Фазылова
Назгул Гарифоллақызы
Бастауыш
сынып мұғалімі
Құрсай
бастауыш мектебі
Батыс
Қазақстан облысы
Жәнібек
ауданы
Пәні:
дүниетану.
Сабақтың
тақырыбы:
Ауа.
Сабақтың
мақсаты:
а) Ауа қасиеттері туралы білімдерін
тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі
қозғалысы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
ә)
Байқампаздық, әуестік дағдыларын дамыту.
Салыстыру және қорытындылау біліктілігін
арттыру.
б)
Табиғатты аялауға, ұқыпты қарауға,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ауаның
құрамы тірек-сызбасы,орман картинасының
көшірмесі, тәжірибе жасау үшін шар,су
құйылған стақан.
Күтілетін
нәтиже: ауаның
құрамы мен қасиеттері, жер бетіне таралу
жолдары туралы білімін бекіту.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық
дайындық.
ІІ.
Өткенді қайталау.
Екінші
сыныпта сендер «Ауа» тақырыбы туралы
оқып білгенсіңдер.
Ауа
деген не?
Бұл
сұраққа жауап беру үшін полиэтилен
қалташасы керек.
Қалташаны
ауамен толтыр,аузын бұрап бекіт.Қалташаны
қатты қыс.
Не
байқайсың?
Қалташаны
тес
Не
болды?
Қалташада
не бар еді?
Ауаның
қасиеттерін естеріңе түсіріңдер.
Жауаптарыңды жұмыс дәптерлеріңе жаз.
ІІІ.
Жаңа сабақ.
ІV.Мұғалімнің
дәрісі.
Ауа
барлық жерде: далада да, суда да, жерде
де бар. Біздің планетамызды ауа қабаты
қоршап тұр. Бұл ауа қабаты атмосфера
деп аталады. Атмосфера Жерді Күн
радиациясынан қорғайды. Ол болмаса,
жердегі су әп-сәтте қайтып, ал Күн сәулесі
тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер
еді. Суда да, жерде де ауа барын дәлелдейтін
мысалдар келтір.
V
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар
ауаның қасиеттерін кестеге жазады.
Негізгі
ұғым
|
Ауаның
қасиеттері
|
Ауа
|
Мөлдір,
түссіз, салмақсыз, иіссіз, жылы, салқын
және т.б.
|
Азот-78%.
Көмірқышқыл газ-1%.Оттегі-21%.
Сонымен,
ауа
дегеніміз
- бұл газ, дәлірек айтсақ, газдар қоспасы.
VІ.Тәжірибе
жасау.
ҮІ.
Үш
шырақты жағайық. Оларды стақанмен,банкамен
төбесі ашық банкамен жабамыз.
-Қайсысы
алдымен сөнеді?
-Неге?
Стақанмен
жабылған сөнеді.
Банкамен
жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа
көптеу.
Төбесі
ашық шырақ жана береді,оны ауа толық
қоршап тұр. Олай болса,ауа жанғыш.
Мысалы: терезенін екі рамасының
ортасында бос орын неге қалдырылған
деп ойлайсыңдар?
Ауа
қасиеттері:
Жеңіл
Сығылады
Серпіледі
Жанады
Жылуды
нашар өткізеді
Орын
алады
түссіз.
Ал
ауа маңызы туралы не айтуға болады?оқушылармен
бірге саналады.
*Дем
алу үшін
*Жылуды
сақтау үшін
*Суда
жүзу үшін
*От
жағу үшін.
Тәжірибе
жұмысының нәтижесін кестеге жазамыз.Онда
ауаның барлық қасиеттері жазылуы тиіс.
-
Ауа туралы қандай жаңа мағлұмат алдық?
VІІ.Қорыту.
Бүгінгі
сабақтан не үйрендіңдер?
Ауа
туралы тағы не білгілерің келеді?
Сұрақтарыңа
жауапты қандай жолмен алдыңдар?
VІІІ.
Үй жұмысы: «Ауа»
тақырыбын оқып, мазмұндау. 47-50 бет.
ІХ.Бағалау.