400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ."Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеуді қайталау" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды Қазақстан ұстаздарыны әдістемелік көмек ретінде пайдалануына ұсынылады. Сабақ барысында оқушыларға геометриялық фигуралардың ауданын өлшеуді әр - түрлі әдіс тәсілдермен толық меңгеруге үйретеді. Сондай -ақ, оқушылардың ойлау, жылдамдық қабілеттерін дамытады.Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезіне білуге,алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге, білімпаздыққа, талаптануға, терең ойлауға дағдыланады.Математика пәніне деген қызығушылығы артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп- гимназия




Ашық сабақ

Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеу. Қайталау








Бастауыш сынып мұғалімі: Қапек Дана Қанатқызы







Күні: 06.12.17

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеу. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеуді қайталау, алған білімдерін тиянақтау. Есеп шығару, амалдарды орындау дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ынтасын дамыту.Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, қиялын ұштау,пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезіне білуге,алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге, білімпаздыққа, талаптануға, терең ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, үлестірме қағаздар, суреттер

Түрі: қайталау сабақ

Әдісі: сарамандық жұмыс, СТО әдістері:түсіндіру, шығармашылық, өзіндік, топтық-ұжымдық,топтастыру, ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық дайындық. Шаттық шеңбері

«Жүректен жүрекке» (тілек жаудыру сәті)

Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Осы сабақта білімімізді көрсету үшін барлығымызға сәттілік тілейміз!

Топқа бөлу және орналасу. (Кәмпит түстері арқылы топтарға бөлу)

ІІ.Өткен сабақты пысықтау: «Мозайка» құрастыру ойыны

Әр топқа гемометриялық фигуралардың қиындылары беріледі. Әр қиындыда сұрақтар мен тапсырмалар бар. Соларды шешу арқылы, фигуралар құрастырып шығуы керек

1 топ (үшбұрыш)

1. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

2. Үшбұрыштың ауданын қалай өлшейміз?

3. Палетка деген не?

1 топ (тік төрбұрыш)

  1. Жазықтықтағы және кеңістіктегі фигураларды ата

  2. Тік төртбұрыштың ауданын және периметрін қалай табамыз?

  3. Тік төртбұрыштың ауданын және периметрін қалай табамыз? (формуласын жаз)

1 топ (шаршы)

  1. Шаршы деген не?

  2. Көпбұрыштың дөңгелектен айырмашылығы неде?

  3. Квадрат сантиметр дегеніміз не?

  • Балалар енді топтардың қалай жауап бергендігі туралы баға берейік.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

  • Балалар, біз осы күнге дейін геометриялық фигуралармен таныстық. Шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш, шеңбер. Бұл фигуралардың барлығы жазықтықтағы фигуралар болып табылады. Ал, цилиндр, текше, конус сияқты фигуралар кеңістіктегі фигуралар болып саналады. Себебі, оның сыйымдылығын есептейміз.

  • Палетка – шаршылармен бөлінген мөлдір пластина. Палеткамен өлшенген фигураның ауданыквадрат сантиметрмен есептеледі.

  • Енді, топтарға бөлінген топбасшылар бағалау парақшаларымен оқушарды мұқият қарап, бағалап отырасыңдар.

  • Ендеше 1 тапсырманы орындайық

1 топ

Кез келген тік төртбұрыш сыз да, оның ауданын, әр түрлі тәсілмен есептеп тап. Сол тәсілдерді салыстыр.

2 топ

Кез келген шаршы сыз да, оның ауданын әр түрлі тәсілмен тауып көр. Сол тәсілдерді салыстыр. Не байқадың?

3 топ

Ұзындығы 5 см, ені 4 см тіктөртбұрыштың енін және ауданын тап. Оның периметрі мен ауданын табу тәсілдерін салыстыр.

Топтарды бағалау





2 тапсырма. Математикалық эстафета ( әр топқа берілген тапсырмаларды бір бірден шығып, жарысады)

1 топ 2 топ 3 топ

200*3=600 200*4=800 200*5=1000

24:3=8 24:4=6 24:6=4

25:5=5 35:7=5 36:6=6

720:9=80 560:7=80 560:7=80

320:8=40 20*5=100 30*5=150

640:8=80 810:9=90 540:6=90

21:3-28:7+8*3+4*5=47 35:5*2+16:8*4=22 7*6+40:5:2*7-19=51

32:8*6:3+6*8-17=39 30:5*3:2:3=3 5*8-4*7+13-12=13

«Қоянға көмектесейік» ойыны (логикалық есептер)

1.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

Сергіту сәті. Тақтадағы бейнежазба бойынша әр – түрлі іс –әрекеттерді қайлалап, денені шынықтыру.

4 тапсырма

Суреттерді пайдаланып, әр топ өзінше бір есеп құрастырып келу

5 тапсырма (дәптермен жұмыс)

ІҮҚорытынды

Тест жұмысы

Ү. Үйге тапсырма: № 3. 103 бет.

ҮІ. Бағалау (Бағалау парақшалары арқылы бағалау)

Рефлексия (бағдаршам әдісі)

-Қызыл шам «Менің көп қатем болды, маған сабақ қиын болды»

- Сары шам «Менің қатем болды , бірақ мен сабақты түсіндім»

-Жасыл шам «Менің сабаққа көңілім толды, мен сабақты өте жақсы жауап бердім»










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі