400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ"Аяулы анашым" балабақшадағы орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.


Жүргізуші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар залға көңілді ән-күймен , ұлдар қыздар кіреді.

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Анашым»Хор

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!


Данияр

Сенен өскен балалар, 
Батырлар мен даналар,
 
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті біздің аналар!


Айсұлу

Ақ анашым, аппағым, 
Өзің жайлы тақпағым
 
Өзің жайлы әнім де,
 
Арнадым саған бәрін де


Елесей

Анам болса қасымда 
Басқа бақыт не керек
 
Аналардың жүрегі
 
Мейірімді ғой керемет



Толғанай

Наурыздың сегізі, 
Сұлулықтың негізі.
 
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
 
Ералы

Аналарды сүйеміз 
Ақылын ойға түземіз
 
Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз. 
Расул

Бәрімізге анамыз 
Біз үшін күн боп жанасың
 
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!
 
Темірлан

Апатайым анашым 
Ақылы мол данасың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Қамқоршысы баланың 

Айғаным

Бізді өсірген анашым.

Енбегініз зор екен.

Құтты болсын анашым!

Құтты болсын мерекең!

Ж.Жансая

Жанымызды жайнатқан 
Өзіңіз ғой аналар
 
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
 
Шұғыла

Қуанамыз сыйлаймыз 
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
 
Жырдан шашу арнаймыз.
 










Ербол

Жүзімізге қараңыз 
Бал күлкілі баламыз
 
Бізге қымбат күн шуақ
 
Бізге қымбат аналар!

Айсұлтан

Баланың да тірегі 
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
 
Анамыздың жүрегі.
 
Ильхан

Ана біздің күніміз 
Ананың біз гүліміз
 
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
 
Ойын: «Жіп орау».

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\


Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші: Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Ұлдар биі» Орындайтын –ұлдар.


Балаларымыздың жылы лебіздерін жалғастырамыз.

Камила

Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Бексұлтан

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым.

Наилья

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған


Сұлтан

Мейірімді апалар,

Балалар көп бата алар..

Қалтасына кәмпит сап

Немереге апарар.


Ән: «Әже.»

Ойын: Гүлдерді жинау.

Би: «Вальс»


Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Дұрыс менің қолымда Бәйшешек гүлдер,  Қазір мен бұл гүлдерді жерге біреуін қоямын, музыка ойналады, сендер билейсіңдер, музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек, кім үлгірмейді сол ойынан шығады.

Ән «Анашым анажым!»-орындайтын Амина, Наилья, Толғанай, Данияр.

Ойын: «Өз балаңды тап»

Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Балаларымыздың билерін тамашалаңыздар «Ха –фа –на-на» .

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Көктем: Балалар менің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Мына көктем гүлдерін сендерге сыйлыққа тарту етем. Сау болыңыздар!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі