Тақырыбы: «Ерке
төлдер»
Ақтөбе
облысы
Әйтеке
би ауданы
Қарабұтақ
ауылы
«Балбұлақ»
МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул
Амановна
Тақырыбы: «Ерке
төлдер»
Кіріктірілген
білім беру салалары: «Коммуникация»,
«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: «Сөйлеуді
дамыту», «Сурет салу»
Мақсаты:
1.Білімділігі: жануарлардың
төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде
айтуды үйрету
2.Дамытушылығы: Сұрақ-жауап
арқылы балалардың ауыз екі сөулеу тілін
дамыту. Үй жануарларының дыбыстарын
ажырату, дыбыстарын балаларға дыбыстату.
3.Тәрбиелігі: Жануарларға
қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,
орындату
Көрнекілері
мен құралдар: үй
жануарларының төлдерімен суреттері.Көз
байлайтын орамал Билингвалдық
компонент: үй
жануарлары-домошние животные, түйе-верблюд,
бота-верблюжонок, жылқы-лошадь,
құлыншақ-жеребенок, қой-баран, ешкі-коза,
лақ-козленок, сиыр-корова, бұзау-теленок.
Баланы
тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру)
Шаттық
шеңбері:
«Жылы
сөздер» айту.
Балалар
шеңбер бойына тұрып, аналарының
еркелететін сөздерін айту
Балаларды
ізденушілікке ұйымдастыру
Мақалдардың
мағынасын түсіну.
Қарға
баласын «аппағым» дейді,
кірпі
баласын «жұмсағым» дейді.
-Балалар,
жануарлар да өз балдарын жақсы көріп
еміренеді.
Ал
адамдар балаларын «күнім», «алтыным»
деген сөздер айтады.
Үй
жануарлары туралы түсіндіру.
-Үй
жануарлары –қолға үйретілген жануарлардың
түрлері. Сондықтан оларды қолға үйретілген
жануарлар деп атайды. Олар: түйе,жылқы,сиыр,
қой,ешкі,есек, мысық, үй қояны, құстардан:
тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Д/О:
«Үй жануарларының төлдерін тап!»
Суретпен
тапсырманы орындау.
Жекеше-көпше
түрде айту.
Түйе-түйелер
Жылқы-жылқылар
Сиыр-сиырлар
Қой-қойлар
Сергіту
сәті.
Ал,балалар,келіңдер
Бой
жазайық бәріміз-
Мойнымызды
бұрамыз
Қолымызды
созамыз
Аяқтармен
топ-топ басып
Орнымызға
барамыз
Д/О:
«Не қалай дыбыстайды»
Үй
жануарларды дауысынан ажырату.
Сурет
салу. Тақырыбы: «Жануарлар»
Дайын
ойыншық қозының сұлбасына
аяқтарын,құлақтарын,ауызын жалғастырып
салу.
Мақалдың
мағынасын түсіну.
-Қарғаның
түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын
«аппағым» деп еркелетеді екен.
Ал
кірпінің үсті тікенек болса да баласын
«Жұмсағым» деп айтады екен.
Үй
жануарларын көпше түрде айту.
Сергіту
сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.
Ойын
арқылы үй жануарларының дауысын ажырату.
Балалар
шабыттана жалғастырады.
Рефлекция
(орындаған тапсырмалар негізінде
қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою
Балалар
біз бүгін қандай жануарлармен таныстық?
Олар
қалай дыбыстайды? Қане кім сала алады?
Балаларды мақтап,оларға жұлдызша беру.
Балалар
жарыса жауап береді
Күтілетін
нәтиже:
Нені
білу керек:
Төлдер туралы мағұлмат
Қандай
түсініктерді игерді:
жануарлардың дауысын салу;
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктерді қолдана
алады: жануарлардың
төлдерін ажырата білу.