Ашық сабақ:Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі. Галогендеу. 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі. Галогендеу. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жасанды интеллект арқылы жаңа тақырыпты меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

10.3 Органикалық химияға кіріспе


Педагогтің аты-жөні:

Абилдиева Нургуль Нурбековна

Күн: 07.03.2025ж

Сыныбы : 10 а ЖМБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі. Галогендеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.2.9 алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру


Сабақтың мақсаты:

  • Алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіреді;

  • Алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құрады;

  • Қаныққан көмірсутектер мысалында циклоалкандардың жану, қосылу, орынбасу, айырылу реакция теңдеуін құрастырып, реакция өнімдерін атайды.

Құндылықтар

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;

Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.


Сабақ барысы

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Атом, молекула» ойыны арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.


Атом деген кезде жеке жүреді, молекула деген кезде бірігеді. Топқа бірігеді.

1 топ: Метан

2 топ: Этан

3 топ: Пропан

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Қима қағаздары



ІІ Өткенді қайталау мақсатында берілген органикалық қосылыстардың қай класқа жататындығын анықтау сұралады.












Тапсырманың жауабы:

Тапсырма №1. Жұптық жұмыс

Белгілі бір қосылыстағы көміртек пен сутектің массалық қатынасы 16:3. Бұл қандай көмірсутек?

  • Алкандардың жалпы формуласының таңбаларын қолдана отырып, көміртек пен сутектің массаларының қатынасын жаз. Массалық қатынасы

C : H = n ∙ ______________ г : (2n+2) ∙ ______________ г


  • Енді берілген көміртек пен сутектің массалық қатынасын осы теңдеуге қой. Массалық қатынасы

C : H = ______________ : ______________


  • Соңында «n» мәнін есепте.

______________ : ______________ =

n ∙ ______________ г : (2n+2) ∙ ______________ г


n = ______________

Көмірсутектердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясы. Қаныққан көмірсутектер.

  • «n» мәнін біле отырып, белгісіз алканның атауын анықта. _________________________


Дескриптор:

-Алкандардың жалпы формуласының таңбаларын қолдана отырып, көміртек пен сутектің массаларының қатынасын жазады;

- берілген көміртек пен сутектің массалық қатынасын есептейді;

-«n» мәнін есептейді;

- белгісіз алканның атауын анықтайды.

1балл

Экран

Үлестірме қағазы

Сабақ ортасы

25 мин

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты талқылау мақсатында «Ортақ тұжырым» әдісі қолданылады. Бейне жазба көрсетіледі.

  1. Бос радикалдың түзілуі

  1. Метанның галогендену реакциясы






Алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіріледі. Топтық тапсырма ұйымдастырылады. Топтық, жұптық жұмыс барысында ерекше білімді қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі.




















Келесі тапсырма қаныққан көмірсутектер мысалында циклоалкандардың жану, қосылу, орынбасу, айырылу реакция теңдеуін құрастырып, реакция өнімдерін атау ұсынылады.

Оқушылар бейне роликті көреді. Тірек сөздерді дәптерге жазып алады. Тапсырма орындайды.


Тапсырма №2.


  1. (a) (і) Бромметан 3-Br арасында байланыс үзілуі гомолиттік үзілу деп аталады және келесі теңдеумен сипатталады:

CH3Br CH3 + Br•

Түзілетін екі бөлшек

    1. атомдар

    2. бос радикалдар

    3. молекулалар

    4. иондар


(іі) Гомолиттік үзілу қалай жүзеге асады? Мысал келтіре отырып, үзілу механизімін сипаттаңыз.

(ііі) Радикалдар дегеніміз не және олар қалай түзіледі? Мысал келтіріңіз.

(iv) Гетеролиттік қалай жүзеге асады? Мысал келтіре отырып, үзілу механизмін сипаттаңыз.


2. Әдетте метанды хлорлау радикалды орынбасу механизмі газдық фазада, 350-750 оС аралығында жүргізіледі. Берілген реакция теңдеуі бойынша алкандарды галогендеу реакциясының механизмдерін атап, түсіндіріңіз.



Тапсырма №3. Циклоалкандардың химиялық қасиеттерін ескеріп, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз.



Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Дескриптор:

- гомолиттік түзілу өнімдерін атайды;

1балл

- мысал келтіре отырып гомолиттік үзілу механизімін сипаттайды; 1балл

- радикал ұғымын тұжырымдайды; 1балл

- мысал келтіре отырып гетеролиттік үзілу механизмін сипаттайды; 1балл

- алкандардың гологендену реакциясы мысалында бос радикалды механизмін түсіндіреді. 1балл


Жалпы 5балл


Дескриптор:

-циклоалканның жану реакциясын жазады, өнімді атайды; 1балл

- циклоалканның броммен, сутекпен қосылу реакциясын

жазады, өнімді атайды; 1балл

- циклоалканның броммен орынбасу реакциясын жазады

және өнімді атайды; 1балл

- циклоалканның айырылу реакциясын жазады және өнімді

атайды. 1балл

Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін 4 балл беріледі


Окулык

Химия

10-сынып

Қима қағаздары

Сабақ соңы

5 мин

Сабақты бекіту. «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі қолданылады

Кері байланыс

« Плюс, минус, қызықты» тәсілі арқылы кері байланыс жасауды ұсынады

Тақырыпқа байланысты түйінді сөздер атайды, сол сөзге сипаттама береді



Оқушылар «Плюс, минус, қызықты» тәсілі арқылы кері байланыс жасайды

Ұпай сандары жинақталады

Кесте


Үй тапсырмасы:

Алкандардың химиялық қасиеттері




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.03.2025
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі