Материалдар / Ашық сабақ.«Е дыбысы және әрпімен таныстыру».

Ашық сабақ.«Е дыбысы және әрпімен таныстыру».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Таныс әріптерден буындарды оқып айтуға, Е дыбысынан келетін сөзге дыбыстық талдау жасауға және Е әрпінің баспа түрін дәптерге жазуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ.

Тобы: МАД

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Е дыбысы және әрпімен таныстыру».
Мақсаты: Балаларға Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Таныс әріптерден буындарды оқып айтуға, Е дыбысынан келетін сөзге дыбыстық талдау жасауға және Е әрпінің баспа түрін дәптерге жазуға үйрету.
Балалардың білімге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер, суреттер, ДВД, диск, текшелер.
Әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, көрсету, түсіндіру, ойын, ребус шешу, тақпақтар, сергіту сәті, ассоциация әдісімен ойын, қорыту.
Салалық байланыс: Тіл дамыту, Айналамен таныстыру, Көркем әдебиет.
Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Өткен оқу іс - әрекетін еске түсіріп, тақырыппен диск арқылы таныстыру.
- Балалар біз бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбын теледидардан тыңдап көрейік.
- Мынау Е дыбысының әріп таңбасы, бас әрпі, ал мынау кіші әріп таңбасы. Е дыбысы дауысты дыбыс, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- «Е» дыбысының бас әрпімен қала аттарын, адам аттарын жазамыз. «е» дыбысының кіші әріп таңбасы сөздің ортасында аяғында да келеді.
- Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болсадағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Балалар бұл не екен? (Ешкі)

Ашылып жабылады,
Әр үйден табылады.
Бұл не екен? (Есік)


Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Еменде бар,
Қайыңда жоқ.
Есікте бар,

Тұтқада жоқ
Бұл қандай дыбыс екен?

Балалар қане «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап, Е дыбысынан келетін сөз ойлап табайық. (балалар бірнеше сөздер айтады).

«Е» дыбысынан басталып тұр.
Олай болса, бүгінгі өтетін әрпіміз, «Е» дыбысы мен әрпі. Енді «е» басталатын әрпінен сөз ойлайық.
Ойлаған сөздерге байланысты топқа бөлінеміз.Орындарымызға отырымыз.
1—топ: Ешкі: 2—т
оп Емен.

Балалар қане «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап, Е дыбысынан келетін сөз ойлап табайық. (балалар бірнеше сөздер айтады)
(Оқушылар сөздер ойлайды, айтады)
«Е» дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма? Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?
-Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. О дыбысы –жуан, Е дыбысы- жіңішке.

Балалар қазір біз «Етік» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
Е - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Ал таныс емес дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Енді әр топ өз жолақшасына солдан оңға қарай текшелерді қойып дыбыстық талдау жасап шығыңдар.
Енді тақтаға назар аударыңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
(тақтаға жеке балаларды шығарып жұмыс жасау)
Егін, ешкі, кесе, күрек, шелек.
Мен қазір сендерге Е әрпін тақтаға жазып көрсетемін, мұқият тыңдап көріп алыңдар. (тақтаға бірнеше балаға жаздыру)
Дәптермен жұмыс.

Балалар Е дыбысының жазылуына қарайық. Үлкен Е дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады, ал кіші е дыбысы 2 элементтен тұрады.

Ауада көрсету.

тақтаға жазып көрсету .

-Ал, балалар қолдарына қалам алып ауаға жазыңдар. Енді оқулығымызға Е әрпін жазыңдар!. 5 мин


Бой сергіту сәті.

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)


Топтық жұмыс:

1топ - жіптен Е әрпін жасайды.

2 топ - Е әрпін бояйды.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қорыту. Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқандары үшін балаларға гүл сыйлау арқылы көңілдерін көтеру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ