Білім
саласы;
Таным – Шығармашылық.
Бөлімі:
ҚМҰҚ –
Сурет.
Тақырыбы.
«Ғажайып
математика »
Мақсаты:
Жалпы
математикалық
ұғымды қайталау арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:
5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.
Сандарды
тура және кері санау үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық
қабілеттерін дамыту
, сурет салуын қарындашпен дұрыс
бояуларын үйрету.
Тәрбиелік:
геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын
тиянақтап, түстерді ажыратуға, сыйластықты
қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс
тәсілі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті,
« Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны,
жұмбақтар.
Құрал
жабдық: суреттер,
кілем, шар, геометриялық пішіндер,
үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі
материалдар пайдаланылады
Шаттық шеңбер.
-
Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің
қолымыздан ұстап шеңбер құрайық күн
жасайық
Амансың
ба алтын күн!
Амансың
ба көк аспан!
Амансың ба құстарым!
Амансың
ба жер ана!
Амансыңба
достарым!
Сендері
көріп қуанам!
Құшақтасады.
-
Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз
жақсы болсын, орнымызға отырып
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі.
-
Балалар, мен сендерге құр қол келген
жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
-
Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт
мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем,
күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол
төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың
түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай
мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер
қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл
түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
-
Себебі күзде ағаштардың жапырақтары
сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары
кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды
көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі
сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер
беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар
бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл
шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл
мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта
гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
-
Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы
шардың ішінде не бар екенін білгілерің
келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір
бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге
тапсырмалар берілген, осы тапсырманы
дұрыс орындасаңдар, мына геометриялық
пішіндерден кілемше жасаймыз
1
- тапсырма.
1
- ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Екі
тілде санау.
2
- тапсырма.
Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін
табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке
дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3
- тапсырма.
Логикалық есептер
- Дүкеннен анам 3
допты алып келді, оның біреуін ініме ,
1 еуін қарындасыма бердім. менде неше
доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ
бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау
ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ
бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып
кетті, ағашта қанша құс қалды?
Сергіту
сәті: Тікірейіп
құлағы,
менен
бұрын тұрады.
Бойы
жазып керіліп,
беті
қолын жуады.
Жүгіреді,
секіреді,орнына отырады.
Мынау
түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы.
Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш,
дөңгелек.
Түстерін ажыратып
алайық
Балалар, геометриялық пішіндерді
, түстерді ажырата білсек.
Ал осы
кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған
енді сол пішіндерді қарындаштармен
бояймыз да кілемшеге (үшбұрыш, төрбұрыш,
дөңгелек) , енді кілемшемізге қарап
геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы,
балалар, қандай әдемі кілемшелер
жасадыңдар.
Қорытынды.