Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ:Асқар Тоқмағамбетов.Сыбырлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау • 2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Асқар Тоқмағамбетов.

Сыбырлақ.

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимжанова С.А

Күні: 8.11.2018

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны7


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

  • 2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка

Сабақтың жоспары

Жоспарланған
уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

3 минут



























5 мин




Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу:

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

Мақалдардың қиындылары арқылы

топқа бөліну.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

Оқу –білім азығы,

Білім –ырыс қазығы

1- топ: «Достық» тобы


2- топ: «Білім» тобы


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Қалам» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру

Әнуарбек Дүйсенбиевтің « Ақылшым – мұғалім» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларға 2-топқа сұрақтар беру.

1-топ: Өлеңде кім туралы? ( мұғалім )

2-топ: Өлеңнің авторы кім? ( Әнуарбек Дүйсенбиев)

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу.

Менің ұстазым ... ақылды.Ол бізге ... сабақ түсіндіреді.Әрқашан...әдемі киінеді.Ұстаздың сөзін ....әрқашан тыңдаймыз.


Мақал қиындылары арқылы топқа бөлу.


Жаңа білім

13 минут











Балалар біз мектепалды тобынан бері бірге оқып келеміз,біз-бір –бірімізге кім боламыз?(сыныптас)

Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: « Менің сыныптас достарым » деп аталады.

Балалар, менің сыныптас достарым 3 тілде қалай айтылады.

Қанеки, айтып көрініздерші?

Менің сыныптас достарым – Мой одноклассники – My friends

Оқушыларға «микрафон» әдісі арқылы сұрақтар қою:

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?

4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?

5.Сыныптастар деген сөзді қалай түсіндіңіздер?

6. Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіздер.


Әр топқа топтық жұмыс.

Сыныптасың туралы не білесің?Кластер құрастыр.


«Сыбырлақ »ойынын ойнау.



Оқулықпен жұмыс.


Әр топ мүшелері Асқар Тоқмағанбетовтың « Сыбырлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Сыбырлақ

Бір бала бар сыбырлақ,

Аузы – мұрны жыбырлап,
Әсте тыным таппайды,

Құлағыңа сыбырлап.


Өзі де түк ұқпайды

Отырғанда дыбырлап.

Тыңдатпайды басқаға,

Шыға қалса тақтаға.


Аузын ашып қымыңдап,

Түк айта алмай ыңылдап,

Қалды дей бер «Сыбырлақ»,

Бостан – босқа жыбырлап.

Топпен жұмыс

Өлең құрлысына талдау жасау.

Авторы-Асқар Тоқмағамбетов

Тақырыбы-Сыбырлақ

Жанр түрі –өлең

Шумақ -3

Тармақ-12

Жеке жұмыс

Оқылым.

Түсініп оқы. Сыбырлақ. Асқар Тоқмағамбетов жайлы әңгімелеңіздер.

  • Сыбырлақ деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Сенің сыныбыңда сыбырлақ оқушы бар ма?

Айтылым

Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, қосымша мағлұмат беремін.

Білу және түсіну


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

А сқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қ.) — қазақтың ақыны, жазушысы. «Батыр Әли» атты жыр жинағы бар.

Асқар Тоқмағамбетов

( 1905 – 1983)













Ортасы

10 минут






Топтық жұмыс.

1- топ: Сыбырлақ бала қандай? Сипаттап жаз

2- топ: Көрініс арқылы көрсету

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Жазылым.

Дәптермен жұмыс.

1.Асқарбек Тоқмағамбетов туралы білетінімізді сызбаға түсіру.

2.Сыбырлақ балаға мұндай жаман әдеттен аулақ болу үшін қандай кеңес берер едің?


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=c3fxUviMHi0 Жалқаубек

Видео жазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Тақтаға бұлттың суреті ілінеді.Бұлтқа кітаптың суреті ілінсе бүгін алған біліміміз көп деп білеміз.Егер жүрек жапсырса жүрегіміз мейірімге толы болды деп білеміз.


Оқушылардың жауаптары тыңдалады.












Кері байланыс

2 минут




Ауызша оқушыларға кері байланыс бер.

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?

Сіздерге сабақ несімен ұнады?

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер?

Смаиликтер арқылы бір – бірін және топты бағалау



Үйге тапсырма: Асқар Тоқмағамбетовтың « Сыбырлақ» өлеңін мәнерлеп оқу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)

Оқушылардың жас ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12