400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Анама сыйлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Сөз тіркестерін (анам мейірім, қамқоршы, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларды өмірге акеледі(, сөздерді және дыбыстарды анық , дауыстап айтуға жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 08.03.2021

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Анама сыйлық

Сабақтың мақсаты:

а)Сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Сөз тіркестерін (анам мейірім, қамқоршы, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларды өмірге акеледі(, сөздерді және дыбыстарды анық , дауыстап айтуға жаттықтыру.

б)Анасы туралы пікірін тиянақты , еркін жеткізе білуге талпындыру.

в)Аналарды ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Демонстрациялық материал, үлестірмелі материалдар.

Биллингвизм: сүйікті – любимый, мейірімді – добрый, қамқор – заботливый.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық түзетушілік


Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жымиямыз. жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.




Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Балалар сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші сыйқырлы қорапшадан әдемі қуыршақты шығарады.

  • Балалар қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ.

Оған не болды екен?

Тәрбиеші қуыршаққа құлағын тосады.

  • Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

  • Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған .

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол кім?

  • Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

  • Ол анасын жоғалтып алыпты.

  • Балалар, онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

  • Көмектесеміз бе?

  • Ол үшін біз өз анамызды сыйпаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.



Ойын «Анасын тап»

Шарты: Суреттегі қиындылардан өз анасын табу.

Айым, сенің анаң қандай? (әртүрлі аналардың суреттерін көрсету).

Нұрхан, сенің анаң қандай? Т.б.



Дидактикалық ойын: «Анама сыйлық»



Шарты: Гүлдердің күлтелерін түрлі түсті етіп бояп, түстерін атау.

  • Алақай, Қуыршақтың анасы табылды!

  • Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды.

  • Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

  • Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?



Билингвальды компонент: сүйікті – любимый, мейірімді – добрый, қамқор – заботливый.

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады

Желге ырғалып жайқалған.



«Компонентін тап!» үлестірмелі материалмен жұмыс.



Шарты: Суреттегі аналар мен балаларын киімдерінің түстеріне сәйкес тауып, сызықпен қосу.




Қорапшаға қарайды.



Сұрақтарға жауап береді.









Балалардың жауабы.







Ана













Иә











Балалар өз аналарының суреттерін табады.

Менің анам ақылды.





Менің анам әдемі.







Гүл күлтелерін түрлі түсті етіп бояйды.











Иә



Аналар, әжелер мерекесі, бұл күні біз тілек айтып, сыйлық береміз.



Балалар қайталайды.







Балалар сергіту жаттығуын орындайды.









Ана мен балаларды бір – бірімен сәйкестендіреді.

Рефлексиялық – түзетушілік.

  • Бүгін, бізге кім қонаққа келді?

  • Біз қуыршаққа қандай көмек көрсеттік?

  • Қуыршақтың көңіл күйі көтерілді ме?

Балалардың жауаптары тыңдалады.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

Түсінеді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды; аналарын құрметтеп, сыйлауды керек екенін;

Қолданды: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерлігін.



Тәрбиеші : Қалыбай А.Ж

Әдіскер : Жұмашева Г.С



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі