400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Зымырандар қай жерден ұшырылады?" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 08.02.2019жыл

Пәні: жаратылыстану

Сынып: 3«К»

Мектеп: №172 мектеп гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Сақан Ақерке Қуанышқызы

Қатысқандар саны: 29 Қатыспағандар саны: 1


Сабақтың тақырыбы:

Зымырандар қай жерден ұшады?


Оқу мақсаты:

3.4.2.2. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары:


Оқушылардың барлығы:

Ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерлері жайлы қызықты ақпараттар алады. Байқоныр ғарыш айлағына қатысты жаңа деректермен танысады


Оқушылардың көпшілігі:

Тақырыпты түсініп, жетекші сұрақтар арқылы өзара диалог құрастырып, сұхбаттасу жүргізеді


Оқушылардың кейбірі:.

Берілген тақырып бойынша алған білімдерін өмірде қолдана отырып, өзінің ойын ашық айтады. Өзіндік жеке көзқарасын білдіруге машықтанады.


Бағалау критерийлері:


Айтылған дерексөздердің көпшілігін дұрыс қабылдай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.


Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Білімге деген қызығушылығын арттырып, жеке және топта сүйіспеншілікпен, ынтымақтастықпен, ұйымдасқан түрде жұмыс жасауға бағыт-бағдар беру


Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек, математика


Тілдік мақсат:

Тірек-сөз: ғарышайлақ


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

-Ғарышқа кімдер ұшады?

-Ғарышкерлермен сұхбаттасуға арналаған қызықты сұрақтар дайында!

-Ғарыш кемелері дегеніміз не?

-Сен, Байқоңырдағы ғарыш айлағы туралы не білесің?

-Байқоңыр ғарыш кешенінде қандай нысандар орналасқан?


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Зертте!Ғарышайлақтың орнын қалай таңдаймыз?

-Ғарышайлақ салатын орын таңдау кезінде нені ескеру қажет?

-Неліктен ғарышқа ұшыру алаңы Қазақстан даласына салынды?

АКТ қолдану дағдылары:

Интернет ресурстары, интерактивті тақта


Алдыңғы оқу:

Ғарышқа қалай ұшады?


Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру


Өзімімзге жақсы көңіл күй сыйлайық! Парталарыңда шаттық гүлі жатыр. Бұл жай гүл емес, құпиялы гүл. Қолдарыңа алып аударып көріндер, қандай құпиясы бар екен. Оның сыры біз бір-бірімізді қалай қолдайтынымыз туралы екен.

-Кімде жымию тұрса- бір-бірлеріңе жымиыңдар!

Кімде жүректің суреті – досыңды құшақта!

Кімде күннің суреті- жанымыздағы адамдарға жылы сөздер айтамыз!

Рахмет! Тамаша! Ендеше көтеріңкі көңілмен сабағымызды бастайық!


Топқа бөлу(алдын-ала бөлінген қалыпта отырады)

I - «Ұрыншақтың тобы»

II - «Тәттібектің тобы»

III - «Қараубектің тобы»

IV топ- «Стефани тобы»

V топ- «Ойынбектің тобы»

Балалар, егер бүгінгі сабаққа белсенді болып, жақсы қатысып менің көзіме түсетін болсаңдар мен сендерді Sportacus досыма айтатын боламын. Sportacus пен Еріншектер елі сендерге үлкен сыйлық дайындауда. Ал егер тәртіптерінмен білімдерінмен көрінбесендер Кесірбек Роббиге айтуыма тура келеді. Ал ол сендерге міндетті түрде бір жаза қолданбай қайтпайды. Сондықтан сабақта белсенділік танытайық! Жарайма, балалар!

Ал біздің белсенділігімізді бағалау парақшасы арқылы білеміз!(толықтай түсіндіріп өтемін )

Келістікпе, балалар!


Жүректің, күннің, күлегештің суреттері.

Әр топқа бөлінген ертегі кейіпкерлерінің суреттері мен бағалау парақшасы


















1 минут

Алдыңғы оқу. «Ғарыш» сөзжұмбағын шешу!

  1. Планета» сөзінің қазақшасы ( ғаламшар)

  2. Жердің серігі- ... (ай)

  3. Орбиталық станса атауы (жер)

  4. Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз. (зымыран)

  5. Аспанға ұшатын әуе құрылғысы не деп аталады? (әуе шары)

Жарайсыңдар!

Сөзжұмбақ

Сабақтың ортасы

6 минут



II. Жаңа білімді меңгерту


  • Ғарыш айлағы дегеніміз не?

  • Ол не үшін қажет?

  • Ғарыш айлағында нелер болады?

  • Қазақстанның қай жерінде ғарыш айлағы бар?

  • Ғарыш айлағында кімдер қызмет етеді?

Ғарыш айлағы- ғарыштық ұшу аппараттарын құрастыру, дайындау, олардың ұшуын қамтамасыз ететін радиотехникалық қондырылғы заттарымен жабдықталған аумақты айтамыз. Ғарыш алаңы- дайын болған аппараттарды ұшырып сынауға арналған техникалық

құралдар орналасқан жер.


Таныстырылым,интерактивті тақтамен жұмыс, видеоролик, слайд









10 минут

Зымырандар жайлы не білеміз, ол қалай ұшады?

-Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

  • Зымыран-әзірше жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыранның қозғалтқышы ерекше реактивті болғандықтан. Старт алдында зымыранның бактарын жанармаймен толтырады?

  • «Оталу» деген жарлықтан соң жаңа бастаған жанармай газға айналады. Газ ғаламат күшпен зымыранның түбіндегі тар қуы арқылы сыртқа ұмтылады.

  • Ракетаны кез келген жаққа ұшыруға болады, ол үшін тек газдың ағыс жолын қажетінше бағыттау керек. Бұл жұмысты ракетаның рулі арқылы басқаруға болады.



Зымырандар қай жерден ұшырылады?

Балалар, қазір біз «Диафильм» ойыны арқылы жетекші сұрақтарға жауап береміз! Ең алдымен видеоға назарымызды аударайық!

Видео

https//youtu.be/yWahRG175_w









3 минут

№1-тапсырма

«Ғарышкерлерден сұхбат ал!» тапсырмасы бойынша «Микрофон» әдісін пайдаланып, өзімізді журналист ретінде елестетеміз! Қай топ жақсы сұрақтарды қойып, сұрақтарға дұрыс жауап берсе бір қадам алға жылжып отырады.

-Ғарышқа ұшу қауіпті ме?

-Ғарышқа мұғалімдер, дәрігерлер де ұша алама?

-Ғарышкерлер ғарышқа ұшу үшін арнай дайындықтан өтеді ме?

-Адамдар неліктен ғарышты зерттейді?

(Оқушылар осылай кезекпен жалғастырады)


Микрофон

3 минут

№2-тапсырма

Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісін шығарып, саяхаттаймыз!


Байқоңыр- Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі мен қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қону аймағының болуы ескерілген. Байқоңыр қаласын Ресейден келген техникалық инженер Г.М.Шубников басқарған.

1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңының тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

5-топтың сұрақтары:

  1. Байқоңыр ғарыш айлағы қашан қаланған- 1955 жылы

  2. Байқоңыр ғарыш алаңының тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды- 1957 жылы

  3. Байқоңыр- қай аумақта орналасқан ғарыш алаңы- Қызылорда облысы Қармақшы ауданында

  4. Байқоңыр қаласын басқарған- Ресейден келген техникалық инженер Г.М.Шубников .

  5. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды не үшін таңдап алған- себебі, бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі мен қайтып оралатын ғарыштық обьектілер


Сергіту сәті

2 минут

«Титтей» биі

Интерактивті тақта

Қызықты тапсырма

3+2 минут

Шығармашылық жұмыc

Әр топ басшысы тақтадағы қораптан сұрақ алады. Бір тосын сый бар! Оны алған топ сұраққа жауап берместен бір ұпайға ие болады.

Сұрақтар




Сабақтың соңы

1 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді белгідейміз.



Стикерлер

4минут

Бағалау парағының қорытындысына қарап отырып бағалау

Сыйлық беру

Бағалау парақшасы, тосын сыйлық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
4291
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі