жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:Бір-бірімізге көмектесеміз.
Мектеп№49 Мерзiмі 11.12.2019жыл № 14 сабақ
Тақырып: Бір-бірімізге көмектесеміз.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық,қайырымдылық
Мұғалiм: Султанова О
Cыныбы: 1 «Ә»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға көмек,көмектесу туралы түсінік беру,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру; -оқушыларды айналадағыларға жанашырлыққа үйрете отырып, қайырымдылық қасиеттерін дамыту; -оқушыларды ақпейілділікке, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық,дәптер, үнтаспа,ереже, дәйексөз,суреттер. |
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау. 5Т ережесін еске түсіру. 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5.
Татулық. Сегіту сәті. Айнаға
қараймын |
Сабақ барысын талқылау: |
2.Үй тапсырмасы Әңгімелесу «Көбелек жарақаттанбасын деп....» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу. Сұрақтар:
|
|
3. Дәйексөз « Бірлесе көтерген жүк жеңіл». Мақал - Бір істі бір адам жасаған жеңіл ме, әлде көп адам осылып жасаған жеңіл бола ма? Мысалы, үй жинағанда біреуіміз сыпырып, екіншіміз еден сүртіп, үшіншіміз жан сүртсек онай бола ма, немесе барлығын тек бір адам жасаған оңай ма? Сол үшін халық айтады екен бірлесе жасаған жұмыс жеңіл болады деп. |
|
4. Әңгімелеу Мұғалім сыйы: «Піл мен маймыл» ертегісі Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.
Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.
Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.
Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:
Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:
Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен. Сұрақтар: 1. Қиын жағдайға түскенде достарбір-біріне қандай әрекет жасайды? 2. Қиын сәтте достардың бір-біріне жасаған әрекетін сипаттап беріңіздер. 3. Достықтың қадірін кім арқылы білді? 4. Сіздер осындай ұқсас мысалдар білесіздер ме?Айтып беріңіздерші? 5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма. «Әрқашан көмекке әзірміз» Төмендегі суреттерде көмектің қай түрі (ой, сөз, іс) айтылғаннын тауып, әңгімелеп беріңдер. Дәптермен жұмыс 2-тапсырма.Суреттерді қарап,бояп, оларға қандай көмек керек екенін айт,көмектес. Жылап тұрған қыз,ренжіп отырған қыз бала,жаңбыр астында қалған ит 3 тапсырма ашық хат дайындау. 4-тапсырма суреттерді қарап,қамқорлық туралы әңгіме құрастырып айттыңдар. |
|
6.Ойын: «Біз де» Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады. Мұғалі ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады. Балалар айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де» деп айтып қалған бала, өнерін көрсетеді. Мұғалім: Мен әрқашан көмекке дайынмын. Оқушылар: Біз де Мұғалім: Мен көмек беруге асықпаймын. Оқушы: Біз де десе қателеседі. Мен көмектескен адамға рахмет айтамын.Мен көмектесе алмаймын. |
|
7. Топпен ән айту. Көмектесем бәріне Отын жарып беремін. Суды да алып келемін, Аялаймын анамды, Тиеді ылғи көмегім. Ең елгезек баламын Үлкен тілін аламын Өссем деген ойым бар, Таудай биік талабым. |
|
8.Үй тапсырмасы:15-сабақ «Автобуста» әңгімесін оқу.№3 тапсырманы аяқтау |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген