немесе алтыннан
жасаған.
«Жүзік»
тобына «Жүзік» мәтіні
Жүзік – әйелдердің
саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымның бір түрі. Зергерлер
алтыннан, күмістен жасайды. Өрнектермен, бағалы тастармен
әшекейлейді.
«Білезік»
тобына «Білезік» мәтіні
Білезік – қолға тағатын
зергерлік бұйым. Оларға неше түрлі өрнектер салып, дөңгелетіп
әшекейлейді. Оларды күмістен жасайды. Зергерлер зергерлік
бұйымдарды шеберханада жасайды.
-
Мәтінді түсініп оқып алады,
мәтіндегі ерекше дыбыстары бар сөздерді дауыстап
айтады.
-
Әр топқа конверт беріледі.
Конверттің ішіндегі мәтін қиындылары бойынша мәтінді қайта
құрастырады.
-
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
береді. Сұрақтар әр топтың мәтініне қатысты
болады. «Сырға»
тобына:
-
Сырға қандай
болады?
-
Сырғаны неден
жасайды?
-
Сырғаны кім
жасайды?
-
Сырғаны кімдер
тағады?
«Жүзік»
тобына:
-
Жүзікті кімдер
тағады?
-
Жүзікті неден
жасайды?
-
Жүзікті қалай
әшекейлейді?
«Білезік»
тобына:
-
Білезікті қайда
жасайды?
-
Білезік қандай
болады?
-
Оны кімдер
тағады?
Сергіту
сәті.
Кім
жылдам? Тақтада жасырын тұрған сөз
тіркестерін қазақ тіліне аударып жазу (әр топтан бір – бір оқушы
шығып, бес сөз тіркесін тақтаға аударып
жазады)
Драгоценный металлдрагоценный
каменьтребует мастерства
Красивые украшения ювелирные
изделияукрашают жемчугом
Ювелирное искусствосеребряный
кулонзолотой браслет
Золотое кольцоукрашают
бриллиантомкрасивые серьги
Сабақты
қорыту: - Қане, балалар, қазақ тілінің
төл дыбыстары бар зергерлік бұйымдарды атаңдаршы?! (оқушылар
атайды, мұғалім тақтаға зергерлік бұйымдардың атауын тақтаға
іледі)
Үйге
тапсырма:Зергерлік бұйымдарға қатысты
сөзжұмбақ құрастыру;
Рефлексия
кезеңі: Бүгінгі сабақта өтілген
«Зергерлік бұйымдар» тақырыбына қатысты зергерлік бұйымдардың
түрлерімен, мәтінмен танысып, сабақта көңіл – күйіміз жақсы
болды.
№ 79
гимназия
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Зергерлік
бұйымдар
Өтілген күні:
19.09.2013
Қазақ тілі және әдебиетінің
мұғалімі: Оразова Гүлбану
Әбілқасымқызы