400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Ақпаратты екілік кодтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бит және байт туралы түсінік қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.2А-бөлім. Ақпаратты ұсыну

Мектеп: №100 Ә.Жанкелдин атындағы жом

Сынып: 6

Сабақ №10

Мұғалімнің аты-жөні : Байсбаева Меруерт

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты екілік кодтау арқылы ұсыну

Оқу мақсаты

6.2.1.2. – компьютерге арналған барлық ақпарат екілік код түрінде берілетінін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: Компьютерге арналған барлық ақпарат екілік код арқылы өңделетінін білу.

Көпшілік оқушылар үшін: «АSCII» кестесін қолдану арқылы ақпаратты екілік кодта кодтай алу .

Кейбір оқушылар:

Кодтау кестесінің түрлеріне мысал келтіріп, оларды практика жүзінде қолдану.

Бағалау критерийлері

-Компьютерге арналған барлық ақпарат екілік код арқылы өңделетінін білді.

-«АSCII» кестесін қолдану арқылы ақпаратты екілік кодта кодтай алды .

-Кодтау кестесінің түрлеріне мысал келтіріп, оларды практика жүзінде қолданды.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Тілдік мақсаттар

Лексика мен терминалогия: Екілік кодтау, кодтау кестесі, екілік алфавит.

Код

Кодтау

Кесте

Құндылықтарға баулу

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы»-на сүйене отырып, сабақты зейін қойып тыңдау, топтық жұмыстарға белсене қатысу

Пәнаралық байланыстар

Математика, ағылшын

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ақпарат ұғымын және ақпараттардың өлшенетінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут


6 минут


Ұйымдастыру:

- Сәлемдесу, түгендеу

-«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар ынтымақтастық ақуал қалыптастырады.


-Үй тапсырмасын оқушылар «Бір минут» әдіс

тәсіл арқылы тоқтаусыз, қайталаусыз, қатесіз ілесу тәртібімен айтады.

  1. Мәтіндік ақпарат дегеніміз не?

  2. Шифрлау дегеніміз не?

  3. Шифрлаудың қандай әдістерін білесіңдер?

  4. Цезарь шифрының ерекшелігі неде?



«Жүзік салу» әдісін қолданып, екі топқа бөлемін

Екі түсті ұсақ моншақтарды оқушылардың қолдарына салып шығамын. Оқушылар моншақтың түстері бойынша топтарға бөлініп, топтарына ат қояды.

І топ: Бит

ІІ топ: Байт











Моншақтар


Сабақтың ортасы











20 минут






















5 минут


















4 минут











Жаңа тақырыпты оқушыларға слайд арқылы түсіндіріп өтемін.










1-тапсырма. Тж. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы әр топқа

жаңа тақырып бойынша мәтін беріледі .Сол берілген мәтінді оқиды ,жұппен және топпен талқылап,сұрақтарға жауап береді.

Екі топқа сұрақ жазылған кеспелер беріледі.

«Бит» тобына

  1. Күнделікті өмірде қолданылатын ақпараттарды бір формадан екіншісіне неліктен түрлендіреміз?

  2. Ақпаратты түрлендіру үдерісінің маңыздылығы неде?

  3. Неліктен екілік код компьютерлік техникада қолдану үшін тиімді?

«Байт» тобына

  1. Алфавиттің қуаттылығы мен екілік кодтың разрядтылығы өзара қалай байланысады?

  2. Неліктен мәтіндік ақпаратты компьютерді өңдеуге 256 символ қолданылады?

  3. Компьютерде ақпаратты кодтау үшін қандай код қолданылады?

Дескриптор:

- барлық ақпарат екілік код арқылы өңделетінін біледі.

- екілік кодтау бит пен байттан тұратынын біледі

ҚБ:


2-тапсырма. ЖұЖ «АSCII» кестесін қолдана отырып, «Өз жұбыңның аты-жөнін» екілік кодта көрсет.

Дескриптор:

«АSCII» кестесін қолдану арқылы,екілік кодта кодтай алады.

ҚБ:

3-тапсырма. Жеке ж.

«Кім жылдам» әдісі бойынша компьютерде практикалық жұмыс жасау.

Кестеде берілген екілік кодтарды пайдаланып,төмендегі кестеге сәйкес келетін бейнені анықтайды ол үшін «1» символы берілсе,ұяшықты қара түске боя, «0» символы берілсе, сол күйінде қалдыр.


Екілік код

Сурет

10000001










10000011










10000101










10001001










10010001










10100001










11000001









10000001











Дескриптор:

-Кесте түрінде берілген мысалды екілік кодтау тәсілі арқылы кодтап,практика жүзінде бейнені көрсете білді.

Қб: «Қошемет» әдісі арқылы бағалау









Оқулық 45бет











кеспе қағаздар

























Оқулық 49 бет

«АSCII» кестесі








ДК










Кесте






Өте жақсы,

Тамаша,

Керемет

Сабақтың соңы


2 минут













1 минут

«Микрафон» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды.

- ақпараттарды бір формадан екіншісіне түрлендіруді не деп атаймыз;

-Екілік кодтаудың тәсілін ата;

Кері байланыс...

Оқушылардың жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергені туралы кері байланыс жасаймыз.

Үй тапсырмасы.

§12 оқу

Шығармашылық тапсырма: Ақпаратты екілік кодтау арқылы өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын кодтап келу.











Сурет

Стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Шаттық шеңбері» әдісін қолдануда оқушыларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауға баулу.

«Бір минут» әдісін қолдануда оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау, ой жинақтау және кейбір оқушыларға ой түрткі болады.

«Жұптық жұмыс» әдісін қолдануда оқушылардың жұптасып жұмыс жасауына ықпал жасалады және көпшілік оқушылар үшін . қолдау көрсету тиімді болады, оқушыларды мадақтау арқылы, бағыт –бағдар беріп отырамын.

«Кім жылдам» әдісін қолдану арқылы басқаларға қарағанда, кейбір оқушыларға тапсырманы күрделі етіп беріп, кодтау кестесінің түрлеріне мысал келтіріп, оларды практика жүзінде қолдану.

-Дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау.

-Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынып, оқушылардың үй тапсырмасына байланысты түрлі-түсті жұлдызша беру арқылы бағалаймын.

-Әр оқушының іс-әрекетін сырттай бақылауға ала отырып, сұраққа жауап беріуін жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігіне байланысты «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

-Әр оқушының жаңа сабаққа байланысты

берілген тапсырманы яғни екілік кодтауды қаншалықты қолдануын бағалау үшін «күлдіргіштер» арқылы бағаланады.

-Ал, кейбір оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгеріп,практикада жүзінде қолданғандағын бағалау үшін «қошемет» әдісін қолдандым.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

-Ұйымдастыру кезеңінде- оқушылардың сыныпқа кіргендегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау,бір-біріне кедергі келтірмеуін,топқа бөлу барысында берілген моншақты мұхият қадағалап ұстауын яғни көз,ауыз ,құлақ мүшелерінен аулақ ұстауын түсіндіру.

-Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау

-Топ ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия







Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі