Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ.Адам болам десеңіз...
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім:2 |
II. Адам болам десеңіз... |
|
Педагогтің аты-жөні |
Омарова Люба.Кайыпбаевна |
|
Мектеп |
||
Күні: |
21.10.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылардың саны 9 |
Қатыспағандардың саны 0 |
Сабақтың тақырыбы №16 |
Адамның еркіндігі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
Өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады; |
|
Құндылық |
Ішкі тыныштық |
|
Қасиеттер |
ұстамдылық, табандылық, сыпайылық |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға адам еркіндігінің маңызы туралы айта отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. |
|
Сабақтың міндеттері: |
1. Білімділік: Оқушыларға ұстамды болу маңыздылығын түсіндіру 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы табандылық қасиеттерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру/ кезеңі 1.Жағымды көңіл күй 3 минут |
Сергіту сәті . 5-Т ережесін естеріңізге түсіріңіздер Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Нұрға бөлену» Мен саған сенемін. Шарты: Қатысушылар жұп құрып, бір – бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы: «Мен саған сенемін ..........» , өйткені, сен жақсы адамсың....... Осы кезде әуен ойнап тұру керек. |
5 –Т ережесін естеріне түсіреді Оқушылар «Нұрға бөлену» жаттығуын жасайды. «Мен саған сенемін ..........» , өйткені, сен жақсы адамсың... |
Әуен. Волшебная композиция Хрустальная грусть https://mp3party.net/music/3230260 |
2.Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу) 7 минут |
1. №15 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №16, «Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Сұхбат кейіпкерінің «Өмірін күреске, бос уақытын жаттығуға арнаса, әлбетте, нәтиже шығады. Шыңға шығудың оңай әдісі болмайды» деген тұжырымынан қандай ой түйдіңіздер? 2. «Олимпиадаға дейін алдымызда екі үлкен біріншілік бар. Сол жерде көк туымызды желбірететіндер көп болса екен» деген сөздерден кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады? 3. Кейіпкер неліктен халыққа алғыс айтады? Халықтың оны сыйлап жатқанын қайдан көруге болады? 4. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер. 5. Өздеріңнің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар? |
Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларын анық айтады. |
9 сынып оқулығы. Суреттер, қалам, дәптер. Слайд. Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келді. Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы |
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) 3 минут |
Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік. Әл-Фараби Сұрақтар:
Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Түйін:Олай болса,ішкі тыныштығымызды сақтап,еркіндікке жетейік. |
Оқушылар дәйексөзді үш рет қайталайды, талқылайды, дәптерлеріне жазады. Сұрақтарға толық жауап береді. |
Әбу Насыр Әл-Фараби ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик,физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. |
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) 7 минут |
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы (видео фильм) 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды деп түсіндіре кетеді.Әрине, балалар етігімен су кешкен сол бір ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Осы тәуелсіз елімізді,жерімізді сақтау осы болашақ біз бен сіздердің міндетіміз. Сұрақтар: 1.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай? 2.Тәуелсіздігімізді алып берген жастардың қандай қасиеттерін үлгі тұтар едіңдер? 3.Бейбіт өмірде қандай ізгі іс жасай аламыз? Түйін:Балалар өздерің айтқандай биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы Желтоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қол жеткіздік.
|
Оқушылар «Желтоқсан оқиғасы»бейнеленген видеоны көре отырып сұрақтарға нақты жауап беріп, өз ойларымен бөліседі. |
https://youtu.be/Oj2y7mfSq6Y |
5. Шығармашылық жұмыс/ Жобалау қызметі 12 минут |
1топ.Күнделікті өмірде еркін адам ретінде не істей алатыныңыз туралы ойланып,монолог даярлаңыз.Өз монологыңызды мына сөздермен бастаңыздар: Еркін адам ретінде мен..... 2.Еркін адамның бойында қандай қасиеттер болады? 2 топ.Сіз өзіңіздің ойыңыздағы еркін адамның эмблемасын салыңыз.Суретке тұлғаның еркіндігін білдіретін символдарды енгізіп,сәйкес ұран ойлап табыңыздар. 2.Еркін бола отырып ішкі тыныштықты қалай сақтауға болады? «Менің бостандығым мен жауапкершілігім» Эссе Пікір:Балалар еркіндікті санамен оқу ағартумен,адамның білімімен байланыстырып, еркіндік бізге ауадай қажет екенін есімізге сақтап ,жүрегімізді таза ұстап ішкі тыныштығымызды сақтайық. |
Оқушылар 2 топқа бөлініп шығармашылық жұмыс орындап, ой-пікірлерін ортаға салады. «Менің бостандығым мен жауапкершілігім» Эссе жазады. |
Мәтін желісінен алынды |
7.Үй тапсырмасы 2 минут |
1. №16 – сабақ. 7 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №17, «Қайран менің жан анам...» мәтінін оқып келу. |
|
Оқулық, дәптер, қалам |
Топпен ән айту 3 минут |
Желтоқсан желі Әні:Ә.Тінәлі,Сөзі:Ә.Асылбек Желтоқсан желі
Желтоқсан бірде,
Тоңдырды мені,
Жоғалтып нуын,
Тоңдырды мені,
Шайқалды күйім,
Тоңдырды
мені,
Бабалар
өлер, Тоңдырды
мені, |
Оқушылар мұғаліммен бірге ән айтады |
Орындаушылар:Әбиірбек -Майра https://youtu.be/R8cK9ZM24sQ |
8. Сабақтың қорытынды сәті. 3 минут |
Бүгінгі сабақта өткен кезекдерді естеріңе түсіріңіздер.Сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!Көп ой бөлістік.Үнемі жүрегімізді ,ішкіжан дүниемізді таза ұстайық деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. |
Оқушылар рефлексия жасайды. |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |