жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.Базарбаева Салтанат Сериковна .КМҚК Өскемен қаласы әкімдігінің #6"Күншуақ"балабақша-бөбекжайы.Тәрбиеші
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім-бал тілім»
Білімділік мақсаты: Ана тілі туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: Ана тілінде анық сөйлеуге ,байланыстырып өз ойын дұрыс айтуға ,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Елін,жерін ,тілін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Астана қаласы суреті,ана мен бала суреті,дайын ою-кескіндер.
Сөздік қор: Бесік,ана әлдиі
Тілдің үштұғырлығы: Ана тілі-Родной язык-Nature languige
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар ,құтты болсын тілің бүгін ,
Ашатын жан сарайын білімдінің
Кешегі анаң айтқан ,бабаң айтқан
Тіліне зер салыңдар бұрынғының!
-Балалар бүгінгі күн жақсы болсын,аспанымыз ашық болсын,ауырмайық,деніміз сау болсын!Бақшамыз гүлдене берсін !-деп бір –бірімізге алақанымызды тигізіп жүрек жылуын сыйлайық.
Ұйымдастыру-іздестіру
-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болмақ.Бүгін бізде ерекше сабақ болмақ.Бүгін «Ана тілім-бал тілім» атты сабағымыз болмақ.Мына суретке қарайықшы .
Суретте Ана мен бала ,баласын жұбатып отыр.Ана бесік ,бейнеленген Ана тіліміз ананың ақ сүтінен әлдиленген бесік жыры құлағымызға сіңіп ,бойымызға дарыған екен.Әр халықтың өз ұлты ,өз тілі,салт-дәстүрі болады.
-Балалар біздің ұлтымыз кім?
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Біздің елбасшымыз кім?
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
-Қазақстан республикасының бас қаласы қай қала?
Балалар біздің ұлтымыз қазақ ,өзіміз қазақ тілінде сөйлегендіктен ,біздің ана тіліміз –қазақ тілі.
Сергіту сәті Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Кигіз үйді құрайық.
-Балалар сергіту сәтінде кигіз үй туралы ,кигіз үйге ою-өрнек керек .Енді дайын қағаздан ою –өрнекті жапсырамыз. Алдарыңдағы ақ қағазға оюды желім мен жапсырамыз.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілім-елім,
Қайсар ,қанат құсым
Ана тілім менің
Баста бақыт құсым.
Рефлексивті –түзетушілік
-Балалар ,жарайсыңдар!Біз кигіз үйімізге әдемі ою жапсырдық.
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
-Ана тілімізді қадірлеуіміз керек ,қазақша сөйлеуіміз керек.
Бекітемін ------------------------
Өскемен қаласы әкімдігінің № 6
«Күншуақ» бала-бақша бөбекжайы
Коммуналдық Мемлекеттік
Қазыналық Кәсіпорынның
Директоры:Т.И.Жаныбекова
Ашық сабақ
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: « Ана тілім –бал тілім»
Тәрбиешілер:
Рахимбаева.Б.Ә
Базарбаева.С.С
«Балдәурен» 2 с.т
Өскемен қаласы
2018-2019 оқу жылы
Эссе
Тақырыбы: « Мамандығым -тәрбиеші»
Тәрбиеші:
Базарбаева.С.С
Өскемен қаласы
2018-2019 оқу жылы
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші атты мамандықтың қаншалықты маңызды ,жауапкершілікті және салмақты екенін түсіну үшін уақыттан сәл озып,келер күнді көз алдымызға елестетіп көрейікші.
Қазақта «Тәрбие –тал бесіктен»деген сөз бар.Менің мамандығым топырақтан нәр алып,енді өсіп келе жатқан шыбыққа су құюмен тең.Оның ертең мәуелі бәйтерек болып,ел еңсесін көтеретін қыз-жігіттер шығатыны сөзсіз.Бүлдіршін кезде алған тәрбие –тасқа басылған таңбамен тең,сіңірген білімі –бүгінгі баланың ертеңгі дана болып қалыптасуы үшін қаланатын мызғымас іргетас емеспе?!
Сондықтан да мен үшін ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол-тәрбиеші.Тәрбиеші болу-айтуға оңай шаруа ғана болғанымен ,бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар ,осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.Көрнекті тұлға Ахмет.Байтұрсынұлы : «Балам дейтін ел болмаса,елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен.Балабақша тәрбиешілері қай кезкеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.Бұл жолда үлкен ізденіс ,парасат қажет.Ендеше,тәрбиешінің әр күні ізденіспен,ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу бізге артылған аса жоғары міндет.Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.
Олардың әрқайсысының еңбегң әрқашанда құрметке лайық деп білемін.Тәрбиеші!Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын.Өйткені,біз жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі –қазақ тілін сіңірудеміз.Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды ,дәстүр мен салтты,ұлтымызға тән ізгіліктерді ,жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай ,менің де осынау құрметті мамандықтың иесі атанғаныма екі жылдай болыпты,аз болсада қиындығы мен қызығы ,ауыртпалығы мен жауаупкершілігі қатар жүретін осы еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып,алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушінің бойынан жылт еткен жақсылықты,талап пен талантты тауып,бұлақтың көзін ашу ,биікке жетелеу,сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау.Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді.Өйткені,бұл-бала жанын тереңнен сезінетін ,өз ісін жан-жақты білетін,бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе алатын ,оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан келетін жұмыс.
Ұлы педагог Г.Песталоцци : «Егерде сүйе білмесең ,тәрбиелеуге құқығың жоқ»,-деген екен.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп,негіз болады.Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес,сондықтан оны еңбексүйгіштікке ,шыдамдылыққа ,ұқыптылыққа,дербестікке,белсенділікк, және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпындыруға тәрбиелеу қажет.Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай ,жоспарымызды осы бағытта құрамыз.Мен үшін күнделікті балабақшада балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап –күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген