400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ"Артық, кем, тең"

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; • цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдер- мен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

математика

Сабақ тақырыбы:

Артық, кем, тең

Мектеп:

Күні :8.09.2016 ж


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «Ж»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;


  1. сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;


  1. сандардың қосындысы мен айырмасын анықтау, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сандық сәулені пайдаланады;


“+”, “–”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. 2 ойын текшесі;


  1. ламинатталған парақтар мен маркерлер;


  1. 10 көлемінде санау үшін заттардың суреттері бар парақшалар.

Тірек сөздер

артық;

кем.

Сабақтың мақсаты:

Екі жиынды элементтерінің санына қарай са-лыстыру дағдысын бекіту және салыстыру нәти-желерін “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану арқылы өрнектеу; салыстыру нәтижелерін мына белгілерді “<”, “>”, “=” қолданып жазуды үйрету; сандық сәуле бойында сандардың орналасуы бо-йынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар сандардың сандық сәуле бойында орналасуы бойынша салыстыруды үйренеді: үлкен сан оңға қарай, ал кіші сан солға қарай орналасады. Оқушылар нысандарды санау арқылы екі жиын-ның қайсысында нысандардың артық немесе кем екенін анықтап, салыстыру таңбаларының көмегімен жазатын болады.



Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтыңбасында ойын текшелерімен жаттығу жасауды ұсыныңыз. Текшелерді кезекпен лақтыра отырып, түскен сандарды салыстырады, яғни текшелердің жоғарғы жағында түскен нүктелердің санын салыстырады. Оқушылар салыстыру нәтижелерін айтқанда “тең” немесе “тең емес” деген сөздерін қолданып, ал жазу кезінде “=”, “≠” белгілерін қолданады. Ойыннан кейін оқушыларға “≠” белгі-сімен жазылған салыстыру нәтижелеріне қарауды ұсыныңыз. Олардан “Салыстыру нәтижесін нақты-лауға бола ма?” деп сұраңыз. Оқушылар салыстыру нәтижесін “артық” және “кем” сөздерімен нақты-лаулары мүмкін. Салыстыру нәтижелерін “<”, “>” белгілерінің көмегімен жазуға болатынын айтыңыз. Содан кейін осы сандар сандық сәуленің бойында қалай орналасатынына бақылау жасауды ұсыныңыз. Сандық сәуле бойындағы кез келген сан солға қарай орналасса, ол басқа сандарға қарағанда үлкен болатыны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.

Рисунок 2

Шығарып көр. Қай қолдағы бұршақтар саны артық? Тапсырманы жұппен орындауды ұйымдас-тырыңыз. Оқулықтағы иллюстрация бойынша оқу-шылар оң қол мен сол қолдағы бұршақтар санын салыстыруы тиіс (7 бұршақ сол қолда және 6 бұршақ оң қолда). Жауабын мына түрде жазу керек: 7 > 6.

Жауабы:

сол қолдағы бұршақтар артық.

Сандық сәулені қолданып, берілген сан-дарды салыстыр.

Тапсырманы жалпылама түрде орындатыңыз. Оқушылар сандық сәуледе орналасқан 20 көле-міндегі сандарды салыстыруы тиіс.

Жауабы:

иә, 9 саны 2-ден артық; жоқ, 1 саны 5-тен артық емес, ол кем;

жоқ, 9 саны 7-ден кем емес, ол артық.

Салыстыр. Кім азық-түлікті артық сатып алды? Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылар екі себеттегі азық-түліктердің санын санау арқылы салыстыруы және талдаулары тиіс.

Жауабы:

ер адам азық-түлікті көп сатып алды.

Кімнің апельсині артық? Оқушыларға тапсыр-маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Оқу-шылар заттарды санау арқылы балалардың қай-сысында апельсиннің көп екенін анықтайды және тапсырманың сұрақтарына жауап береді. Тапсыр-маны орындау қиындық туғызса, сандық сәулені пайдалануды ұсыныңыз.

Жауабы:

ұл баланың апельсиндер саны артық.

Орындап көр. Берілген тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң нәти-жесін салыстырыңдар.

Ойлан. Тапсырма логикалық ойлауды дамытады. Оқушыларға өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда,оларды жұпқа біріктіріп, тапсырманы бірлесе тал-дауды ұсыныңыз.

Жауабы:

кілемдегі ойыншықтар артық.

  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздерді есте сақтау үшін оқушыларға ойын ойнатыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақырыңыз және бірнеше заттың суреті салынған екі суретті таңдауды ұсыныңыз. Мысалы, бір суретте бес заттың суреті, екіншіде — үш сурет. Оқушыларға суреттердің қайсысында заттардың артық немесе кем екенін салыстыруды ұсыныңыз. Олар салыс-тырып, нәтижесін айтады. Суреті көбін жоғары көтеріп, “артық” деп, ал заттардың саны аз суретті көтеріп “кем” деп дауыстап айтады. Егер оқушы-лар тақтадағы оқушымен келіссе, олар осы сөздер-ді қайталап айтады. Егер олар келіспесе, үндемей отырады. Одан кейін келесі оқушы шығады. Заттардың санын салыстырып, нәтижесін айтады. Ал оқушылар оны қайталайды немесе үндемей отырады. Үшінші оқушы осылайша заттардың санын салыстырып, нәтижесін хабарлап айтады. Әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады

Қай топтағы заттар артық?

Оқушылар жоғарғы және төменгі қатарларда-ғы бірдей заттарды санайды да, қай топта заттар көп болса, сол топты айналдыра қоршап сызады. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “<” белгілерінің көмегімен жазуы тиіс.

Жауабы:

а) 5 алманы қоршап сызу керек (5 > 4); ә) 10 араны қоршап сызу керек (10 > 8).

Қай топтағы фигуралардың саны кем?

Оқушылар сол және оң жақта орналасқан топ-тардағы заттарды санауы тиіс және фигуралар саны аз топты бояйды. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “<” белгілерімен жазуы тиіс.

Жауабы:

а) 6 дөңгелекті қоршап сызу керек (6 < 9); ә) 5 үшбұрышты қоршап сызу керек (5 < 10).

Бос орындарға сандарды қой.

Оқушылар 10 көлеміндегі заттардың санын салыстырып, сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Соңғы жолда салыстыруға сандар берілген жоқ. Оқушылар кез келген санды таңдап алып, өзара салыстырады. Мұндай тәсіл оқушылардың матема-тикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.

Жауабы:5 > 4, 3, 2, 1, 0; 10 > 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1;

1 < 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. сандық сәуле көмегімен 10 көлеміндегі сандарды салыстыруды;


  1. екі жиындағы нысандар санын салыстыруды және нәтижесін “>”, “<” белгілерінің көмегімен жазып көрсетуді меңгереді.


Оқушылардың меңгерген білімін тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:


— 5 артық 10-нан? 7 кем 3-тен? 10 кем 8-ден? 3 кем 9-дан?


— 5 немесе 8 санының қайсысы сандық сәуледе солға қарай орналасады? Қайсысы оңға қарай? Неге?


— Динаның үш кәмпиті бар, ал Маратта — бі-реу. Кімнің кәмпиті артық?


— Мараттың кәмпиті артық болу үшін, ол тағы неше кәмпит алуы керек?


Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі