жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "З.Шүкіров. Арпалыс" 3 сынып
Әдебиеттік оқу Тексерілді:-
__________ К.Қалбырова.
|
Тақырыбы: З.Шүкіров. Арпалыс |
Мектеп: Мыңбұлақ ЖОМ |
||||
|
Күні: |
Пән мұғалімі: Г.Кеңесбекқызы |
||||
|
Сыныбы: 3 |
Барлық оқушы: - 9 |
Қатыспағаны: - 0 |
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: |
Мәтінді қатесіз жүргізіп оқи алу. Мәтінде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Сұрақтарға жауап беру арқылы сурет бойынша әңгімелей алу. |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
|
Мәтінді қатесіз, жүргізіп оқи алады. |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||
|
Мәтінде айтылған ойдың мағынасын аша алады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Мәтінге сүйеніп, қысқы шопан еңбегі туралы әңгімелей алады. |
|||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: |
||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
|||||
|
Арпалыс, ауа райының қаталдығы, ақтүтек. |
|||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: |
|||||
|
Арпалыс – табиғаттағы қиындықпен күресу Ықтау – боран тимейтін жерге паналау Ақтүтек – қарды оңды-солды ұшырған қатты боран Күйзеліп – қайғырып, уайымдап Қажығанын – шаршағанын Жершіл – жер танитын, адастырмайтын Суық сорып – суық өтіп Зоотехник – мал дәрігері |
|||||
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
|||||
|
Күрең жершіл дейтін әкем. Тізгінін тартпа, есті мал өзі жол табады. Күрең – күйлі, қажырлы ат, ықтай қоймас, желге қарсы жүр деген сөзді Бақтыбай не мақсатта айтты деп ойлайсың? Бақтыбай Қайратты сондай қиын-қыстау кезде неге қайтарып жібергенін айта аласың ба? |
|||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
|||||
|
Бағтыбай – Бақтыбай |
|||||
|
Алдыңғы оқу |
Қысқы боран мал шаруашылығы үшін өте қолайсыз екенін біледі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Басталуы |
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Күн түсті» ойыны арқылы топқа біріктіремін. Онда сынып оқушыларының формасына немесе әр оқушының бойындағы бір өзгешелікті атаймын. Мысалы, Күн түсті, күн түсті. Күннің көзі галстук таққандарға түсті деген кезде галстугы бар оқушылар тез орындарынан тұрып орын ауысады. Қай оқушы орындыққа ортыра алмай қалса, сол оқушы жаттығуды одан әрі жалғастырады. Соңында оқушылар қай топқа түссе, сол топ мүшесі болып қалады. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Серпілген сауал» жаттығуын орындатамын. Өткен тақырып бойынша оқушылар қолдарындағы допты келесі сыныптастарын лақтырып, сұрақтар береді. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға лақтырып, сұрақ қояды. Сонымен қатар өткен тақырыптағы өлең шумағын қағаз кеспелерге екі топтың оқушыларына тартамын. Оқушылар қолдарын түскен кеспелерді пайдалана отырып, өлеңді ретімен айтып берулері керек. Ой қозғау: Бұл жерде ауа райының қандай құбылысы айтылып тұр? Мына суретке назар аударыңдар. Бұл суреттің осыған дейінгі өткен тақырыптарымызға қатысы бар ма? Мұнда қай мезгіл бейнеленген? |
Доп өлең жолдары жазылған кеспелер |
|||
|
Ортасы |
Жаңа сабақ: - Олай болса, бүгінгі сабақта біз осындай қатал ауа райының бірінде болған ағайынды екі шопан баланың басынан өткен қиын кезі туралы әңгіме етеміз. Яғни сендерге үйге танысып келуге берілген Зейнолла Шүкіровтың «Арпалыс» атты әңгімесін өтеміз. Зейнолла Шүкіров ақын, жазушы. 1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. Ақынның «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Алау», «Сағыныш» т.б өлең кітаптары бар. "Қиын түйін" повесі мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Үйде танысып келдіңдер ме осы тапсырмамен? - Олай болса, қазір мен сендерге тақтадан осы әңгіме бойынша құрастырылған жоспар көрсете-мін. Сендер жоспар бойынша әңгімені баяндап бересіңдер. (Интерактивті тақтадан әңгіме жоспарын көрсетемін). 1. Арпалыс кезіндегі ауылдағы жағдай. 2. Арпалыспен өткен түн. 3. Бақтыбайдың ойы. 4. Бақтыбайдың Қайратқа айтқан ақылы. 5. Бақтыбайдың өзін-өзі жігерлендіруі. 6. Қайраттың табылуы. 7. Үшінші күнгі оқиға. 8. Бақтыбай мен Қайраттың бойындағы өзгеріс. Сөздікпен жұмыс: Арпалыс – табиғаттағы қиындықпен күресу Ықтау – боран тимейтін жерге паналау Ақтүтек – қарды оңды-солды ұшырған қатты боран Күйзеліп – қайғырып, уайымдап Қажығанын – шаршағанын Жершіл – жер танитын, адастырмайтын Суық сорып – суық өтіп Зоотехник – мал дәрігері Сергіту сәті: «Күн түсті» жаттығу арқылы оқушыларды сергітемін. Сонымен қатар топ мүшелерін ауыстырамын. Әрбір оқушы келесі топқа ауысқанда біріншіден өзі білетін нәрселерін келесі топ мүшелерімен бөліседі және өзі білмейтін нәрселерін өзге сыныптастарынан біледі. Екіншіден кез келген топта тосырқамай, еркін жұмыс жасай алуға қалыптасады. Постермен топтық жұмыс жасатамын. Бүгінгі жаңа тақырып бойынша екі топ бір-біріне «Балықтың қаңқасы» әдісі арқылы постерге сұрақтар дайындайды. Сонан соң екі топ бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Постерді тақтаға іліп, әр топтан бір мүшеден шығып үлкен топтың алдында қорғайды. Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді. «Ойлан. Бірік. Бөліс.» әдісі арқылы екі топқа ой толғау боларлықтай екі сұрақ тастаймын. Бұл әдіс арқылы сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы оқушылар өзге сыныптастарының ойларын сұрау арқылы сын тұрғысынан ойлау логикасын ашуына қалыптасады. 1-топ: Әңгімеден қандай ой түйдің? 2-топ: Егер сен Қайраттың орнында болсаң ағаңды жалғаз тастап қайтар ма едің? |
З.Шүкіров Постер |
|||
|
Аяқталуы |
«Сұрақтар бұрқасыны» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. 1. Мәтінде қандай оқиға баяндалған? 2. Ағалы- інілі балалар неліктен боранда қалған? 3. Қой бағудың қиын екенін неден аңғаруға болады? 4. Бақтыбай қиын-қыстау кезде Қайратты неге қайтарып жіберді деп ойлайсың? 5. Бақтыбай Қайратты шығарып салғаннан кейін не әрекет жасды? 6. Арпалыстың үшінші күн қалай болды? Мәтінге сүйеніп әңгімелеп бер. 7. Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталған? Тағы қалай атауға болар еді? 8. Қайраттың ауылға адаспай келуіне не себеп болды деп ойлайсың? 9. Мәтінде атқа байланысты қандай сөздер айтылған? Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Мәтінге сүйеніп шопан еңбегі туралы шағын шығарма жазу. Бағалау: Әр оқушығы жеке-жеке бағалау критерийін беріп, бағалаймын. Кері байланыс аламын. |
Стикер |
|||
|
Қосымша ақпарат: Интернет көздерінен З.Шүкіров туралы деректер алып көрсеттім. |
|||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген