Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік
ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар
келесі оқу тапсырмаларын орындайды:
Е кі қолмен
кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп
кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар
ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған
қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай
созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу
керек.
Б ір қолмен
иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп
иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп
тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы
бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті
бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ
алға қойылады.
Ж оғарыдан
бір қолмен беру. Доптың бастапқы
жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да,
білезік допты орап, берілімді
аяқтайды.
Б ір қолмен
төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп.
жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап,
саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды
бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп
одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте
ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас
аяқ алға адымдайды.
Осы тапсырманың
дескрипторлары:
-
Жаттығуларды орындау кезіндегі
қауіпсіздік ережелерін біледі және
сақтайды;
-
Жаттығуларды
орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс
дағдыларын қолданады;
-
Екі қолмен
кеудеден лақтыру әдісін дұрыс
орындайды;
-
Бір қолмен
иықтан беру әдісін дұрыс орындайды.
Сұрақ-жауап: Ойын кезінде қандай
қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе?
Өздеріңіздің
практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде
қалай қолданасыз?
Бұл тапсырмада қандай
арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері
қолданылды?
Өткізілетін оқу
тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске
түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс
жасайды:
Б
аскетболшының тұрысы:
а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып
жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып
жүру;
в
) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып
жүру.
Осы тапсырманың
дескрипторлары:
-
Баскетбол сабағындағы
қауіпсіздік ережелерін біледі және
сақтайды;
-
Жаттығуларды орындау кезіндегі
үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын
қолданады.
Сұрақ -
жауап: Баскетболмен айналысқан
кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
Өздеріңіздің
практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде
қалай қолданасыздар?
Бұл тапсырмада
қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері
қолданылды?
|
Үлкен бос кеңістік,
баскетбол доптары, ысқырық,
конустар.
Баскетбол
добы
Спорт зал, баскетбол
доптары, ысқырық, конустар.
|