Ашық сабақ"Ғажайып математика еліне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ"Ғажайып математика еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Cандарды тура, кері санау.Тәулік мезгілдері жайлы апта күндері жайлы ұғымдарын пысықтау, ұсақ қол маторикасын ,тыныс алу жаттығуын орындау. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімдік саласы: ҚМҰҚ , Коммуникация.
Тақырыбы: Ғажайып математика еліне саяхат.
Мақсаты:  Cандарды тура, кері санау.Тәулік мезгілдері жайлы апта күндері жайлы ұғымдарын пысықтау, ұсақ қол маторикасын ,тыныс алу жаттығуын орындау. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар:гүлдер, сандар, суреттер, тынысалу жаттығуларына арналған заттар, үлестірмелі құралдар, кірқыстырғыштар,лулии шеңбері.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, қайталау, сұрақ - жауап.

Билингвалды компонент: Тәулік- сутки-day (дэй)

Шаттық шеңбері: 
Жарбырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.

Қазір қандай мезгіл?

Қыс мезгілнің қандай айы?

Бір аптпда неше күн бар?

Балалар бір тәулікте неше мезгіл бар?

Жұмбақ жасыру.

Ұйқымыздан оянамыз

Беті-қолды жуамыз

Анамызға ереміз,балабақшаға келеміз.

(Таңертең)

Серуеннен қайтамыз

Тамақ ішіп аламыз

Біз тәртіпті баламыз

Тәтті ұйқыға батамыз.

(Түс)

Ұйқымыздан тұрамыз

Жеңіл тамақ ішеміз

Серуенге шығамыз

Асыр салып ойнаймыз.

(Бесін)

Серуенде жүреміз

Ән айтамыз, күлеміз

«Апай сау бол» деп

Үйге қарай кетеміз.

(Кеш)

Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы

Ертегіні тыңдап алып

Тәтті ұйқыға батамыз.

(Түн)





Күтпеген сәт: Спанч боб келеді балалармен амандасады(көніл-күйі болмайды).

-Балалар, менің досым Патрикті зұлым сиқыршы тығып қойды.Патрик хат тастап кетті егер сендер теңіз астындағы теңіз жұлдызшаның тапсырмасын орындасаңдар зұлым сиқыршы мені босатамын дейді.

-Спанч боб: балалар, тапсырманы орындайсыңдар ма? Сендерге сәттілік тілеймін! деп қоштасып кетеді.

-Балалар, сүңгуір қайыққа отырып су асты әлеміне жүзіп барайық.

-Балалар, қане қолымызды дүрбі ұстап көріп, не көріп тұрғандарыңды айтып беріңдерші?

Балалардың жауаптары ( теңіз атын, сегіз аяқты, балықтарды т.б).

-Балалар, теңіз жұлдызшасы барма? Балалардың жауаптары.

-Тәрбиеші:Балар, мен таптым, мұнда қараңдар міне осында келіңдер сүңгуір қайықтан шығыңдар.Балалар дайынсыңдар ма тапсырмаларды орындауға.

1- Ойын тапсырма «Қанша нүкте болса, сол санға тәуелді саныды ал».

Ойын шарты:барлық балалар карточкалаларын алып шеңберге тұрады, музыка ойналады, балалар гүл алаңын айнала жүгіреді де музыка тоқталғанда әр балада қанша нүкте саны болса сол цифырды алады мысалы( бес нүкте болса, бес цифырын алады т.б).

2-Ойын тапсырма :Бір қатарға рет-ретімен тұра қалады(1ден-10 ға дейін) тура, кері санайды.

Ал енді балалар,гүлдеріңді гүлдер алаңына апарып қойып, қолдарыңда қандай сан болса сол үстелдің үстінде тұрған бар санға отырыңдар.

2 топқа бөлінеді

1ші- топ

3- ойын

а)«Көңілді шеңбер» Ойын шарты: Лулии шеңбері арқылы заттарды цифрмен сәйкестендіреді.

ә) «Ақылды кірқыстырғыш» Ойын шарты:Суреттегі заттарды санап, кірқыс тырғыштағы санды тауып алып, сол суретке қою.

2 ші-топқа

4-ші тапсырма ойын тапсырма: «Қиық суреттер »

Ойын шарты:Балалар балықтың немесе басқа теңіз жануарларының суреттерін жинап құрастырады. Сұрақ-жауап. Әр топқа барып тасырмаларын қадағалау, көмек беру, қорытындылау.

Қысқа қоңырау соғылады (тапсырмаларын жинақтайды)

Ұзақ қоңырау (тәрбиешінің қасына келеді).

Тыныс алу жаттығуы «Қолғап»

Ойын шарты:Қолғапта қаршалар және киндер сюрприздің сауытты, балалар үрлейді қайсысы жеңіл қайсысы ауыр екенін ажыратады.

2 топ ауысады сол тапсырмаларды орындайды.

-Балалар, біз бүгін теңіз жұлдызшаның тапсырмаларын орындадық зұлым сиқыршы Патрикті босататын шығар, енді соңғы 5-ші тапсырма қалды.



5- тапсырма қорытынды ойын тапсырма :«Көңілді доп»

-Балалар бүгін біз не істедік?

-Қандай тапсырмаларды орындадық? т.б

-Балалар, сабақта қай баланың жауаптары сендерге ұнады?

Патрик келеді амандасады, рахметін айтып, сыйлықтарын беріп, кетеді.

Ал,енді балалр сүңгуір қайығызға отырып балабақшамызға барайық.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2018
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі