Материалдар / Ашық сабақ.Информатика сабағындағы Microsoft PowerPoint әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Информатика сабағындағы Microsoft PowerPoint әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
.информатика пәніне байланысты, соның ішінде Microsoft PowerPoint бағдарламасынан оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау; 2. оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; 3. оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гиназиясы























Информатика сабағындағы

Microsoft PowerPoint әлеміне саяхат







Информатика пән мұғалімі: Сәпін Жазира













Алматы 2022ж

Информатика пән мұғалімі: Сәпін Жазира

Тақырыбы: «Информатика сабағындағы Microsoft PowerPoint әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1.информатика пәніне байланысты, соның ішінде Microsoft PowerPoint бағдарламасынан оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2. оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар, компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, сұрақтар, суреттер.

Қатысатындар: 4Б, В сынып оқушылары

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, әділ - қазылар алқасы. «Информатика сабағындағы Microsoft PowerPoint әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 4 «Б», 4 «В» сынып оқушыларын топқа бөлініп сайысқа түсуін тамашалайсыздар! Ұшаққа ыңғайланып отырып алсаныздар, ұшақ ұшуға дайын. Ал оқушылар ұшақта өздерінізбен бірге тек осы күнге дейінгі жинаған білімдерінізді ғана алып ұша аласыздар!

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға дей келе. Оқушылар топтарының аттарын 3 түрлі (көк, қызыл, сары түсті) телефонды тандау арқылы,таңдаған телефонның ішіндегі «Инстаграм», «Ватсап», «Телеграм» әлеуметтік желі атауларына байланысты топтарының аттары болады. Топ басшысын тағайындайды.

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден»

ІІ кезең.  Компьютер менің досым

ІІІ кезең.  “Кім жылдам?”

ІV кезең. «Шешімін тап»

V кезең. “Сиқырлы пернелер”аралы

VІ кезең. «Мен білемін»

VІІ кезең. «Қиялыңа ерік бер»

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. дегендей 

І кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден» барлық топқа 15 сұрақ оқылады. Дұрыс жауап берген топтарға 1 ұпай (1смайликтен) беріледі.

  1. Презентация қай тілден аударылған? (Латын тілінен)

  2. Презентация дегеніміз не? (Тапсырылым, баяндама,дайын ақпараттармен бөлісетін слайд жасауға арналған)

  3. Анимация дегеніміз не? (Қозғалыстағы нысанды бейнелеу)

  4. Анимация әсерін кез келген нысанға қолдануға болады ма? (Болады)

  5. Халықаралық анимация күні (28 қазан)

  6. Аудиофайлдарды жазу және тындау үшін компьютерде қандай құрылғылар болу қажет? (Микрафон,колонка)

  7. Презентацияға анимация жасаудың неше түрі бар? (4 түрі бар)

  8. Презентациядағы анимация жасау түрлерін ата (1.Кіру әсерлері, 2.Ерекшелеу 3.Шығу әсерлері, 4.Қозғалыс жолы)

  9. Слайдта қандай нысандар орналастыруға болады? (Фон, мәтін, кесте, сурет, видое, диаграммалар)

  10. Браузер дегеніміз не? (Интернеттегі веб парақшаларды іздеуге арналған )

  11. Презентацияны қандай программада жасаймыз? (Microsoft PowerPoint)

  12. Ерекшелеу әсерлері дегеніміз не? (Кеміту ұлғайту, түсін өзгерту, ортасында айналдыру)

  13. Қозғалыс жолы әсері дегеніміз? (Жоғары, төмен жылжыту, жұлдызды шеңбер жасау)

  14. Презентацияны экранға шығарып көрсету үшін пернетақтадан қай батырманы басамыз? (F5)

  15. Youtube-тағы видеолардың барлығын көруге неше уақыт кетеді? (1000 жылдан астам уақыт)

ІІ кезең.  “Компьютер менің досым Әр топтың топ басшысына компьютерде отырып «Біздің сынып» атты тақырыпқа Microsoft PowerPoint бағдарламасында 3 беттік презентация құру қажет. Презентацияда анимация, дизайн, макет қолданылу қажет. Дұрыс, бірінші аяқтаған топ басшыға 5 ұпай.

ІIІ кезең. «Кім жылдам?» Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және әлеуметтік желілерге қатысты атауларын табар екен? Әр сөзге 1 ұпай,

С Г М А Н А И Р

А С В А Т П

А Р Е Г Т Е Л М

К Т К - О И Т

Л Й О Н А Н Е П Т М К Е

І Л Д Е К Н Ү К

Ф П Л Қ Р И Ц Ы А Т К С У А Т Л Ы

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (ИНСТАГРАМ, ВАТСАП, ТЕЛЕГРАМ, ТИК-ТОК, ОНЛАЙН МЕКТЕП, КҮНДЕЛІК, ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ)

VI -кезең. Шешімін тап!!!  Жұмбақтардың шешімі түрлі-түсті шарларда жасырылған, жұмбақтың шешімін тапқан жағдайда шарлау ұшып кетеді.. Бағалануы әр жұмбаққа – 1ұпай.

1) Батырманы басасың,

     Қажетіңді ашасың. («Еnter» батырмасы)

2)    Төртбұрышты әйнек,

     Тұнып тұрған  әлек. (монитор)

3) Компьютермен енеді,

     Қағазға басып береді. (Принтер)

4)    Компьютеріңз  ауырса,

       Қызметі  дайын  үнемі

       Кірген  зиян  залады,

       Күмәнсыз  ол  кетірер. ( антивирус) 

 5) Ақпаратты сақтап таратқан,

    Жұртты өзіне қаратқан (Тасымалдаушы дискілер)

6)Әуез сазды  беретін,

   Ол да  керек  құрылғы,

   Дыбыс  шықса  тосыннан,

   Бәрің соған  бұрылдың. ( колонка)

 7)Бар нәрсеге жетік

  Миы күшті тетік

  Ол арқылы сөйлесіп

  Кетесің шетелге де өтіп.  ( компьютер)

 8)Әдетте үнсіз тұрамын

    Белгі берсең ұғамын

             Жазуы бар қағаздың

             Құралы боп шығамын  ( принтер)

V кезең«Сиқырлы пернелер»аралы
Enter – енгізу
Shift – үлкен әріпті жазу
Baskspaсe – сол жақтағы символды өшіреді
Alt+F4 – Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады
End – соңы
Tab – келесі жолға өту
Esc – болдырмау
Delete – оң жақтағы символды өшіреді.
Caps Lock – түгел бас әріпті жазу
Home – жол басына жылжыту



VІ кезең. «Мен білемін» 3 топқа бағдарламалармен, желілерді сәйкестендіру тапсырмалары беріледі. Жылдам, дұрыс орындаған топқа 6 ұпай.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма Мәреге таяп қалды бұл жарыста - деп

VII - кезең: «Қиялыңа ерік бер» деп аталады. Бұл кезеңде топтар өз арманындағы «Болашақтың компьютері,болашақ заман» тақырыбына постер жасап суретін салады. Әр топ шығып постерларын қорғайды. 2 ұпай.

Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған топты анықтау











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!