жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:Арбаның бөлшектерінің тораптарны білу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының білім басқармасы
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының
Шымкент көлік колледжі
«Тартымды жылжымалы құрам және электрмен жабдықтау» пәндер бірлестігі
БЕКІТЕМІН
______________
«___»____ 2020 ж.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Мамандығы: 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту»
Пәні: «Тарту күшінің жылжымалы құрамның конструкциясы»
Ашық сабақ
Тақырыбы: Арбаның бөлшектерінің тораптарны білу
Оқытушы: Әбүтәліп Т.А.
______________________
Курс: 3
Топ: ТТ 13-18
Шымкент 2020 жыл
Пәні: Тарту күшінің жылжымалы құрамның конструкциясы
Күні: 12.03.2020 ж.
Тобы, курсы: ТТ 13-18, 3-курс
Сабақтың тақырыбы: Арбаның бөлшектерінің тораптарны білу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың технологиясы мен әдістері:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түзеткіштер және оның түрлері, атқаратын функциясы және оның жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер бере отырып, түзеткіштердің құрылымдық схемасын зертханалық стенд арқылы үйретіп, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Сабақта жаңа педагогикалық және кәсіптік білім берудегі инновациялық технологияларды қолдана отырып, студенттердің білім сапасын арттыру және шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Техникалық құралдар және компьютерлік зертханалық программалармен жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру. Өзбетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Патриотизмге және еліміздің экономикасын дамытуға қабілетті, білімді маман, жеке тұлға болуға тәрбиелеу.
Сабақты жабдықтау:
а) сабақтың көрнекілігі сызба-нұсқалар, оқулықтар, слайд,
ә) үлестірмелі материалдар кеспе қағаздар
б)оқытудың техникалық жабдықтары: мультимедиялық проектор,.
в)оқыту орны 105 кабинет, зум бағдарламасы
Әдебиеттер: 1. А.Қ. Ахметов, Ә.А. Ахметова, Т.А. Қабақова. «Электротехника» – Астана, 2010ж.
2. Медетбекова Ж.Б. Электротехникалық теорияның негіздері. А. Фолиант, 2014 ж.
3. Джабагина З.К., Койшибаева К.Ж. Электрлік өлшеулер. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2008- 143 б.
4. Kasipkor.kz
5. worldskills.kz
Сабақтың жоспары:
Сабақты ұйымдастыру: сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. (3 мин)
Өткен тақырыптарға шолу (7мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру (17 мин)
Жаңа тақырып бойынша білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және пысықтау (3мин)
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (3 мин)
Үй тапсырмасын беру (2 мин)
II. Өткен тақырыпқа шолу: Сұрақ-жауап арқылы.
1. Ұжымдық.
Жөндеу депосында қанша ТО-цехтары бар?
А) 8
Локомотивті жөндеу өндірісінің негізгі міндеттері не?
А) локомотивтің бөліктерінің тозулық және бұзылуының алдын алу және қалпына келтіру
Локомотивті жөндеу негізін қандай жүйелерге бөлуге болады?
А) жөндеуді ұйымдастыру және жөндеу технологиясы жүйесіне
Деполық жағдайда жөндеу жүйесімен қандай іс-шаралар қарастырылады?
А) техникалық күтілімдер
Локомотивтердің күрделі жөндеулері қайда қарастырылады?
А) жөндеу заводтарында
Түрлі-түсті дефектоскопия мен люменеценттік дефектоскопияның айырмашылықтары қандай?
А) қолданылатын сұйықтар мен проявителінде
ТҚК-7 техникалық күту ВЛ 80 с электроовзына қандай мезгілде жүргізіледі?
А) жүргізілмейді
Локомотивті жөндеу қанша позициядан тұрады?
А) 7
Қандай бригаларды комплекстік деп атаймыз?
А) ТҚ кезінде жұмысты атқара алатын бригаларды
Маневрлық ТЭМ2 локомотивінің техникалық күтілімдері қандай ережеге сәйкес жүргізіледі?
А) ЦТ 87-03
ТҚК-1 жұмыстарын кімдер орындалуы тиісті?
А) локомотивбригадалары
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (меңгеру): түсіндірмелі хабарлау және техникалық құралдармен жұмыс жасау әдістері арқылы білім мен дағдыны қалыптастыру
Арбашықтың құрылымы тартым электрқозғалтқышынан төмен доңғалақ жұптарын монтаждау және демонтаждау, шанақты көтермей және тежегіш жүйесін ауыстырмай тісті берілістің жабынан шешуге мүмкіндік береді.
Ұзындығы, ммм………………………..4800
Ені, мм………………………………….2814
Базасы, мм …………………………………………………………………….3000
Массасы, кг ………………………………….21670
Остер саны ………………………………..2
Тартым электрқозғалтқышының аспасы …………………….. тірек осьті
Рессорлық …………әрбір буксаға жеке
Тежегіш жүйесі ……………………. Доңғалақ бандаждарына рычагпен екі жақтан басымды
Арбашық рамасы бөлек доңғалақ жұптарыфның арасындағы тік жүктемесімен (рессорлық ілінісу арқылы) беру және реттеу үшін, шанақтың рамасына тартым, тежегіш күштерін беру және қабылдау үшін сонымен қатар доңғалақ жұптарының жолдың қисығынан өткенде, бүйірінен тік және көлденең күштерін қабылдау үшін араналған. Рама арбашық түйіндерінің байланыстырушы, көтерме элементі болып табылады.
Арбашық рамасы тұтас пісірілген, екі бүйірінен пісірілген, бір – бірімен шүберінді және екі шеткі білеулермен байланысқан тік бұрышты құрылым.
Қорапты қимасының шеткі білеулері және бүйірлері қалыңдығы 1214 мм төрт табақша прокаты болаттан пісірілген. Шанақтан максималды салмақ түсетін ортаңғы бөлігінің – бүйір шамасы 410 мм, ал шеттерінде – 198 мм. Өлшемін өлшейтін жерлерінде жиналған күшін жою үшін өлшемдердің арасындағы өткелдерді жатық жасалған. Төменгі табақша бүйіріне кіші және үлкен құйылған буксалық кронштейндер пісірілген.
Тежегіш жүйесінің аспасы үшін бүйірдің ішкі жағында кронштейн бар, ал бүйірдің сыртқы жағында гидравликалық сөндіргіштер үшін кронштейн орналасқан. Шеткі білеулерде тежегіш жүйесін іліп қою үшін кронштейн және жүк түсіруге қарсы құрылғының шығыршығының астындағы жапсырма. Күшейткіш қабырғасы бар қорапты қиылыстың шүберінді білеуі өзінің құйылған шүберіндік білеуінен және төменгі бөлгініде шүберіндің білеуіне пісірілген шарлы байланыс білеуінен тұрады.
Шүберінді білеудің орта бөлігінде шүберін өтетін жоғарғы жағында конусталған, сопақ тесік бар. Қол тежегіш тегершікті ілу үшін шүберінді білеудің екі жағынан және кронштейн пісірілген.
Шүберінді білеудің төменгі жағында тежегіш цилиндрдің бекіткішіне кронштейнді пісіріп қою үшін орындар бар. Шарлы байланыс білеуінде тартым электрқозғалтқыштарды іліп қою үшін сырғалық тесіктер бар. Білеудің ішкі қуысы шарлы байланыстың бөліктері орналасуы үішн арналған.
Электровоз шанағының рамасы қамту түрінде жасалған. Ол екі бір- бірімен буферлық жалғанған байлау арқылы құрылады.
Одан басқа бойлау арқалықтары екі табақты қорапты қимасының шүберінді арқылы және екі қырлы қимасының арқалығымен қосылған. Соңғы арқалықтарында тартым трансформаторлары орналасқан. Кронштейндер люлкалы іліну үшін қызмет етеді, олар арқылы шанақ электровоз арбашығына тіреледі. Кронштейндерде түсіруге қарсы құрылғының цилиндрлері орналасқан.
Тақырып 1.2 Доңғалақ жұбы. Түрі және қалыптастыру, куәләндіру және таңбалау.
Доңғалақ жұбы вагондардың ең жауапты торабы болып табылады. Оның түзулігіне ең алдымен қозғалыс қауіпсіздігі тәуелді. Доңғалақ жұптары вагон және жүк массасын алып жүреді, вагон қозғалысын рельс жол бойымен бағыттап отырады және қатаң әртүрлі күштерді қабылдайды. Сол себепті доңғалақ жұптары күйіне ерекше көңіл бөлінеді.
Доңғалақ жұбы осьтен және оған престеп бекітілген екі доңғалақтан тұрады. Доңғалақ жұбы әрбір осіне подшипниктер үшін мойыншалар, доңғалақ күпшектерін отырғызуға арналған бөлігі және оның алдындағы бөлігі, орта бөлігі бар. 5Доңғалақтардың негізгі типі болып болаттан тұтас етіп жасалынған (цельнокатаные) болып табылады.
Доңғалақ диаметрі 950мм.Белгіленуі РУ1 -950, РУ1Ш -950
(Р – Роликовый, У- унифицированный, Ш – закрепление шайбой,950- диаметр)Доңғалақтың рельспен жанасатын сыртқы беті домалау беті деп аталады. Домалау бетінің профилі белгілі пішінді және өлшемді. Гребень (жал) доңғалақ жұбы қозғалысын бағыттайды және вагондарды жолдан шығып кетуден сақтайды.
1- сурет. Доңғалақ жұптың сұлбасы
Доңғалақ жұптары өздерінің қызметі ету уақыттарында вагон астында тексеріліп отырады, кәдімгі және толық куәлендірулерден өтеді.ППЕ сәйкес әрбір доңғалақ жұбы тексеру, куәлендіру, жөндеу және пайдалану Нұсқамалықтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен ППЕ доңғалақ жұптар элементң тозуларының және зақымдануларының мөлшерлерін орнатқан. Егер олар мөлшерден асып кетсе, онда доңғалақ жұптарын пайдалануға болмайды.Доңғалақ жұп негізгі ақаулықтары: тозу (прокат), сырғымау (ползуны), жарықтар , ойықтар, кесілулер, бос қуыстар.
Бақылау сұрақтары:
1.Доңғалақ жұбының қызметі қандай?
2.Доңғалақ жұбының диаметрі қанша мм?
3.Доңғалақ жұбының ішкі ара-қашықтығы қанша мм?
4.Доңғалақ жұбының белгілені бойынша сипаттап бер?
5.Доңғалақ жұбында болатын ақаулықтарды ата?
Тақырып 1.3. Букстар мен подшипниктер
Букстер вагон жүріс бөліктерінің ең маңызды элеметтерінің бірі. Оның сенімді жұмыс істеуіне пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі тікелей байланысты (көп жағдайларда). Букстер доңғалақ жүптары осьтерінің мойнына подшипниктер арқылы отырғызылған және де ол айналмалы қозғалысын вагонның ілгерілмелі қозғалысқа айналдырады және әртүрлі жылдықтарында жүмыс істейді. Букстер қабылдайды және доңғалақ жұптарына береді: жүк тиілген шанақтың салмағын сондай-ақ вагонның жүріс кездерінде пайда болған динамикалық күштерді. Букстер доңғалақ жұптарын осьтерін лстанудан және зақымданудан қорғайды.
2- сурет. Буксаның құрылысы
Букстар вагон жүріс бөліктерінің ең маңызды элементтерінің бірі. Оның сенімді жұмыс істеуіне байланысты (көп жағдайда ). Букстер доңғалақ жұптары осьтерінің мойнына подшипниктер арқылы отырғызылған және доңғалақ жұп айналмалы қлзғалысын вагонның ілгермелі қозғалысқа айналдырады және әр түрлі жылдылдықтарында жұмыс істейді. Букстар қабылдайды және доңғалақ жұптарына береді: жүк тиелген шанақтың салмағын сондай –ақ вагонның жүріс кезінде пайда болған динамикалық күштерді береді. Букстар доңғалақ жұптарын осьтерін ластанудан және зақымдандаудан қорғайды, майлау үшін резервуар және подшипниктің тұратын орны болып табылады. Олар доңғалақ жұп арбаша рамасына қатысты бойлық және көлденең жылжуларын шектейфйді. Оларға қойылатын талаптар:
Олар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс,
Олардың сенімділігі жоғары болуы керек, доңғалақ жұптардың айналуына аз керегі туғызуы керек
Қиын жағдайларда вагонның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.Сонымен қатар жөндеуге, күтуге ыңғайлы болуы тиіс.
Сондықтан олардың құрылысына техникалық күтулеріне және жөндеуге тиіс жоғары талаптар қойылады, әсіресе вагон жылдамдықтарын өсіргенде және вагон доңғалақ жұп түсетін күштер өскенде.
Вагон құрылысы практикасында букстердің көп типтері мен конструкциялары таралған.
Оларды жеке топтарға топтастыруға болады:
Вагон типіне байланысты жүк, жолаушы вагондары букстері. Олардың өзі кәдімгі жүрдек және жоғары жүрдек вагондары букстары
Подшипниктер типтері бойынша домалау подшипникті және сырғанау подшипникті
Роликті подшипниктің ішкі сақинасының отырғызу әдісі бойынша қыздырып отырғызылған және втулкаға отырғызылған.
Бақылау сұрақтары:
1.Букса торабының қызметі қандай?
2.Букса торабының ішінде қандай бөлшектер болуы мүмкін?
3.Букса торабы вагонның қай жерінде орналасқан?
4.Подшипниктердің қызметі қандай?
5.Букса торабының ақаулықтарды ата?
6.Буксаны тексерудің неше түрі бар?
7.Толық тексеру туралы сипаттап бер?
Рессор аспаның ілмесі
Арбаша ілмесінің түрлері:
Жәй дара рессорлық ілме – рессор үстіндегі көлденең арқалық астына орналасқан.
Қос рессорлық ілменің бір жүйесі рессор үстіндегі арқалық астына, ал екіншісі – букс үстіне орналасқан. Олар қос доңғалаққа қысымды біртіндеп береді. Мұндай арбаша жолаушылар вагонында қолданылады. Үш қатарлы ілмелі арбаша өте аз пайдаланылады.
3- сурет. Арбашаның рессорлы ілмесінің сызбасы:
А) дара түрі Б) қос түрі
Рессорлар мен серіппелер соққыларды жұтуға және олардың вагон детальдарына әсерін азайтуға арналған.
Листтік рессорлар листтер санымен және олардың қималарымен ажыралады. Бұл вагон типтерімен және олардың жүк көтергіштігімен анықталады. Ортасында листтер шпилка-заклепкамен және оларға мықтап отырғызылған (кигізілген) қамытпен қосылады.
4 – сурет. Галаховтың эллиптикалық рессор:
1, 5 – наконечник; 2 – заклепка; 3 – сухарь; 4 – вырез
Листтердың бірнеше қатарынан тұратын, иілген жақтарымен бір-біріне қараған және ұштары арнайы наконечниктермен қосылған рессор эллипстік деп аталады. Ең көп тараған және жасалынуы қарапайым Галаховтың эллипстік рессоры болып табылады. Ол түбірлік листтен, листтер жиынтығынан, қамыттан, жоғарғы және төменгі наконечниктерден тұрады. Эллипстік рессор листтерінің арасындағы үйкеліс мәжбүрлік үйкеліс амплитудаларын азайтады. Түскен жүктеменің әсерінен рессордың түзуленуі жүреді. Жүктемеден болатын оның иілуінің шамасы иілу стреласы (жебесі) деп аталады, ал фабрикалық жебе мен иілу жебесінің айырмасы- рессордың иілуі деп аталады. Мұндай рессорлады жүк, ескі құрылған жолаушы және изотермиялық вагондардың арбашаларында қолданады.
Серіппелері төрт, алты және сегіз осьті жүк вагондарының, сондай –ақ жолаушы және изотермиялық вагондар арбашалаларында цилиндрлі серіппелер сыналы фрикционды тербеліс сөндірушілермен комплект етіп қойылған.Мұндай сөндіргіштерді рессорлық аспалардың тербелу амплитудаларының шамадан тыс артып кетулерін болдырмау үшін қойылады. Олар жылжуларға пропорционал үйкеліс күштерін туғызады.
ЦНИИ-ХЗ-О арбашасының рессорлық комплектісінде серіппелер және тербелістіңғ сына сөндіргіштері бар. Қазіргі жолаушы вагондарында осындай мақсат үшін тербелістің гидравликалық сөндіргіштері қойылады, мұндағы пайда болатын кедергі күш жылжу жылдамдығына пропорционал.
Одан басқа букстық асу серіппелері ішіне фрикционды тербеліс сөндіргіштері қойылған.
3
3–
5-сурет. Эллипстік рессордың құрылысы
1 – түпкі рессор, 2- лист қабаты, 3- хомут,4,5 жоғарғы және төменгі наконечниктер
Тақырып 1.5 Арбаша, рама, шанақ
Жалпы қызметке арналған жабық вагон (әмбебап деп аталатын),моделі
II - 217 Алтай вагон жасау зауыты жасап шығарған,шанағының көлемі 120м3.
Оның шанағы екі жақты жылжымалы есіктермен 10 жабдықталған, шатырында 43 және бүйір қабырғаларында 6 жүк артуға арналған люктер бар.Жоғарғы шеткі жүктеу люктері пештік бөліктермен жабдықталған, ол қыс кезінде адамдарды тасу қажет болған жағдайда пеш орнатуға арналған.
6- сурет. Жабық вагонның суреті
1-шанақ, 2- соғу тартым соққылары; 3- тежеу қондырғылары; 4- жүріс бөлігі.
7- сурет. Хоппер вагонның құрылысы
Шанақ рамасы пісіріп қосылған хребтовой (жоталық)балкадан 18, екі бүйірлік бойлық 4, екі шкворендік 16, екі ұштық , 26 көлденең арқалықтардан тұрады. Шкворендік арқалықтар арасында екі негізгі (есіктік)және жеті аралық 14, сондай-ақ бойлық арқалықтыр 15 орналасқан.Олар еден төсенішін ұстап тұруға арналған.Есік өйығы астында екі жағынан да төменге түсуруге болатын аяқ қойғыштар(подножкалар )бар ,олар вагонда жумыс істеушілердің түсіп шығулары үшін орнатылған.Раманың консольді бөлігінің роскостар 17,сондай-ақ бойлық 19 және қысқа 20 арқалықтар орнатылған.
5-сурет. Жолаушы вагон
1 — тамбур тормозного конца вагона 2 — кладовая
3 — служебное отделение 4 — купе для отдыха проводников
5 — пассажирские купе 6, 7 — туалетные кабины
8 — тамбур нетормозного конца вагона 9 — малый коридор
10- үлкен дәріз — косой коридор
8- сурет. Жолаушы вагонның құрылысы
Жолаушы вагондардың арбашасы КВЗ -ЦНИИ Калининском (қазіргі Тверь) вагонжөндеу заводында ЦНИИ (қазіргі ВНИИЖТ- Всероссийский научно-исследовательский институт железнодорожного транспорта) Ресей ЖҚМ (МПС) бірге қосылып шығарылған.
Арбашалар вагонның рельс жолы бойымен бағытталған қозғалысын қамтамаыз ету, барлық жүктемелерді бөлу және жалға беруді қамтамасыз ету үшін, сондай –ақ тартым және тартым тежеу күштерін қабылдауға арналған. Жүк вагондары астына екі –үш –төрт және көп өсті арбашалар қояды. Соңғылары жоғары жүк көтергішті арнайы вагондар – транспортерлерде қолданылады. Негізінен екі ості арбашалар қолданылады.Вагон арбашасы әдетте, мынадай бөліктерден тұрады: доңғалақ жұптардан, буксадан, рамадан (рама немесе бүйірліктер доңғалақ жүптарын біріктіреді, рессор аспаларынан рессор үсті арқалықтарды тіректерімен), тежеу жабдықтарынан.Жүк вагондары арбашаларын бір рет асылулы (әдетте орталық) етіп орындайды. Жолаушы және изотермиялық вагондар арбашалары – екі рет аспалы (орталық)Кезінде жолаушы вагондарының кейбір типтерінде үш аспалы арбашалар да қолданылған.Жүк вагондары үшін негізінен ЦНИИ-ХЗ-О типті арбашалар қолданылады. Оның бүйір рамасы құйылып жасынған. Арбашаның орта бөлігінде ойық жасалынған, онда екі қатарлы серіппелерден тұратын рессорлы комплексті орнатады. Тербелістің сына тәрізді сөндіргіштері рессор үстілік арқалықтың ұясына орналасқан, олар тік шеттерімен ауыспалы фрикционды планкалармен жанасады, соңғысы бүйірлік колонкплпрына бекітілген. Бүйірліктер ұштарында букстар үшін ойықтар жасалынған. Пайдалануда сондай –ақ ескі типті жүк арбашалары МТ -50де бар
9 - Арбашаның сұлбасы
Доңғалақ жұбы; 2- бүйір рамасы; 3- рессор үсті арқалық; 4- ілме серіппесі; 5- тежеуіш башмагы
IV. Жаңа тақырып бойынша білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және пысықтау:
Сөзді дұрыс құрастыру
тартым центрі
Жылдамдық датчигі
Бүйір рамасы
Тербелісті гидравликалық өшіргіш
Жақты арбаша
Шарлы байланыс
Доңғалақ жұбы
Букса торабы
Тежеу цилиндрі
4.2 Ұжымдық. "Ой шақыру" әдістері ( сұрақтарға жауап - ия / жоқ)
Сіз келісесізбе?
№ |
Сұрақтар |
ия / жоқ |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
6 |
|
|
7 |
|
|
8 |
|
|
9 |
|
|
10 |
|
|
11 |
|
|
12 |
|
|
13 |
|
|
14 |
|
|
V. Сабақты қорытындылау: Студенттерді критерий бойынша бағалап, журналға баға қою
Студенттің аты-жөні |
Тәртібі, форманы киюі |
Үй тапсырмасына дайындығы |
Берілген тапсырманы орындауы |
Программамен жұмыс жасауы |
Қорытынды |
10 % |
30 % |
40 % |
20 % |
100 % |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VI. Үй тапсырмасы:
1) 10 тест құрастыру.
2) «Арба» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
3) Бақылау сұрақтарына жауап жазу.
1.Арбашаның қызметін сипаттап бер?
2. Арбаша вагонның қай жерінде орналасады?
3. Арбаша түрлерін атап бер?
4. Арбаша қандай болып келеді?
5. Арбашақасиеттерін сипаттап бер?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген