400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Зымыран" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Таныс геометриялық пішіндерді (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) бір-бірінен ажырату, атай білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеке дара білім беру маршруты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ


Shape1















Технологиялық карта



















Орындаған: Рахимова А.Ж.






Павлодар, 2017


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Зымыран

Мақсаты: Таныс геометриялық пішіндерді (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) бір-бірінен ажырату, атай білу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекілікліктер: үнтаспа, аспан әлемінің (ай, күн, жұлдыз) үлкен суреті,зымыранның макеті, үшбұрыш қағаз пішіндері.

Билингвалды компонент: аспан-небо, ай-луна, күн-солнце, жұлдыз- звезда, зымыран-ракета.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


















Ұйымдастыру-

іздестіру



































Рефлексивті-түзетушілік









 Үнтаспадан дыбыс естіледі: -Жер тұрғындары! Тыңдаңыздар! Аспан әлемі сіздерді қонаққа шақырады! -Балалар, ғарышқа саяхатқа барамыз ба? Ол жаққа немен баруға болады? «Ғарышқа ұшамыз» ойыныЕденде зымыранның макеті тұрады, әуен ойналады. Балалардың көздерін жұмғызады. Көздерін ашқанда ғарыш әлеміне ұшып келеді (тақтаға ғарыш әлемінің үлкен суретін іледі). Балаларды үш топқа бөлу /үш орталыққа/Балалар фишка арқылы үш топқа бөлінеді.1. Әдеби орталығы «Дұрыс сана» дид.ойыны Мақсаты:Жоғарыда жіпке ілініп тұрған ай мен жұлдыздарды (3) санатады, салыстырады, қандай пішінге ұқсайтындарын сурайды. Ай мен жұлдыздарды қайта санатып, салыстырады. Сұрақтар қояды:-Неше ай бар? -Неше жұлдыз бар? -Не көп, не аз? «Сиқыршы» дидактикалық ойыны Балаларға сиқыршы болуды ұсынады. Әртүрлі геометриялық пішіндер салынған сиқырлы қалтаны көрсетіп, оның ішінен өзі айтқан пішінді алып шығу керектігін түсіндіреді. Д.о: «Жұлдызды аспан әлемі» Ойын шарты: Балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда. 2.Құрылыс орталығы «Зымыран» дид. ойыныГеометриялық пішіндерден зымыран құрастыру керектігін түсіндіреді. Құрастыру барысында жетелеуші сұрақтар қойып отырады: -Зымыранның қандай бөліктері бар? Дьенеш блоктары технология арқылы дамыту.3. Бейнелеу орталығыЗымыранды бояу.Мақсаты:қарындашпен жұмыс жасауға, сурет салуға үйрену. Үш топ ауысады.Балалар зымыранның жанына тұрып, бірге айтады: -Үш, екі, бір. Үйге келдік! Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады. –Біз бүгін қайда бардық? Немен бардық? -Нені көрдік? Не жасадық?Балаларға «Аспан әлемінің» жұлдызшаларын сыйлайды, мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Үнтаспадан естілген дыбысты тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.




Зымыранға барып отырады, көздерін жұмып санайды: - «Үш, екі, бір! Ұштық!» Көздерін ашып ғарыштың суретін тамашалайды.




Балалар үш топқа бөлінеді.




Жоғарыға назар аударады, айды, жұлдыздарды көреді. Санайды, салыстырады.







Сиқырлы қалтаға қолдарын салып, пішінді тауып алады.







Балалар қызыға ойнайды.






Пішіндерден зымыранды құрастырады. Ойланады, пайымдайды, сұрақтарға жауап береді.







Балалар тапсырманы орындайды.





Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: өздеріне таныс дөңгелек, үшбұрыш, шаршы сияқты геометриялық пішіндерді танып ажырата білуді. Нені игереді: үлгіге сүйене отырып, қима қағаздан зымыран пішінін құрастыруды. Нені біледі: таныс геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратуды.





















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ


Shape2
















Циклограмма


















Орындаған: Рахимова А.Ж.







Павлодар, 2017




Сәрсенбі 12.04.2017

+

-

Таңғы жиын:


«Сәлем балақай!»

Әңгімелесу: «Ғарыш» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу.

М.:Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Еңбек:Табиғат бұрышындағы гүлдерге күтім жасау, шаңын сүрту, топырағын қопсыту, суару.

Үстел-үсті ойындары:

«Зымыран лото»

М.: Ойын шартымен таныстыру. Дұрыс ойнауға баулу.

Дид.ойын: «Жұлдызды аспан әлемі» М.:Аспанда және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу.

Жеке жұмыс: Амиржан,Айзере жаңылтпаш жаттау Ғарышкер ұшты ғарышқа, Ғарышқа ұшты ғарышкер, Айтшы, ғарыш алыс па?



«Ашық алаң»

Серуен №1

Бұлттарды бақылау

М.:Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.Бақылау барысы: Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы,
Біле алмадым мұны әлі.
Білерім көк аспанның,
Бұлт – көшпелі бұлағы.
Тәрбиеші сұрақтары:
- Бұлт дегеніміз не?
- Бұлттардың түсі қандай болады?- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? Зерттеу жұмысы:
Аспандағы қандай бұлттар екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.

Еңбек: Алаңдыегужұмыстарынадайындау. Қоқыстардыжинау, сыпыру.
Мақсаты:Бірлесежұмысістеугедегенынталарынқалыптастыру.

Жеке-жұмыс: Есім, Иса аспан туралы жұмбақтар шешу.

Қимылды ойындар: «Күн мен түн», «Тауық пен балапандар»,«Қасқыр қақпан»

М.:Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.



Ояну,шынықтыру шаралары.

Әсем әуенмен ояту.

Біртіндеп оятып сауықтыру гимнастикасын жасату.

түйме жолмен жүру гимнастикасын жасату.



«Алақай, ойын!»


Сюжеттік-рөлді ойын. Тақырыбы: «Ғарышкер» 

М: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне, бір-біріне көмектесуге және жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Әдістері:Ойын, жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.

Көрнекіліктер:құрылыс үлгісі,текшелер, каска т.б.

Барысы: Аспан кемесін құрастырамыз

Балалар: (Залға әуенмен кіреді.)

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер! Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін.

Сұрақ: Ғарышта нелер бар? т.б



«Ашық алаң»

Серуен №2



Бұлттарды бақылау

М.:Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиеші сұрақтары: -Балалар, күннің екінші жартысында қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
- Бұлттардың түсі қандай болады?- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? Зерттеу жұмысы:
Аспандағы қандай бұлттар екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.

Еңбек: талдардың түбін қопсыту.

Жеке-жұмыс: Әділжанмен аспан әлемі туралы әңгімелесу.

Қимылды ойындар: «Қайда жасырылғанын тап», «Торғайлар мен автомобиль», «Күн мен түн».М.:Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.



Ата – аналармен жұмыс

Ата-аналарға балаларын жетістіктері туралы айту.




Тәрбиеші: Рахимова А.Ж




























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ


Shape3













Жеке дара білім беру маршруты

















Орындаған: Рахимова А.Ж.







Павлодар, 2017





Жеке дара білім беру маршрутын игеру

Баланың аты-жөні: Құбаш Әділжан

Жасы: 4 жас.

Түзетуді қажет ететін мәселе: Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата алмайды.

Ұйымдастырылу мерзімі: 10.04-14.04. 2017 ж

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Міндеттері:1.Ойын тапсырмаларын дұрыс орындауын білу.

2. Ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру.

3. Қолдың бұлшықеттерін бекіту.


Бағыты

Күні

Тақырыбы

Тәрбиешінің әрекеті (әдіс-тәсілдер, қолданылатын технологиялар)

Баланың әрекеті (ойын, жаттығулар мен тапсырмалар)

Сабақтың қорытындысы. Жетістіктері мен кемістіктерді жою жолдары

Зейін қабілетіне арналған.








10.04

«Дәлосындайпішінді тап»


Балаға суреттерді береді. Тәрбиеші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, бала суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.Дьенеш блоктары технология арқылы дамыту.

Дидактикалық ойын

«Таныс пішіндер доминосы»

.

Ойынды меңгерді.

Геомет. пішіндерді бір-бірінен ажырата алады.

Сезім мүшелеріне

арналған


11.04

«Ойна да ойла» ойын тапсырма


Әртүрлі геометриялық пішіндер салынған сиқырлы қалтаны көрсетіп, оның ішінен өзі айтқан пішінді алып шығу керектігін түсіндіреді. Сипап сезу әдісі


Дидактикалық ойын «Сиқырлы қалта»

Сиқырлы қалтаға қолын салып, пішінді тауып алады.


Сенсорлық

аймақ


12.04

«Дөңгелекті тап»


М.Монтессори

Әдісі












«Вагондарға дөңгелек таңдау»

дидактикалық ойыны Мақсаты: Вагондарға лайық дөңгелектерді табу. М.Монтессори әдісі.

Әртүрлі пішіндердің арасынан дөңгелекті табады.

Әлеумет

13.04

«Түрлі түсті

моншақ жасау»

Ойын арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін,көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол моторикасын дамытумен нығайтуға арналған ойын технологияларын қолдану.

Дидактикалық ойын «Әдемі моншақ» Мақсаты: Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету.


Бала заттарды тани біледі, ойындарға қызығушылық пен қатысты,

Әлеумет

14.04

«Отбасы»

Сөздік ойын Әлеуметтік орта әдістемелік құрал

Дидактикалық ойын "Қай зат кімдікі?"

Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны: Балалар отбасына тиісті заттарды атайды.

Сөздік, тілдік қорлары дамиды. Сұрақтарға жауап береді.

Шешімдер: Баламен жеке дара жұмыс өткізілді ұсақ қол моторика арқылы саусақ ойындары, үстел ойындары өткізіліп жетістікке жетті.

Ұсыныс: Әдіс- тәсілдерді қолдана отырып ерік-жігерді жаттықтыру, саналы білім, сапалы тәрбие, ашық жоғары сезім, еңбексүйгіштік және өзін-өзі жетілдіру, шығармашылық қабілетін  дамытуға белсенділігін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Рахимова А.Ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
3711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі