400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Болымды және болымсыз етістік.3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспарын құрастыруда қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

Жаңақала ЖОББМ







Пәні:

Қазақ тілі







Бөлім:

Атақты тұлғалар







Педагогтің аты-жөні:

Н.Жумасаликова







Күні:








Сынып: 3

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны







Сабақтың тақырыбы:

Болымды және болымсыз етістік

32-35 жаттығу







Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы əңгімелеу мəтінін,салыстыра сипаттау мəтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мəтінін құрап жазу







Сабақтың мақсаты

болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды ,өлеңнен негізгі ойды анықтайды ,сызба бойынша сипаттау мәтінін құрастырады







құндылық

Білім,өнер туралы білім қалыптастыру








Сабақтың барысы







Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар







Сабақтың басы

1 минут


I.Психологиялық дайындық

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Өлең шумағын мәнерлеп айтады


Жарайсыңдар!








5 минут








II. Үй тапсырмасы

Оқушылар жазып келген мысалдарын оқиды.

Өткенді пысықтау.

«Сұрақ-жауап»әдісі

1.Етістік дегеніміз не?(Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы) 2.Етістіктің сұрақтары?(Не істеді? Не қылды? Қайтты?)

3.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді ?(Дара және күрделі болып 2-ге бөлінеді)

4.Дара етістік дегеніміз не?

(Бір ғана сөзден тұратын етістікті дара етістік дейміз)

5.Қүрделі етістік дегеніміз не?(екі немесе үш сөзден тұртын етістікті күрделі етістік дейміз)

6.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?(Негізгі және туынды болып 2-ге бөлінеді)

7.Негізгі етістік дегеніміз не? (Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз)

8.Туынды етістік дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік деп атайды)

9.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(Болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді) 10.Болымсыз етістік қалай жасалады?(Болымды етістікке -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады)

-Жарайсыңдар, балалар,ал енді бүгінгі сабағымызда болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерімізді дамытып, олардың қызметтері туралы тереңірек біліп түсінеміз.


ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Талпын!













Сабақтың ортасы

10 минут



















10 мин



























1мин

















5мин






4 мин










4 мин

Оқушылар оқу мақсаты және бағалау критерийімен танысады

III. Жаңа сабақ.

Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс.

32- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Ғылым таппай мақтанба

Өлеңнің авторын ата. Ол туралы білетініңді айт.

Өлеңнің жалғасын айтып көр.

-Өлеңдегі негізгі ой не деп ойлайсың?

-Өлең неліктен «Ғылым таппай мақтанба» деп аталған?

Жазылым . «Анықта» әдісі

Өлеңді көшіріп жаз. Болымсыз етістіктердің астын сыз.


ЕБҚ оқушыға тапсырма :

Өлеңді көшіріп жазады


Топтық тапсырма «Құрастыр» әдісі

33-жаттығу.

1 топ. Сызба бойынша сипаттау мәтінін құрап жаз.Мысалы:

Жақсы адам болып қалыптасу үшін қатыгез, өтірікші, әдепсіз, тәртіпсіз болма, мейірімді, әдепті, шыншыл бол.

Өмірде мақсатыңа жету үшін қорқақ болма, өжет бол.

2 топ. Сызба бойынша өсиет өлең құрап жаз.Мысалы:

Қорқақ болма,өжет бол.

Өтірікші болма,шыншыл бол.

Қатыгез болма,мейірімді бол.

Әдепсіз болма,әдепті бол.

Тәртіпсіз болма,тәртіпті бол.

3 топ. Сызбадағы болымды,болымсыз етістікке сөйлем құрап жаз.Мысалы:

Асқар, әрқашанда шыншыл бол.

Айжан,тәртіпсіз болма.

Серік,әдепті ,тәртіпті бол.

Айша,өтірікші болма.

Сергіту сәті

Айналаңа күлімде,

Қабағыңды түйме.

Сабақта тыныш отырда

Амандасқанда отырма

Таңмен ерте жүгірде

Үзілісте жүгірме.

Оңға,солға иілде

Қолды көтер,түсірме.

Бір отырып,бір тұрып

Қолыңды қой беліңе.

Енді бұрыл көршіңе

Сәттілік тіле ісіне.

Қане енді тұрма

Тапсырмаңды орында.

Жұптық жұмыс.

«Досыммен бірге»әдісі.

Семантикалық картамен жұмыс. Берілген етістіктерді түрлеріне қарай жікте.

Жеке жұмыс. «Ежелгі хат» әдісі

Досым,өлеңдегі болымды,болымсыз етістіктерді тауып астын сыз.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме.

Бақталастық білдірме.

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 ақпан
332
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі