Маңғыстау облысы
Жаңаөзен
қаласы
"Боакөз" жекеменшік
балабақшасы
Тәрбиешісі:Қилыбаева
Айзада Әділқызы
№1
"Балапан" ортаңғы тобы
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Абайла
,көшеде машина!
Мақсаты:
Білімділік:Жолда
жүруережесін есте сақтауға,жол
белгілерінажырата білуге,бағдаршамның
қажеттігін ,атқаратын қызметін білуге
үйрету.
Дамытушылық:Жол
ережесін , бағдаршам қызметін, көше
мәдениеті білімдерін дамыту.
Тәрбиелік:Үлкендер
еңбегін бағалауға арнайы ойын алаңдарын
сындырмауға,кішіге қамқор болуға ,көше
мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-
тәсілдер:Көрсету,
үйрету, тәрбиелеу,тсіндіру,мақал –мәтел
көркем сөз қолдану.
Керекті
құралдар: Бағдаршам,жол
белгілері,жолда жүруге арналған
суреттер.
Тәрбиеші: Біздің
елімізде әр түрлі көліктер жылдан жылға
көбейіп
келеді.Жаяу адамдар мен
көліктегі жолаушылар саны да
көбейе түсуде.Көшелер мен
жолдардағы жағдай барған
сайын күрделеніп келеді. Жол
көлік оқиғаларының қаупі
арта түсуде. Жүргізушілер
мен жаяу
адамдар көшелер мен жолдарда
ерекше тәртіпті сақтап
жауапкершілікті болуы қажет.
Жол көлік оқиғаларының зардабын көбіне
балалар шегуде. Оның себебі көптеген
мектеп
оқушылары және кішкентай
балалар жолда жүру ережелерін
білмейді және көше мәдениетін
сақтамайды. Міне осы мақсатта біз
балабақшамыздағы балаларға арнап
«Абайлаңдар балалар» атты іс-шара
өткізуді ойластырдық.
Тәрбиеші:
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай
басыламыз .
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықта тұра алатын жас
ұланбыз.
Бүгінгі шарамыз сайыс ретінде
өтеді , ендеше қатысатын топтармен
таныстырайын.
Қызыл түсті белгілері бар
«Қызылдар»,
Жасыл түсті белгісі бар топ
«Жасылдар»
Сары
түстілер – «Сарылар»
тобы.
Сайысымыз төрт турдан
тұрады.
Бөлім :
Топтардың өздерін таныстырулары
Бөлім: Жұмбақ
жасыру
Бөлім:
Тақтайшаға жол белгілерін құрастырады
.
Бөлім:Жол
ережесін көрсету
Ал
бірінші бөлімге көшеміз Қызылдар тобының
таныстырулары
«Қызылдар»
тобы:
Қызыл көзімді ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сақтан жолдан балақай!
«Сарылар тобы»:
Сары көзімді ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Дайын бол жолдан өтуге
«Жасылдар» тобы:
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін ,жасқанба
Жолың ашық балақай.
Тәрбиеші:
Қызыл жанды тоқтағың
Көрдің жұртың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық тұрмағын.
Балалар , бүгінгі кешімізге
ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға
шақырамыз. Ортаға бағдаршам шығады.
Бағдаршам:Сәлеметсіңдерме
балалар! Мені барлық елдің балалары
жақсы біледі. Бүгін сендерге
арнайы келдім.
Тәрбиеші:
Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар
әңгімеміздің бәрі
саған қатысты болмақ, сондықтан
да бізбен бірге бол.
Бағдаршам :
Мен сендерге сұрақ қоямын.Кімде - кім
жауап берсе сол
топқа бір алмадан беріп
отырамын.
Көліктердің нешеге бөлінеді?
Жүргізуші:Ал
ендеше балалар біз бағдаршамның сұрағына
жауап бере
аламызба? Қай команда бірінші
жауап береді екен.
Қызылдар көліктер 3 бөлінеді
әуе көлігі ұшақтар,су көлігі кемелер
және әр түрлі автомобильдер.
Жүргізуші:
Бағдаршам біздің балалар көліктің түрін
ажырата біледі, жұмбақта шешеді.
Бағдаршам :Ендеше
қане мен жұмбақтар жасырайын балалар
тапқыр болса тауып көрсін.
Кейпін алып кеменің.
Инелікке теңедім
Қанаттарын қаққан жоқ.
Жүрген жері аспан көк. (ұшақ)
Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды.
(автобус)
Ұшады қанатсыз.
Зырлайды алаңсыз. (
зымыран)
Жүргізуші:Көрдіңізбе
біздің балалар жұмбақтың шешуін тауып
жатыр.Сіз өз алмаңызды беріңіз.
Үшінші сайысымыз жол
белгілерін құрастыру. Ал енді
балалар жол белгілерінің
қиындыларын тұр .Әр топтан
бір баладан шығып осы жол
белгілерін құрастыру
керек.Қане балалар алға, сәттілік
тілейіміз.
Тәрбиеші:
Бағдаршам біздің балалар дұрыс құрастырды
ма?Әділ баға беріңіз?
Бағдаршам.
Сіздің балаларыңыз сегіз қырлы бір
сырлы екен?
Тәрбиеші:Біздің
балалар өнерлі соның ішінде әнде айтады,
би де билейді, балаларымыз келесі
сайысқа дайындалғанша біздің әнші
қызымыз Айгерім «Туған жер» әнін қабыл
алыңыз.
Тәрбиеші:Төртінші
сайысымыз. Жол ережесін білейік.
Шарты :Жолда
жүру ережесін көрсету.Бір бала шығып
көлікке
отырып жолмен жүріп өту керек.
Бағдаршам:Жарайсың балақай!
Тәрбиеші : Сценка
«Ормандағы аңдардың жол ережесін
сақтауы»
(Қоян жол ережесін сақтамай
көлік жүретін жолда велосипед айдап
жүріп машина қағып кетеді , тез арада
доктор айболит келіп насилкамен алып
кетеді,оны доктор қарап аяғын байлап
жатырғанда май қызметкері келіп жолда
сақ болуы керектігін түсіндіреді)
Тәрбиеші:Міне
бағдаршам енді тағы қандай сұрақтарың
бар?
Бағдаршам:
Енді соңғы сұрақтарым бар Мен жол
ережелері белгілерін көрсетем соны
балалар тапсын ?
Тәрбиеші : Жарайды
ал балалар тауып көреміз бе?
Бағдаршам:
Жарайсыңдар балалар , міне барлығың жол
ережесін жақсы меңгерген екенсіңдер ,
мен қуаныштымын.Үнемі ұмытпай жолда
сақ болыңдар,аман жүріңіздер!
Тәрбиеші:
Енді сөз кезегін май қызметкеріне
береміз.
Тәрбиеші:Бүгін
мен қатты қуанып тұрмын , себебі біз
балбақшадағы үнемі оқытылып жүрген жол
ережсін біздің балалар толық меңгергеніне
көзім жетіп отыр, балалар ары қарай
осыбағытты ұстаныңыздар, жолда сақ
болыңыздар!