Ашық сабақ."Дастархан мәзірі түрлері. Дастархан мәзірін құру".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ."Дастархан мәзірі түрлері. Дастархан мәзірін құру".

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуліктік меню құруды үйрету. Таңғы, түскі, кешкі дастарханды жабдықтап үйрету. 1. Тәуліктік меню құруды үйрету 2. Дастархан мәзірін дайындауды үйрету. 3. Шығынын есептеп шығаруды үйрету. Оқыту нәтижесінде: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Меню құруды үйренеді, шығынды есептеп шығады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Дастархан мәзірі түрлері. Дастархан мәзірін құру.


Жалпы мақсаты: Тәуліктік меню құруды үйрету. Таңғы, түскі, кешкі дастарханды жабдықтап үйрету. 


Міндеттері: 
1. Тәуліктік меню құруды үйрету 
2. Дастархан мәзірін дайындауды үйрету. 
3. Шығынын есептеп шығаруды үйрету.


Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Меню құруды үйренеді, шығынды есептеп шығады.

Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау ( Уақыт шеңбері)
ІІ. Жаңа сабақ ( рольдік ойын ) алдын - ала тапсырма беру
ІІІ. І тапсырма ( Өз жұбыңды тап. (калория))

ІҮ. ІІ тапсырма ( тест)

Ү. Қорытынды

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу;
- Сынып тазалығын тексеру;
- Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау.


Бағалау:
Бағалау парақшасы таратылады.


Үй тапсырмасы: «Уақыт шеңбері»
1.Техникалық қауіпсіздік ережелері,санитарлық-гигиеналық талаптар мен еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

2.Ет тағамдарына гарнир ретінде қандай тағамдар пайдаланылады?.
3.Тұздықтың қандай түрлерін білесіңдер?. 4. Қызыл немесе ақ тұздықтарды дайындау технологиясы туралы айтып беріңдер. 5. Қонақ шақырғанда ең бірінші жасалатын қағида.


Жаңа сабақ: «Рольдік ойын»
Рольдік ойын үш топқа бөлінеді: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас.
Ресторан даяршы ас мәзірін құрастырып қорғап шығу.
Есепшісі кететін шығынды есептеу керек.
Бақылаушы бағалайды.



Сергіту сәті:
Өз жұбыңды тап. (калория)
Мұғалім жұп карточкаларын дайындайды: біреуінде – сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Таңертеңгілік ас: 600 - 700
Түскі ас: 900 - 1000
Кешкі ас: 600 - 700
Балалар 7 - 10 жас: 2380
Балалар 11 - 13жас: 2860
Жасөспірім ер балалар(14 - 17): 3160
Жасөспірім қызбалалар (14 - 17): 2760
Студент жастар жігіттер: 3300
Студент жастар қыздар: 2800
Спортсмендер ер адамдар: 4500 - 5000
Спортсмендер әйел адамдар: 3500 - 4000
Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар: 45000 - жоғары


Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.

таңертеңгілік ас;

түскі ас;

кешкі қонақтарды күту.

Тамақтану кезінде үстелде ас құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез – келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.

сызба бойынша қосымша 1.


1. Пышақ май жағуға арналған. 2.Тарелка – нан және май жағуға арналған.

3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған.

12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақ вино құюға арналған.


Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі. Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.

Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болады.

1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?

2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?


Қорытынды

Тест тапсырмалары.
1. Қой етін мүшелегенде нешеге бөлінеді?
а) 12 
ә) 13* 
б) 15
2. Кәрі жілік малдың қай мүшесінде орналасқан?
а) санда 
ә) қолда* 
б) қабырғада
3. Бүйрекке жақын алғашқы төрт қабырғасы етек етімен алынатын мүше?
а) қабырға 
ә) бұғана 
б) сүбе*
4. Асықты жілік, ортан жілік, жамбас малдың қай мүшесінде орналасқан?
а) қолда 
ә) санда* 
б) арқасында
5. Бөлшектеп туралған балық неше минут қуырылады?
а) 5 минут 
ә) 45 минут 
б) 15 минут*

6. Балық фаршынан не дайындауға болады?
а) паштет, котлет, тұшпара* 
ә) балық сорпасы. 
б) омлет
7. Ет құрамында қандай дәрумендер құрамы болады?
а) С тобы
ә) В тобы* 
б) Р тобы
8. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді?
а) Каллория* 
ә) Килограмм 
б) Грамм
9. С дәрумені қандай қышқыл деп аталады?
а) Аскорбин қышқылы* 
ә) Тұз қышқылы 
б) Сода
10. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді?
а) бөлке, нан.
ә) тандыр, қаусырма. 
б) пирожный, торт, печенье. *

Бағалау:
Білемін.Үйрендім. Білгім келеді.


Үйге тапсырма: Өз салмақтарына қарай дастархан мәзірін жасап келу.




















Тәуліктік азық түлік жиынтығы 

Нан 30 гр .Жарма 25 гр .Картоп265 гр .Көкөніс 450 гр. Жеміс-жидек 220гр.  Өсімдік майы 36 гр

Ет ,одан жас.Өнім 192гр. Қант 50-100гр .Қант 50-100гр. Жұмыртқа 3күнге 2дана. Бұршақ5 гр .Макарон 25 гр

 Ертеңгі ас Көкөніс гарнирімен бір кесек ет

Балық 50-100гр

Қаймақ қосылған ірімшік

Қуырылған

2 жұмыртқа

 Түскі ас 150 гр нан Басытқыға күнбағыс майы араласқан салат. Бірінші тағам -көже борщ, Екінші тағамға

көкөністі катопты гарнирлі ет .Үшіншіге 1 стакан шырын 1алма

 Кешкі ас салат Ірімшік салып пісірілген нан 50 гр нан. Шай н/е 1ст сүт

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі