жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ:Етістік
Күні: 20.02.2016
Сыныбы: 2
Пәні: Қазақ
тілі
Сабақтың
тақырыбы:
Етістік
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы
ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын
жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында
байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын
байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Грамматикалық және
орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта,
суреттер.
Әдіс -
тәсілдер: сұрақ -
жауап
Сабақтың жүру
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар бүгін қандай
мақсатпен келдіңдер?
- Жақсы білім аламын деп келдім.
- Жақсы баға аламын деп келдім.
- 5 аламын деп келдім .
- Жарайсындар балалар алға қойған мақсаттарың өте жақсы
екен!
Мақсаттарыңа жетіңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.(қалам әдісі арқылы сұрау )
– Балалар үй тапсырмасына қандай дайындықпен келгендеріңді білейік.
353-жаттығу.«Менің оқу құралдарым » тақырыбына әңгіме құрау.
Сұрақтарға дұрыс жауап беріп,
Алма талдағы алмаларды жинайық.
1. Сөз таптарына нелер жатады? (Зат есім, Етістік, сын есім, сан
есім)
2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер кім?
не?)
3. Зат есімнің неше түрі бар? (Жекеше кім? не? және көпше
түрі
кімдер? нелер?)
4. Жалқы есім дегеніміз не? (жалқы есім адам, жер –су, қала, үй
жануарларының аттарын айтады. Жалқы есімдегі сөздердің барлығы бас
әріппен жазылады.)
5. Жалпы есім дегеніміз не? (жалқы есімдерден басқа зат есімдерді
жалпы есім дегеніміз)
ІІІ. Жаңа
сабақ
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз.
Жаңа сабақ бастаймыз.
Оқытушы:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Оқытушы:
- Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен
байланысы бар ма? (қар, аяз, боран).
Оқушылар: Иә, бар.
Оқытушы:
- Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы.
Оқушылар:
- Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.
Оқытушы:
- Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады?
Неліктен? (оқушылардың жауаптары)
- Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады
сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
(оқушылардың жауаптары)
- Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс - әрекетін
білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар:
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не
қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Ал Етістік деген сөзді алғаш
қазақ тіліне енгізген – Ахмет Байтұрсынов ата «тіл құралы» деген
кітабында көрсеткен.
- Ал балалар етістік әлеміне саяхатқа шығайық. Бірінші аялдамамыз
«Ғажайып суреттер» аялдамасы. Суреттегі балаларға ат қойып не істеп
жатқандарын қысқаша айтып өтейік.
Қандай қимыл жасап жатыр? Ол
сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Арман ағаш жарды. Айнұр гүл
суарды. Айдана секірді. Әже ұршық иірді. Данияр домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
- Жарайсындар балалар келесі аялдамамыз « Жаттығулар
әлемі»
Дәптермен
жұмыс.
(Күннің жады, тақырыбын
жазу).
355–
жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін
тап.Етістіктердің астын сыз.
Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Аю) не істейді?
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын
шашады.(Күн)
- Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз
табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті?
деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
356 –
жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті
сөздерді қойып жазу.Тақтамен жұмыс.
Тоғайда түрлі аңдар болады.Терең шатқалға
қояндар жасырынады.Қызыл түлкілер
тоғайда жүреді.Тиіндер ағаштан
ағашқа секіреді.
Сергіту
сәті.
Тренинг: «Болады,болмайды»
Мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.
Нұсқау: Ал балалар солай болу мүмкін болса, онда қолдарыңды шапалақтайсыңдар,егер ондай мүмкін болмас аяқпен топылдатасыңдар.
Қасқыр орманда кезіп жүреді –(алақандарын шапалақтау);қасқыр ағаш басында отыр-(аяқтарын топылдатады); мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-(алақан соғады); ит аспанда жүзіп келеді-(аяқтарын топылдатады); қыз үйдің суретін салып отыр-(қолдарын шапалақтайды) ер бала қыздың көйлегін киеді-(аяқтарын топылдатады);
«Поэзия минуты» әдісі.
Оқушылар бірінен соң бірі 1 шумақ өлеңді жатқа айтады.
357 - жаттығу .Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды,жауды,тасыды,жүзді.
Торғай ұяға қонды.Жаңбыр
жауды.Өзен
тасыды.Балық
суда жүзді.
358-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен етістіктерді тауып,олардың етістік екенін дәлелде.Ауызша орындаймыз.
Көгершін,жасыл,жинады,айтты,алыс,сөйлесті,ертең,байлады.
Сөзжұмбақ шешу.
1)Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың.(мектеп)
2)Аузы жоқ тілі бар.(сағат)
3)Біз мектепке не үшін келеміз?(білім алуға)
4)Жыл мезгілі(қыс)
5)Денесі ағаш,басы темір(балта)
6)Үндемес серік,
Ақылы
берік(кітап)
7)Қазақ қыздарының ұзатылғанда
киетін бас киімі?(сәукеле)
Қосымша тапсырма.Сәйкестендіру.
Түйе........... Мысық......... Қой........ Балалар.....
.....Қар...........
Қорытынды:
- Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
Үйге
тапсырма: 359-жаттығу.«Білім керек
бәріне» тақырыбына әңгіме құра.
Бағалау.Жинаған алмаларын санау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген