400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық сабақ«Алақай, қыс келді!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Олардың экологиялық түсініктерін қалыптастыру. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге, заңдылықтарын түсініп, жеткізе білуге үйрету. Табиғат пен адамдар арасындағы байланысы туралы және қоршаған орта жағдайы туралы түсініктерін дамыту. Табиғаттың сұлулығын көре білуге, оларға қамқорлық болуға, сүйіспеншілігін,қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы:Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология Тақырыбы: «Алақай, қыс келді!» Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктер беру экологиялық түсініктер қалыптастыру. Білімділік:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге заңдылық-тарды түсініп, жеткізе білуге үйрету. Дамытушылық:Табиғатпен пен адамдар арасындағы байланыс туралы және қоршаған орта жағдайы туралы тусініктерді дамыту ; Тәрбиелік: Табиғаттын сұлулығын көре білу айалауға қамқор болуға ,көре білуге қызығушылығын сүйіспеншілігін арттыру: Сөздік қоры: Ұлпа , өлі табиғат: Билингвальды компонент:Қыс- зима, қар- снег, лед-мұз,пар-бу. Керекті құралдар:Ғажайып алаң, құрсау,қыс суреті бейнеленген суреттер, қағаздан дайындалған қар. Қолданатын әдістері:Әнгімелесу, ойын, көрнекіліктер көрсету, түсіндіру. Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс әрекеті: Балалардың іс әрекеті: Ұйымдастырушылық – оятушылық кезеңі: Балалар, бүгін ерекше күн . Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақ-тармен сәлемдесейік. Балалар қонақтармен сәлемдеседі: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал, кәнекей, бәріміз Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, апайлар?!

Тәңертең осында келе жатсам жолда бір торғай алдымнан шығып бүгін балаларыңызбен «Ғажайып алаңға» қонаққа келуімді сұрады. Балалар сендердің саяхатқа шыққыларың келе ме? Балалар шыққылары келетінін айтады.

Балаларға «Ғажайып алаңның» бірнеше секторлары бар,әр сектордың өз тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды орындауымыз керек.Балалар тапсырманы орындайтындарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

1сектор: Суреттегі көріп тұрғандарын әңгімелеп беру.Балаларға аз уақыт суреттерді қаратамын да ,көріп тұрғандарын сұрақтар беремін. -Балалар сендер мына суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар? -Қыс -Қыс екенін қайдан білдіңдер? Балалар суреттен көргендерін әңгімелеп айтып береді.

2сектор: Тақпақтар. Балалар, сендер қыс туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады. Шаңғы, шана сайла Конькиімді байла Думандатып тойла Қыс қызығын ойла Біз тебеміз сырғанақ Таудан төмен сырғанап. Бір шанада екеуміз Құламайды екенбіз Ішік, пима қолғап бар Арада жоқ тоңғақтар Баста қалың малақай Біз тоңбаймыз алақай Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.

3сектор :

«Ойын қар қайда?» Балалар шеңбер жасап тұрады.

Шеңбердің айналасында әр түрлі судын суреттері; сарқырама ,өзен, мұз, қар, бұлт, жаңбыр, тамшы .т .б.Шеңберді айналып жүреді де, ағып жатқан өзеннің суретін алып, мына өлең айтады. Міне мында жаз екен, Күннің көзі жадырап. Қарды мен қайдан табам, Күннің көзі ыссыды енді . Соңғы сөзді аяқталғасын судын жаздағы күйін алып, су туралы өз түсінігін айтып береді. Содан кейін балалар қар мен мұздың суреттерін алып:. Қыста жетті-ау ақырып, Аязы, бораны бұрқырап. Қырдан қарды іздеуге, Шығайық біз қыдырып. Сергіту сәті: Қар аламын қолыма (Жерден қар алу) Домалақтаймын әбден мен.(Домалақтау) Лақтырамын мен саған,(Лақтыру) Қағып алда қайтала.(Қағып алып ,қайта лақтыру 4сектор: Жұмбақтар Тапсырма жұмбақтың шешімін табу Қолы менен қаламы жоқ , Бірақ сурет салады (Аяз)

Қыста шыны боп қатады, Жазда су боп жатады. (Мұз) 5сектор: Мақал Қыс-қызыл, жаз-жасыл Мақалдың мәнін түсіндіру. 6сектор Балаларға қызық сәт Алдын ала дайындалған ақ қағазға тіс пастасымен салынған қардың суретін таратып беремін. Сурет байқалмайды. Балалар өздері қағаз бетін түгел көк субояумен бояп шығады. Өз істегендеріне мәз болады. Рефлексивтік-түзетушілік кезеңі Балалардан саяхатқа қайда барғандарын,қандай тапсырмалар орындағанын сұраймын. Балалар сұрақтарға жауап береді. Сабақ соңында бүгінгі сабақта жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: қыс пен жаздағы судың ерекшелігін

Игеру керек: жұмбақтың шешуін шешуді

Білу керек: жыл мезгілдерінің айырмашылығын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі