Материалдар / Ашық сабақ"Ата-әжеме хат"2-сынып

Ашық сабақ"Ата-әжеме хат"2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған материал 2-сынып жетекшілеріне керек.Ашық сабақта 7 модульге негізделіп құрылған 1. Білімділік: Оқушыға ақынның өмірі жайлы мағлұмат беріп, «Ата - әжеме хат» әңгімесін мәнерлеп оқуға және хат жаза білуге үйрету. 2. Дамытушылық: Жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, әдемі, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын жеткізу; 3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, туысқандарын сыйлауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1266
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекіту :___________Бисенова .Ү.А.Күні: 21.01.2016.Пәні: Әдебиеттік оқуСабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Ата - әжеме хат»Сабақ мақсаты:1. Білімділік: Оқушыға ақынның өмірі жайлы мағлұмат беріп, «Ата - әжеме хат» әңгімесін мәнерлеп оқуға және хат жаза білуге үйрету.2. Дамытушылық: Жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, әдемі, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын жеткізу;3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, туысқандарын сыйлауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: Ы. Алтынсарин суреті, слайдтар.Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.1. Психологиялық дайындық.- Балалар орнымыздан тұрып шаттық шеңберін құрайық.Қуанамын мен деҚуанасың сен деҚуанайық достарымАрайлап атқан әр күнге.Адам күнделікті өмірде, деніміздің саулығына, аман - есен бір - бірімен қауышқанына аспанымыз ашық, бейбіт елде өмір сүріп жатқанына қуану керек екен.. Олай болса, мен сендерге қуаныш тілей отырып сабағымызды әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерімізді тиянақтаудан бастаймыз.Топқа бөлу /маркалар арқылы/ 2.«Ойы озық кім екен?» деп аталатын ойын ойнап өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып,тест орындаймыз.Тест1.Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады?А) тышқаннан Б) түйеденӘ) доңыздан В) жылқыдан2.Атасы мен немересі әңгімесінде атаға жаны ашыған кім?А) баласы Б) немересіӘ) келіні В) көршісі3. «Атаңа не қылсаң, алдына сол келер» деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата.А) атасы мен немересі Б) Шал мен балаларӘ) шеше мен бала В) Ұшқан ұя4. «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» деген сөз қай ертегіде айтылған?А) түйе мен тышқан Б) ұр, тоқпақӘ) сақина В) мысық пен тышқандар5. «Кім үлкенді тыңдаса,Кім үлкенді сыйласа,Үлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де»,-деп айтқан кім?А) Спандияр Көбеев Б) Жақан СмақовӘ) Сырбай Мәуленов В) Ыбырай Алтынсарин3. Үй тапсырмасын пысықтау.Жақан Смақов«Апаның тілін алса егер»өлеңін оқытуӨлеңде айтылған апа, бала барлығы нені құрайды?Апаның тілін алмайтын бала не болады,не істейді?Апаның тілін алатын бала не болады не істейді?«Кім шапшаң» Суреттерді орналастыру.ІІ. Жаңа сабақ.Жұмбақ шешу. Аяғы жоқ,қолы жоқ,Таппайтұғын жолы жоқ. (Хат)Бір мақұлық бар тілі жоқ,Сөйлегенде  міні жоқ.(хат)Аяғы жоқ жүреді,Тілі жоқ сөйлейді.4. Автор туралы мәлімет.- Ы. Алтынсарин кім ?/Ы. Алтынсарин туралы айту/ Ол кісінің есіміне берілген Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин даңғылында орналасқан мұражайы, Ы. /Алтынсарин атындағы жеке балалар мектебі және кітапхана бар екен./Ы. Алтынсариннің арман еткен мектебі 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде ашылды. Оған 14 бала оқуға тартылды. Қалың қазақтан тұңғыш 14баланың есімдері ерекше тарихта қалды..(слайдтан көрсету5.«Хат және адам» деп аталатын кезеңХат жазу арқылы байланысу сонау ерте заманнан бастау алған. Ерте кездерде хатты арнаулы жерлерге жеткізу үшін арнаулы көгершіндерді пайдаланған сурет көрсету. Хаттың адамзат өмірінде алатын орны зор бір кездері хатты адамдар тағатсыздана күткен кездер болған. Ол қай кез деп ойласаңыздар үйде үлкен ата - әжелерің сонау соғыс кезінде деп айтқан кездерін естіген болсаңдар, балалар.Хаттың түрлері туралы 1941 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына кеткен бауырларынан хат күткен, ол хаттар мынадай үлгіде болған.Үшбұрышты хаттарды көрсету. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр, мұндай үшбұрышты хаттар тарихымызды бір бөлшегі сияқты еліміздің мұражайларында соғысқа аттанған аталарымыздың соңғы хаты еді деп жанұямыздың бір естелігі ретінде сақтаулы тұр.Себебі мұндай хаттар бүкіл бір ауылға қуаныш сыйлаған кездер де болғандығын біз есте сақтауымыз керек. Осындай батыр аталарымыздың арқасында біз бақытты өмір кешудеміз, солай ма балалар?- Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда хат туралы көптеген жаңа мәліметтер білетін боламыз, сонымен қатар хат жазуды үйренеміз.Бүгінгі сабақта сендермен « Ата - әжеме хат» мәтінімен танысамыз. Хат деген сөзді қалай түсінесіңдер?Хат сөзін түсіндіру.Хат адамдар арасындағы қатынас құралы.6.Дәптермен жұмыс.Күннің жадын жазып,жаңа тақырыпты жазып алады7.»Оқулықпен жұмыс»кезеңіБұл мәтінде автор сонау ерте кездегі хат үлгісін беріп отыр қазір хат жазудың қандай үлгілерін білесіңдер.(Смс жазу, ватсап арқылы сөйлесу сияқты әлеуметтік желілер қазіргі кездің хатының түрлері болып табылады. Оқушыларға сөз беру осыларды күнделікті өмірде пайдаланасыңдар ма?)Мәтінді оқып беруНазардың хатын төрт бөлікке бөліп, топтарға беру.Мағынаны ашу /сұрақ-жауап арқылы/.- Әңгімемен таныстық Хатты қалай жазу керектігін әзірге білмейтін боларсыңдар. Кітаптағы қажетті сөздерді пайдалана отырып ата,- әжемізге, әке-шешемізге сыныптасыңа, ұстазыңа хат жазып жылы лебіздеріңді білдіріңдер, ол үшін кітаптағы хат жазу үлгісіне назар аударайық. Хатты кітаптың оң жағында берілген бөліктерді пайдалана отырып жазамыз. Ол қандай бөліктер екен,8.Тапсырма .слайд арқылы
Хаттың бөліктері Қажетті сөздер
  • Хаттың басталуы
  • 2. Хаттың негізгі бөлімі: - оқуың жайлы - достарың туралы - отбасың туралы, т.б.3. Хаттың аяқталуы
    Алыстағы досым, қамқор ағам, құрметті ...Ұстазым сонша разы ............Амандықта бол; сау-саламат болыңыз ...


    Сергіту сәті9.»Дәптермен жұмыс» кезеңі.Қолдың сұлбасына хат жазадыІ- Ата-әжелеріне хат жазу.ІІ-Мұғаліміне хат жазу.ІІІ-Достарына хат жазу.ІV-Жақсы көретін кейіпкеріне хат жазу.Әр топтан бір оқушыға оқыту.

    10. « Не үйреніп, не білдік?»бекіту. «Тез ойла,тез ойна»Хаттың бөлімдерін орналастыру.Топтар бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.Ы. Алтынсарин туралы тағы не білдік?Назар кімдерге арнап хат жазды11. Сабақты қорытындылау. Бағалау.Рефьлексия.

























































    ІІ сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ





















    Өткізген: Каракулова С.А.

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ