Тексерілді----------------
«Бөбек»
бөбекжай әдіскері.
«-----» --------
2017ж.
Ұйымдастырылған ашық
оқу-қызметінің
технологиялық
картасы
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Драма»
Тақырыбы: «Үйшік» (орыс халық
ертегісі)
Мақсаты: Сахналау арқылы үйшік
ертегісімен таныстыру,сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне
еніп,олардың мінез-құлқын келтіру,түрлі дауыс колдана білуді
жетілдіру,үйлесімді қимыл жасауға үйрету.Балалардың сөздік қорын,
сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, достыққа, татулыққа
тəрбиелеу.
Билингвальді
компонент: Бақа-лягушка- ,қоян-заяц-
,түлкі-лиса- ,қасқыр-волк-Әдіс-тәсілдері: жұмбақ,ойын,көрсету,түсіндіру,диалог, интерактивті тақтада
көрсету, топтастыру,ертегіні орамал театры арқылы
сахналау.
Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлерінің
суреттері,АҚТ.
|
Оқу
қызмет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
-Балалар,күннің шуағын
көргенде сендер не сезінесіндер?
-Ия,дұрыс айтасыңдар. Күн
бізге жылу,жарық береді.Қане,бізде күнге ұқсап шеңбер құрайық
та,бізге келіп отырған апайларымызбен амандасып
алайық.
Қайырлы
таң!
Доброе
утро!
Good
morning!
-Балалар орнымызға
отырайық.
Есік қағылып,қорапша
беріледі.
-Балалар, қараңдаршы, біреу
бізге әдемі қорапша тастап кетіпті
Ойын: «Сиқырлы
қорапша».
- Оның ішінде не бар
екен?
Жұмбақтар: 1.Сылдырдан
қорқады.
Шошынып жортады.
(Қоян)
2.Сұрғылт тартқан түсі
бар
Ақсиған көп тісі
бар.
Тыным таппай
ұлиды,
Қыстау маңын ториды.
(Қасқыр)
3.Бар даусымен
тақылдап,
Көлшік суды
мақтайды.
Тәулік бойы
бақылдап,
Мезгілімен жатпайды.
(Бақа)
-Дұрыс, балалар, жұмбақтың
шешімін дұрыс таптыңдар.
- Түлкі, бақа туралы қандай
ертегі білесіндер?
- Түлкінің,бақаның,қасқырдың
қимыл-əрекетін кім көрсете
алады?
|
Көңіліміз көтеріледі.Күнге
қуанамыз.Күн бізге жылу береді.
Апайлармен
амандасады.
Қайырлы
таң!
Доброе
утро!
Good
morning!
-Қоян
-Қасқыр
-Бақа
Өздері білетін ертегілерді
естеріне түсіреді.
Аңдардың жүрісін салып
көрсетеді.
|
|
Ұйымдастыру-
іздестіру
|
-Балалар,біз бұл жұмбақты жай
шешкен жоқпыз.Өйткені сендерге қазір мен «Үйшік» орыс халық
ертегісін оқып беремін.(Ертегіні интерактивный тақта арқылы
көрсету)
- Балалар, ертегі сендерге ұнады
ма?
Билингвальді
компонент:
тышқан - мышь, құрбақа - лягушка, қоян -
заяц, түлкі - лиса, аю -
медведь
Сергіту
сəті: «Бақалар»
Дидактикалық
ойын: «Суретті құрастыр».
- Жарайсыңдар, сендер тапсырманы
орындап, ертегі кейіпкерлерің
құрастырдыңдар.
- Балалар! Қойылымда ойнау
үшін
алдымен мəнерлі сөйлеуге
жаттығайық.
Тіл ұстарту
жаттығуы: Ян-ян-ян, Ұзын құлақ
қоян. Кі-кі-кі, Жылмыңдайды қу
түлкі. Ыр-ыр-ыр, Көкжал
қасқыр. Ю-ю-ю, Қорбаңдаған
аю. Ін-ін-ін, Ағашта жүр
тиін
Балалар енді «Үйшік»
ертегісін
сахналап көрсетеміз.
Қоржынынан театр баскиімдерін
алады.
|
Балалар ертегіні
тыңдайды.
Балалардың
жауабы.
Балалар
қайталайды.
- Балалар, бақамен бірге би
қимылдарын
жасайды.
Текшедегі
кейіпкерлердің
суреттеріне
қарап рөлдерге
бөлінеді
Балалар
қайталайды.
|
|
Рефлексивті
-
Түзетушілік
|
Қорыту:
- Балалар, ертегі сендерге ұнады
ма?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
- Аю қандай себеппен үйшікті бұзды?
- Достары оған не деді?
|
Балалардың
жауабы.
|
Күтілетін
нәтиже:
Жасайды: жан-жануарлардың дыбысын
салып, қимыл-əрекеттерін қайталайды;
Түсінеді: əр жануардың өзіне тəн
ерекшеліктерін;
Қолданады: өз ойын айта алады, өзгелердің
пікірін тыңдай біледі.